8 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     10 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Дәрет - Ғұсыл / Өрілген шашты ағыту (шешу) керек пе?

Өрілген шашты ағыту (шешу) керек пе?

Сұрақ: Әйелдердің өрілген шашын дәрет пен ғұсылда ағытуы (шешуі) қажет пе? Малики немесе Шафии мазһабтарының бірін тақлид еткендердің жағдайында айырмашылық бар ма?

ЖАУАП:

Ханафи мазһабында мынадай болады:

Дәретте – өрілген шашты ағытпастан шаштарына мәсіһ тартуына болады. Ұзын шаштарды мәсіһ етпейді.

Ғұсылда – шаштары өрілген әйелдердің тек шаштың түбін сулауы парыз. Өрілген шаштын түбін суландыра алса, өрілген шашты жуу қажет емес. Шаштың түбі суланбаса, өрілген шашты ағыту керек. Ал өрілмеген шаштың барлық жағын, яғни толығымен жуу парыз. (Рәддул мухтар)

 

Малики мазһабында мынадай:

Дәретте – өрілген шаштар ағытылмайды. Ал ұзын шаш мәсіһ етіледі.

Ғұсылда –шаштың түбі суланбаса, өрілген шашты ағыту керек. Өрілмеген шашты толығымен жуу парыз. Егер тығыз өрілген шаштың түбіне су өтпесе, ағытылып, барлық жағын тарамдау парыз. (Әл муқаддамәт-ул-иззийа)

 

Шафии мазһабында мынадай:

Дәретте – өрілген шашты ағытпастан мәсіһ етіледі.

Ғұсылда – өрілген шашты ағытып, арасын сулау парыз. (Ислам Ахлақы)

 

Ханбели мазһабында мынадай:

Дәретте – өрілген шашты ағыту қажет емес.

Ғұсылда – өрілген шашты ағыту жүніптікке қарай – сүннет, хайз себебімен – парыз. (Мәзаһиб-и әрбәа)