9 - Шәууал, 1445 жыл.
     18 - Сәуір, 2024 жыл.   


ДОСТЫҚ ЖАЙЛЫ

167 – Дін бауырыңды зиярат ететін кезіңде оның бос уақытын тауып, оның уәдесін, яғни келісімін ал да, сол келіскен уақытта бар! Кешікпе! Оның үйіне кіретін кезіңде, есік ашық болса да, кіруге рұқсат сұра, рұқсат бергеннен кейін кір. Кіргеннен кейін жан-жағыңа қарама. Іште сазды аспаптар, ішкілік, құмар ойындар бар болса және әйел-еркек аралас отырған болса, бір сылтау тауып, ол жерден кетіп қал! Бір салих кісі асқа шықарғанда, ақырын және әдептілікпен же! Көп сөйлеме, оның үйінде рахаттанып ұзақ отырма, кетерде қарапайымдылықпен, сәлеммен қоштас!

Мұсылман бір танысың саған келген кезде қолыңнан келгенше жақсы және жылы қарсы ал, тағам ұсын! Оны есіктен шығып күтіп ал! Сәлем бергенінде сәлемін алып, жылы лебіз танытып, «Қош келдіңіз, келгеніңізге қуаныштымын» деп, төрге шығар! Өзің төменгі жақта отыр! Дін, ғибадат, харамның зияндары жайында және әулиелердің (каддесаллаһу та’ала әсрарәһумул азиз) өмірбаяндарын айтып бер! Бір нәрсе үйрет! Тамақтанғанда оны ұялтпау үшін сен де көп же! Кететін кезінде оны шығарып сал, сәлем айт және дұға ет!

168 – Үйіңе жолаушы бір салих мұсылман келсе, оған жақсылап қызмет ет! Дереу тамағын бер, мүмкін қарны аш шығар. Қасында ұзақ отырма, бәлкім шаршаған болар. Жатардан бұрын оған құбыланы, дәретхананы, жайнамазды көрсет. Дәрет суын, сүлгісін және басқа да қажеттіліктерін қамтамасыз ет! Таңертең таң намазына оят. Жамағат болып бірге оқыңдар! Таңғы асын ертерек әзірле, баратын жері ұзақ болуы мүмкін. Кетерінде оған бір діни кітап сыйла! Ислам дінінде қыз бен ұлдың дос болуы, сөйлесуі жаиз емес.