16 - Мухаррам, 1446 жыл.
     22 - Шілде, 2024 жыл.   


КӨРШІ БӨЛІМІ

159 – Әй, ұлым! Көршіңді көрген кезіңде хал-жағдайын сұра! Аурып қалған кезінде көңілін сұрап бар. Көршіңнің үйіне барғанда рұқсатсыз ішке кірме! Қолыңнан келсе, көршіңнің қажеттілігін өтеуге жәрдем бер! Көрші ақысы өте маңызды. Өйткені пайғамбарымыз алейһиссалам былай деген: «Көршінің мирас сияқты ақысы бар, ол – көрші болу ақысы. Егер мұсылман болса, сенде екі ақысы бар: бірі көрші ақысы, екіншісі мұсылман ақысы.»

Көршіңнің жейтін тамағы жоқ болса, сен қолыңдағы тамағыңды жей алмайсың. Өйткені оның сенің қолыңдағы тамағыңда да ақысы бар. Әр тамақтанған кезіңде «Көршілерімнің арасында тамақсыз қалған адам бар ма екен?» деп ойлануың керек.

Әрбір мұсылманның, әсіресе жаңа отбасылардың, мұсылман ауданда, әһли сүннет болған және харамдардан сақтанатын, ғибадаттарын орындайтын салих мұсылмандардың арасынан үй іздеуі қажет. Хадис шәрифте былай делінеді: «Үй сатып алмай тұрып көршілердің қандай екенін қарастырыңдар! Жолға шықпай тұрып жолдастарыңды таңдаңдар!» Бір хадис шәрифте: «Көршіні, ата-ананы құрметтегендей, құрметтеу керек» делінеді. Көршіні құрметтеу – онымен жақсы қарым-қатынаста болу деген сөз. Оны ренжітетіндей сөз және әрекеттер жасамау деген сөз. Әр тараптан бірден, екіден және ақыр соңында қырыққа дейін үйлер көршілік ақысына ие болады. Көршінің мал-мүлік ақылары «Мәжәллә»-нің  1192-ші және кейінгі бөлімдерінде жазылған.