10 - Рабиул-ахир, 1446 жыл.
     13 - Қазан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Басқа да тақырыптар / Жетістік Аллаһтан келеді

Жетістік Аллаһтан келеді

Сұрақ: Бір жас жігіт Худ сүресінің 88-ші аятындағы «Жетістігім тек Аллаһтан» тіркесінен жетістікті Аллаһ беретіндігін, жетістікке жету үшін жұмыс істеу керек еместігін айтты. Жетістікке жету үшін жұмыс істеу қажет емес пе?

Жауап: Аят пен хадистерден мұндай үкім шығару үлкен қателік болады.

Жақсыны да, жаманды да, қайырды да жаратқан – Аллаһ. Пенде жақсылық немесе жамандық қалайды, Аллаһу та'ала да тілесе, пенде ирада-и жузийасымен мұны істейді. Аллаһ рұқсат бермесе, пенде жақсылықты да, жамандықты да істей алмайды. Сондықтан пайғамбарымыз «Жақсылық та, жамандық та Аллаһтан» деген. Әйтпесе ешкімге қинап жақсылық немесе жамандық істетпейді. Олай болса, жамандық істеген адам «Пәленшеге жақсылық істеттің ғой, неге маған жамандық істеттің?» дейтін еді. Жәбрия сектасы «Жақсылықты да, жамандықты да адамға Аллаһ қинап істеткізеді» деп сенеді. Ал мутазила сектасы «Жақсылыққа да, жамандыққа да Аллаһ араласпайды, екеуін де құлдың өзі жаратады» деп сенеді. Бұлардың екеуі де қате. Дұрыс болғаны – Әһли сүннет сенімі.

Жетістік Аллаһу та'аладан болуымен қатар, Аллаһтан болмаған ештеңе жоқ. Екі аяти кариманың мағынасы:

«Сендерді де, істеріңді де жаратқан – Аллаһ.» (Саффат 96)

«Барлық нәрсенің жаратушысы – Аллаһ.» (Зумәр 62)

Екі хадис шәрифтің мағынасы мынадай:

«Бүкіл істер Аллаһу та'аладан, жақсы болғаны да, жаман болғаны да.» (Табарани)

«Аллаһу та'ала былай дейді: "Мен әлемдердің Раббысымын, жақсылықты да, жамандықты да тек мен тағайындаймын."» (И.Нәжжар)

Барлық нәрсе сияқты, жетістік те Аллаһтан. Мұсылманның жетістікті болуы үшін жұмыс істеуі керек. Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Аллаһу та'ала жақсылық тілеген адамдарын жақсы амалдар істеуде жетістікті қылады.» (Хаким)

«Әр адам өзіне тағдыр етілгені не болса, сол істе жетік болады.» (Табарани)

«Аллаһ сабыр еткендерді жетістікке жеткізеді.» (Хаким)

Имам Раббани хазреттері де былай деген:

"Бүкіл адамдардың қажеттіліктерін кетіру үшін Аллаһу та'ала сендерге жетістіктер берген. Аллаһу та'ала жетістіктеріңді арттырсын." (1/25)

"Үйінен шығарда Аят-әл курсиді оқыған адам әр ісінде жетістікті болады және қайырлы істер жасайды." (Ислам Ахлақы)

Жетістікке жету үшін жұмыс істеген адамның еңбегін Раббымыз бос жібермейді. Екі аяти кариманың мағынасы:

«Біз жақсылық ретінде жұмыс істегендердің сауабын, сыйын зая етпейміз.» (Араф 170)

«Адамға тек дүниеде жұмыс істеп жасаған тірліктері ғана пайда береді.» (Нәжм 39)

Осыншама дәлелдерге қарамастан, жетістікке жету үшін жұмыс істемеу керек деп айту надандық болады.