4 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     6 - Қараша, 2024 жыл.   


АЛЛАҺ РАЗЫЛЫҒЫ

91 – Әй, ұлым! Егер Аллаһу та’аланың разылығына қол жеткізуді қаласаң, осымен амал ет! Аллаһу та’ала Мұса алейһиссаламға былай деді: «Ей, Мұса! Мен үшін қандай амал істедің?» Мұса алейһиссалам: «Йа, Раббым, сен үшін намаз оқыдым, ораза ұстадым, тәсбих айттым, садақа бердім» - деді. Сонда Хақ та’ала: «Бұлардың бәрі өзің үшін. Намаз оқысаң жәннатты беремін. Ораза ұстасаң, саған қабірде және сыратта нұр болады. Тәсбих айтсаң, жәннатта сен үшін ағаш егіледі. Садақа берсең, саған келетін қаза мен бәле-жаладан аулақ боласың. Ей, Мұса, мен үшін қандай амал жасадың?» - дейді.Мұса алейһиссалам: «Йа, Раббым, сен үшін қандай амал жасауым керек?» - деп сұрады. Аллаһу та’ала: «Мен үшін жасалатын амал – досымды дос және дұшпанымды дұшпан деп біл» - деді. Аллаһу та’алаға ең сүйікті болған ғибадат – мұсылмандарды жақсы көру, кәпірлерге дұшпан болу. Бұған «Хуббы филлаһ және буғди филлаһ» дейді.

92 – Әлемдердің сұлтаны – пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) былай дейді: «Бір кісі бір күнә істегісі келсе, содан соң Аллаһу та’аладан қорқып, ол күнәні тәрк етсе, Аллаһу та’ала ол құлға екі жәннатты береді.» Бұл күнәлар – харам жеу, пайыз жеу, [әйелі мен қызын ашық-шашық жүргізу, кинотеатр мен теледидарда мұсылмандықты мазақ қылатын, ахлақты бұзатын ойындарды көру], харамға қарау, зина, лиуата, ішкілік ішу, адам өлтіру, Аллаһу та’алаға серік қосу сияқты күнәлар... Бұлардың бәрі үлкен күнәларға жатады.

93 – Адамның саид (жәннаттық) екендігінің белгісі мынадай: Аллаһу та’аланың қаза мен тағдырына разы болады. Ал шақи (жаман адам) болудың белгісі мынадай: Қаза мен тағдырға разы болмай, бір қиыншылық келген кезде айқайға салып қайғырады, көп жылайды, шағымданады.

94 – Аллаһу та’аланың алдында бағынушы болуды қаласаң, әр ісіңде "иншаллаһ" (Құдай қаласа) деп айт!Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) былай деді: «Адамдарға бұдан басқа құндырақ болатын бағынушылық жоқ.»

Бір кісімен бір нәрсені келіскен кезде иншаллаһ деп, кейіннен сол істі жасай алмаған болсаң, өтірікші болмаған боласың.

95 – Үш жерде көңіліңді дайын ұста, сонда оған рахмет есігі ашылады:

1) Құран кәрім оқылғанда,

2) Аллаһу та’аланың есімін айтқанда,

3) Намаз оқығанда.

Ариф (тасаууфта жетілген адам) болған кісінің белгісі: Үндемеуі пікір, қарағаны ғибрат және тілегені жақсылық болады.

96 – Шәйх Зуннун Мысри (рахметуллаһи та’ала алейһ) [245 жылы Мысырда қайтыс болды] былай дейді: "Қарны тамаққа толы адамның көңілінде хикмет болмайды. Күнәдан сақтанған адам қандай бақытты! Бұл нәрсе де денені шамадан тыс азықтандырмау арқылы іске асады. Аллаһу та’аланы зікір ету адамды Аллаһу та’алаға жақындатады".

Аллаһу та’аладан қорықпаудың белгілері мыналар:

1) Ниеттің әлсіздігі.

2) Тәкаппар болу.

3) Өлімді жақын деп ойламау, ұзақ өмір сүремін деп ойлап адасу.

4) Аллаһу та’аланың разылығын тәрк етіп, халықтың қалағандарын жасау.

5)  Сүннетті тастап, бидғат істеу.

6) Өз күнәсын кішісіну, азсыну. Бойында осы алты қасиет болмаған адам қандай бақытты.