8 - Рабиул-ахир, 1446 жыл.
     11 - Қазан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Құран Кәрім / Құран кәрімді үйрену және оқу

Құран кәрімді үйрену және оқу

Сұрақ: Құран кәрім үйренгенде және оқығанда мән берілуі керек болған қандай жайттар бар? Құран кәрім оқудың қасиеті қандай?

Жауап: Құран кәрімді үйрену, үйрету және оқу үлкен сауап. Құран кәрімді тәжуидке (дұрыс оқу қағидаларына) сай үйрену керек және күнде аз болса да оқып тұруға тырысу керек. Құран кәрімді оқу сүннет, ал тыңдау парыз. Яғни тыңдаудың сауабы көбірек. Мусхафқа (Құран кәрім кітабына) қарап оқудың сауабы одан да көбірек. Бұл жөніндегі хадис шәрифтердің кейбірлері төменде:

«Құран үйренген және үйреткендер – араларыңдағы ең қайырлыларың.» (Бұхари)

«Құран оқыған адам алжымайды.» (Тирмизи)

«Құран оқылған жерге мейірім мен берекет жауады.» (Бұхари)

«Құран оқылған үйдің қайыры артады, үйдегілерді қыспайды, періштелер жиналады, шайтандар ол жерден алыстайды. Құран оқылмайтын үй үйдегілерге тар болып келеді, қиыншылық береді, берекетсіз болады. Періштелер ұзақтап, шайтандар ол жерді толтырады.» (Дарими)

«Әр түні он аят оқыған адам ғапілдерден саналмайды.» (Хаким)

«Құран оқыңдар! Қияметте сендерге ол шапағат етеді.» (Мүслим)

«Кімде-кім бір аят үйренсе, бұл аят қияметте оған нұр болады.» (Дарими)

«Бір аят үйрену жүз рәкат (нәпіл) намаз оқудан жақсырақ.» (И.Мажа)

«Құран оқылған жерге мейрім жауады, періштелер келеді.» (Бұхари)

«Құраннан бір аят тыңдаған адам сансыз сауапқа қауышады.» (И.Ахмед)

«Құранды үйреніп, күндіз-түні оқыған адамға сүйсіну керек.» (Мүслим)

«Құранды оқыған және тыңдаған адамдар сауапта ортақ.» (Дәйләми)

«Адамдардың ең көп ғибадат еткені – ең көп Құран оқығаны.» (Дәйләми)

«Құран кәрім оқып, жаттаған адам, халалды халал, харамды харам деп білген адам жәннатқа кіреді. Одан бөлек (мұсылман) туысқандарынан түгелдей тозақтық болған он адамға шапағат етіп, оларды тозақтан құтқарады.» (Тирмизи)

«Үйлеріңде Құран оқуды арттырыңдар! Құран оқылмайтын үйдің қайыры азаяды, жамандығы көбейеді, ол үй үйдегілерге тар болады.» (Дара Кутни)

«Құран оқылған үйдің берекеті артады. Құран оқылмайтын үй берекетсіз болады.» (Дарими)

«Құран оқыңдар! Өйткені ол қияметте шапағат етеді.» (Мүслим)

«Ең үстем ғибадат – Құран оқу.» (Ибн Қани)

«Құран оқитындар– жәннаттықтардың басшылары.» (Хаким)

«Құран оқитындар – жәннаттықтардың үстемі.» (Дарими)

«Құран оқылған үй аспандағыларға жерден жұлдыз көрінгендей көрінеді.» (Бәйһақи)

«Құран оқитындар– Әһлуллаһ» (Хатиб) (Әһлуллаһ – Аллаһ досы, әулие деген сөз.)

 

Құран оқуды ұмыту

Сұрақ: Құран кәрім оқуды үйренгеннен кейін оқылуын ұмытып кету және жаттаған сүрелерді ұмыту күнә ма?

Жауап: Иә, екеуі де күнә. Тәубе ету керек. (И.Ахлақы)

 

Құран кәрім оқудың маңызы

Сұрақ: Хадис шәрифте күндіз және түнде Құран оқу керектігі білдірілген. Намаз оқығанда Құран кәрім оқысақ, басқа уақытта оқи алмасақ, жоғарыдағы бұйрық орындалған болып саналады ма?

Жауап: Құран кәрімді оқудың сауабы өте көп. Әсіресе хатым етудің сауабы одан да көп. Екі хадис шәрифтің мағынасы мынадай:

«Ең үстем ғибадат – Құран оқу.» (Ибн Қани)

«Құран кәрімді хатым еткен адамға 60 мың періште дұға мен истиғфар етеді.» (Дәйләми)

«Құран кәрімді ең аз дегенде қырық күнде бір хатым еткен жақсы. Айына немесе аптасына бір рет хатым ету тіпті жақсы.» (Шират-ул Ислам)

«Қасиетті Рамазан айында хатым оқу – маңызды сүннет.» (Мәктубати Раббани 1/45)

Күніне қырық немесе ең аз дегенде он аяти карима оқитын адам ғапілдерден саналмайды. Құран кәрім оқуға мүмкіндік таба алмаған адамның намазда оқыған аяттары осы мөлшерді толықтырып, ғапілдіктен құтылған болады. Үтір намазымен бірге бес уақыт намаздың парыздарында оқылатын Фатиханың саны 20 болады. Бір Фатиха Бисмиллаһпен бірге 7 аяттан тұрады. Бәрі 140 аят болады. Зәм сүрелерде ең аз дегенде 3 аяти карима оқылады. Сүннет намаздарда да Фатиха және зәм сүрелер оқылады.

Құран кәрімді намазда оқу намаздан тыс оқудан сауаптырақ. Бес уақыт намаз оқитын адам Құран кәрім оқу тұрғысынан ғапілдерден саналмайды. Оқуға мүмкіндігі бар болған адам Құран кәрімді оқып, қырық күнде бір хатым етуге тырысу керек.

 

Құран оқуды үйрену

Сұрақ: Бір досым «Құран оқуды үйренемін» деген бір диск берді. Ол жерде «Құран оқуды үйрену парыз» делінген. Мен Құран оқуды білмеймін. Сонда мен харам істеп жүрмін бе?

Жауап: Құран оқуды білу өте құнды болса да, парыз емес. Яғни Құран кәрімді қарап оқи алмайтын адам харам істеген болмайды. Құран оқуды білмеген, умми болған, яғни оқуды, жазуды білмеген әулиелер бар. Харам істеген адам әулие бола алмайды. Сүйікті пайғамбарымыз да умми еді. «Құран оқуды үйрену әркімге парыз» деп айтылса, пайғамбарымыз да харам істеумен айыпталған болады.

Құранды қарап оқу емес, намаз оқи алатындай бірнеше сүрені жатқа білу парыз. (Рәддул мухтар)