7 - Рабиул-ахир, 1446 жыл.
     10 - Қазан, 2024 жыл.   


Қара киіну

Сұрақ: Умму Сәләмә анамыз: «Орану аяты түскен кезде Ансар әйелдері бастарындағы қара орамалдың себебінен бастарына қарға қонғандай көрінетін еді» деген. Бұл жерден "Әйелдердің қара киінуі парыз екен" деген мағына шықпайды ма?

Жауап: Ондай мағына мүлдем шығарылмайды.Бұл жерде тек орамалдарының қара болғаны білдірілуде. Басқаларындағы орамалдар ақ немесе жасыл болғанда еді, ақ немесе жасыл кию парыз болмас еді. Пайғамбарымыз әр түрлі түстерде киім киген. Киген киімдерін кию парыз болмайды.

Дыхие Кәлби (радиаллаһу анһ) айтып берген: Расулуллаһқа (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) ақ мата келген еді. Маған бір бөлшегін беріп, «Мұны екіге бөл, бір бөлшегінен өзіңе көйлек қыл, қалғанын жұбайыңа бер, өзіне орамал (жамылғы) жасасын!» деді. (Әбу Дауд)

Бұл хадис шәриф бойынша, әйелдердің және еркектердің ақ киюіне парыз делінбейді. Өйткені «Дүрәр-ул мүлтәкита» кітабында былай делінеді:

Әйелдерге денесінің пішімдері, қопал әурет жерлерінің кейіпі мен түсі белгілі болмайтындай кез келген киіммен орануы парыз болып табылады. Дініміз орануды бұйырды, бірақ оранудың нақты кейіпін, белгілі бір түсін білдірмеді.

Әйелдердің де, еркектердің де кез келген түсте киім киюі жаиз болса да, еркектердің қызыл, сары киім киюі тәнзиһән мәкрух болады. Жасыл кию сүннет. Ақ және қара кию мүстаһаб. Расулуллаһтың антарисы, көйлегі ақ мақта матасынан жасалған еді. Меккені жаулап алған күні мүбәрәк бас киімі мен пальтосы қара түсті еді. (Ибн Абидин)