12 - Рабиул-ахир, 1446 жыл.
     15 - Қазан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Неке және отбасы / Атеисттің жаласы

Атеисттің жаласы

Сұрақ: Бір атеист «Әйелдерді ұру керектігін білдіретін хадистер бар» деп, мұсылмандыққа сын айтуда. Бұл өтірік емес пе?

Жауап: Әрине өтірік. Атеист Аллаһқа сенбегендіктен және Одан қорқпағандықтан, әр түрлі өтірікті қысылмай айта береді. Өйткені оның ойында күнә деген түсінік жоқ. Өзіне ешқандай материалдық зиян келмегенше өтірік таратудан тартынбайды.

Дінімізде жақсы мұсылман болу үшін жұбайымен жақсы қарым-қатынаста болу шарт. Құран кәрімде: «Оларға жақсы, жылы мәміле таныт!» – делінеді. (Ниса 13)

Хадис шәрифтерде де былай делінген:

«Мұсылман адам жұбайының жаман мінезіне ашуланбасын! Оның жақсы мінезі де болады.» (Мүслим)

«Әйел – әлсіз жаратылыс. Әлсіздіктерін үндемеумен жеңіңдер! Үйдегі кемшіліктерін байқамаңдар!» (Ибн Лал)

«Мұсылмандардың иман тұрғысынан ең үстемі – мінезі ең жақсы болғаны, әйеліне ең жақсы, ең мейірімді түрде қараған адам.» (Тирмизи)

«Мұсылмандардың ең жақсысы, ең пайдалысы – әйеліне ең жақсы, ең пайдалы болғаны. Сендердің араларыңда әйелінің алдында ең жақсы, ең қайырлы, ең пайдалы болған менмін.» (Нәсаи)

«Әйелін ұрған адамның қияметте дұшпаны мен боламын. Әйелін ұрған адам Аллаһ және Расулына дұшпан болады.» (Р.Насиһин)

«Әйелдеріңді ренжітпеңдер! Олар Аллаһу та'аланың сендерге берген аманаты. Олармен жұмсақ болыңдар, жақсылық жасаңдар!» (Мүслим)

«Әйеліне күлімдеген жүзбен қараған еркектің дәптеріне бір құл азат еткендей сауап жазылады.» (Р.Насиһин)

«Әйелімен жақсы тұрып, қалжыңдасқан адамды Аллаһу та'ала жақсы көреді, ризықтарын арттырады.» (И.Лал)

«Әйелінің жаман мінездеріне шыдаған еркек, бәле-жалаға сабыр еткен Әййуб алейһиссалам сияқты марапаттарға қауышады.» (И.Ғазали)

«Өз жегеніңнен әйеліңе де жегіз, өзің киінгеніңдей оны да киіндір, оған бетіңді тыжырайтпа, қабағыңды аспа және оны ұрма!» (Әбу Дауд)

«Аллаһтың құлдары болған әйелдерді ұрмаңдар!» (Ибн Мажа, Дарими)

Басқа бір атеист те осы хадистерді оқығанда «Қара, тек еркекке қарата "Әйеліңді ұрма, әйеліңе мұны ал" делінеді, еркекке айтылып жатыр. Әйелге "Күйеуіңді ұрма!" делінбеген. Демек, еркектердің осыған бір құқығы бар» деген еді. Әмірсіз (басқарушысыз) қоғам болмайды. Дінімізде жанұяның бастығы, яғни әмірі – еркек. Сондықтан міндеттер еркекке, яғни әмірге жүктеледі, үндеу де, әрине, әмірге айтылады.