19 - Рамазан, 1445 жыл.
     29 - Наурыз, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Жақсылықтар азайып, жамандықтар артуда

Жақсылықтар азайып, жамандықтар артуда

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Құран кәрімде «Мені ұмытсаңдар, мені Раббы ретінде танымасаңдар, берген ниғметтеріме шүкір етпесеңдер, ризықтарыңды азайтамын» делінген. Әлхамдулиллаһ, «Ризықтарыңды тоқтатамын» делінбеді. Ең үлкен ризық – иман. Имансыздық сел сияқты ағып жатыр. Заманымыздағы адамдардың жағдайы осы себептен қайғылы.

Денсаулық та ризыққа жатады. Бұл ризық азайғандықтан, ауруханалар көбейіп кетті. Әр үйде міндетті түрде науқас бар. Үйлер дәріхана сияқты дәрілерге толы.

Сақтық да бір ризық. Бұл ризық та азайғандықтан, адамдар өз үйінің ішінде де сенімді отыра алмайды.

Бақыт та ризықтың бір түрі. Әйел күйеуіне бағынбайды. Күйеуі әйеліне мұсылманша мәміле көрсетпейді. Салих перзенттер арасында әділетсіздік жасалуда. Ата-ананың міндеттерінің бірі – салих перзенттеріне бірдей сүйіспеншілік танытып, оларды бірлік пен ынтымақ ішінде ұстау. Осындай жағдайда анасы «Басыма бір нәрсе келсе, маған балам қарайды» деп баласына жабысады. Әкесі де қызына жабысады. Осылайша арада бір бақытсыздық басталады.

Азық та ризыққа жатады. Табиғи азықтар қалмады. Базарлармен дүкендер тек жасанды және бұзылған азық-түліктерге толы. Мұндай бұзылған азықтардан да бұзылған, ауру адамдар пайда болады. Үйде бес адам болса, бесеуі де жұмыс істейді, бірақ бәрі аш қалады. Бұл жайт – ризықтың азаюы.

Қысқасы, жақсылықтан не бар болса, бәрі азаюда. Жамандықтан не бар болса, бәрі шегінен шығып жатыр.

Аллаһу та'ала адамдардың ғибадаттарына мұқтаж емес. Егер адам ғибадат етсе, өзін құтқарған болады. Әрі дүниеде, әрі ахиретте бақытқа қауышады. Бірақ ғибадат жасамаса, әрі дүниеде, әрі ахиретте жанады.

Аллаһу та'ала бір хадис құдсида былай деген:

«Бұрын келгендерің-кейін келгендерің, үлкендерің-кішілерің, тірілерің-өлілерің, адамдарың-жындарың бәрің бірдей ең тақуа, шүкір етуші, мойынсұнғыш құлыма айналсаңдар, ұлылығым артпайды. Керісінше бәрің маған қарсы шығып, пайғамбарларымды қор көрген дұшпаныма айналсаңдар, құдайлығымнан ештеңе кемімейді. Аллаһу та'ала сендерден бай, Оған ешбірің қажет емессіңдер. Ал сендер бар болуларың үшін, бар болып қалуларың үшін және барлық нәрселеріңмен тек Оған мұқтажсыңдар.»