19 - Рамазан, 1445 жыл.
     29 - Наурыз, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Дәрет - Ғұсыл / Нәжіс қалай тазаланады?

Нәжіс қалай тазаланады?

Сұрақ: Нәжісті қалай тазалау керек?

Жауап: Нәжісті таза судың барлық түрімен, дәрет және ғұсыл алынған сумен, сірке және өсімдік суы сияқты сұйықтықтармен тазалауға болады. Дәретте, ғұсылда қолданылған суға «Мүстамәл су» делінелі. Бұл су таза болып саналады, бірақ тазалаушы емес. Яғни онымен нәжісті тазалауға болады, бірақ дәрет және ғұсыл алуға болмайды.

 

Болжаумен жуылады

Сұрақ: Егістікте қолданылатын мал бидайдың бір жеріне зәр шығарса, бұл жер нақты мәлім болмай, болжамдап сол жерді жуумен бидай таза болып қабылданады ма?

Жауап: Иә. (Хадиқа)

 

Қармен тазалану

Сұрақ: Қармен нәжістен тазалану жаиз ба?

Жауап: Иә.

 

Сүртумен тазаланбайды

Сұрақ: Денедегі таза спирт, қан және зәр тиген жерді сүрту жеткілікті ме?

Жауап: Сүртумен тазаланған болып саналмайды, жуу керек.

 

Шықпаған қан

Сұрақ: Дәрет алмай тұрып үстімдегі киімімде бұрын жұққан қан дағын байқадым. Жуып кетіруге тырыстым, бірақ түсі кетпеді. Намазға кедергісі бар ма?

Жауап: Түсінің қалып қоюының маңызы жоқ, үш рет жуу жеткілікті болады. Намазға кедергі емес.

 

Қардың үстімен жүру

Сұрақ: Қардың үстінде жүрумен аяқ киімнің асты тазаланған болып саналады ма?

Жауап: Қарда және топырақтың үстінде жүрумен аяқ киім тазаланады. Мысалы тек тауда жүретін шопанның аяқ киімі таза болады.

 

Нәжіс тиген тақтай

Сұрақ: Нәжіс тиген тақтай жуу арқылы тазаланған болады ма? Оның үстінде намаз оқуға болады ма? Әлде нәжіс ішіне кіріп кеткендіктен, мүлдем тазаланбайды ма?

Жауап: Нәжіс тиген ағаш тақтай жуу арқылы тазаланған болады. Тазаланғандықтан, үстінде намаз оқуға да болады. (Дүрәр 2 том, 44 бет, Ихтияр 1 том, 33 бет)

 

Сорып түкіріп тастау

Сұрақ: Су болмағандықтан, қолымен тиген қанды бірнеше рет сорып алып түкіріп тастадым. Таза болады ма?

Жауап: Иә, сорып алып түкіріп тастаумен таза болады. (Ихтияр)

 

Сірке суы және сүт

Сұрақ: Қолыма жұққан қан немесе зәрді сірке суымен немесе сүтпен тазалауыма болады ма?

Жауап: Сірке суымен тазалауға болады. Сүтпен тазаланбайды.

 

Нәжісті ішек-қарын

Сұрақ: Нәжісті ішек-қарын қалай тазаланады?

Жауап: Нәжісті ішек-қарын да үш рет суық сумен жуылса таза болады.

 

Киімді тазалауда

Сұрақ: Кір жуғыш машинада біздің киіміміз басқалардың киімдерімен бірге жуылғанда нәжіс жұғуы мүмкін бе?

Жауап: Басқалардың киімдерінен нәжіс жұғу ықтималы бар болса да, ықтимал болуымен үкім берілмейді, яғни таза болып қабыл етіледі.

 

Нәжіс суды тазалау

Сұрақ: Бір шелектегі суға қан немесе зәр түссе, тазалау үшін не істеу керек?

Жауап: Нәжіс суға таза су қосылып, шелектің ішіндегі су шамасында су тасыса, бәрі таза болады. Тасыған суда нәжістің белгісі байқалмағанша таза болады. Нәжіс шелек толтырылса және тасыса, нәжістің үш белгісінің (түсі, иісі, дәмі) бірі байқалмағанша су да, шелек те таза болады. (Рәддул мухтар)

 

Қолды жетпіс рет жуу

Сұрақ: Шетелден келген бір кісі «Дәретханада алдымен нәжіс дәретхана қағазымен тазаланады, кейін сумен жуылады. Осылай жасалмаса, нәжіс тиген қол жетпіс рет жуылса да тазаланбайды» дейді. Ондай нәрсе бар ма?

Жауап: Толығымен ойдан шығарылған. Көбіне мұсылман еместер осылай жасайтын еді. Қағазбен нәжісті сүртіп, қолын тигізбей су ағызатын еді. Бұл кісі де солардан көрген немесе естіген болуы мүмкін. Нәжіс қағазбен тазаланбайды. Нәжіс саусақпен алынады, кейін саусақ жуылады. Қалған нәжіс те жуылып тазаланғаннан кейін дәретхана қағазымен немесе матамен құрғатып сүрту жақсы болады. Дәретханадан шыққаннан кейін қолды сабындап жуу да қажет емес. Қалыпты сумен жуылғанда қол нәжістен тазаланған болады.

 

Таспен тазалану

Сұрақ: Ислам Ахлақы кітабының бір жерінде «Нәжіс бар болса, сумен жуып кетіру парыз болады» делінгенімен, истинжа бөлімінде «Тас және топырақпен тазалану және одан кейін сумен жуу сүннет болып табылады» делінеді. Бұл жердегі нәзіктік қандай? Су табылмаған жерлерде, мәселен тауда, қырда дәрет бұзғаннан кейін таспен немесе топырақпен тазаланған жағдайда, сол күйде намаз оқуымызға болады ма? Сумен тазалау парыз ба?

Жауап: Нәжісті тазалау мен іш дәрет алу (дәрет сындырғаннан кейін әурет жерді жуу) – екеуі екі бөлек нәрсе. Намаз оқитын киімдегі нәжісті сумен тазалау парыз. Ал іш дәретте таспен, топырақпен тазаланғаннан кейін су бар болса сумен де жуу сүннет. С.Әбәдийа кітабында да «Дәрет сындырған адамның тас немесе сумен алдын және артын тазалап, зәр мен ластық қалдырмау сүннет. Таспен тазаланғаннан кейін бар болса сумен жуу сүннет» делінеді.

Шафии мазһабында нәжістің аз мөлшерін де тазалау парыз болса да, таспен тазаланғаннан кейін қалған нәжістің кешірілетіндігі, намазға кедергі болмайтындығы «Мафууат» кітабында білдірілген.

Демек, Шафии мазһабында да киімдегі нәжісті тазалау мен іш дәреттегі нәжістің тазалануы екі бөлек нәрселер.