4 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     6 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Намаз / Намаз туралы сұрақ-жауаптар

Намаз туралы сұрақ-жауаптар

Сұқ саусақты көтеру

Сұрақ: Намазда тәшәхудте отырғанда (әттахиатта) сұқ саусақты көтеру жаиз ба? Кейбіреулер мұны білдіретін хадис бар деп саусағын көтереді. Осы дұрыс па?

Жауап: Шафи мазһабында сұқ саусағын көтеру сүннет, Ханафиде жаиз емес. Саусақ көтеруге ғалымдардың бір бөлігі мәкрух, бір бөлігі сүннет деген. Дінде бір қағида бар. Бір амалға сүннет және мәкрух делінген болса ол амал жасалмайды. Пәтуалар бір-біріне сәйкес келмесе яғни жаиз, жаиз емес немесе халал, харам деген түрде болса жаиз емес немесе харам деген пәтуалар негізге алынады. Бұл арқылы мәкрух немесе харам істеуден сақтанған боламыз. Сүннет немесе бидғат делінген нәрсені жасамау керектігі “Бәриқа”, “Хадиқа” және “Ибни Абидинде” білдірілген.

Саусақ көтеру жайлы сенімді кітаптардағы деректердің біршамасы: «Саусақ көтеруді сүннет дегендер болғаны секілді, мүстаһаб дегендер де бар. Дұрысы саусақ көтеру харам»(Фәтауаи ғараиб)

«Сұқ саусақты көтеру мәкрух болып табылады. “Кубра” кітабында осылай білдірген. Пәтуа да осылай. Өйткені намазда тыныш, әрекетсіз болу керек. (Фәтауаи Сиражийа)

«Сұқ саусақты көтеруге болмайды. Пәтуа осылай.» (Ғиясийа, Бәззазийа)

«Саусақты көтеруге және саусақты бүгуге болмайды. Пәтуа осылай. “Мудмәрат”, “Уәлуалжийа”, “Хуласа” және тағы басқа кітаптарда осылай жазылған. (Жами-ур-румуз)

«Сұқ саусақты көтеруге болмайды. Пәтуада осылай.» (Дурр-ул-Мухтар)

Әбуссууд хазреті “намазда отырғанда сұқ саусақты көтеру жақсы ма әлде көтермеген жақсы ма?” деген сұраққа “екеуі де жақсы. Бірақ ең жақсысы саусақты көтермеу” деп пәтуа берген.

Бүкіл ғалымдар саусақтарды қолдан келгенше қыблаға қарату сүннет деп білдірген. «Намазда барлық мүшеңді, күшің жеткенінше қыблаға қарат» деген хадис шәриф те осыны әмір етуде.

Саусақ көтерудің харам екендігін білдірген ғалымдар бар. Мәкрух екендігін білдірген пәтуалар да бар. “Көтеруге болмайды, бүгуге болмайды, усул хабарлары осылай” дегендер де көп. Олай болса біз секілді қарапайым халық (мүжтаһид болмағандар), хадис шәриф бар екен деп саусақ көтеруіміз, көптеген мүжтаһидтердің пәтуаларымен харам немесе мәкрух деп білдірген амалдарын орындауға кірісуіміз дұрыс болмайды. Мұсылман былай ойлауы керек: «Бұл ұлы ғалымдар саусақ көтерудің харам немесе мәкрух екендігін білдіретін бір дәлелі, құжаттары болмағанда харам немесе мәкрух демес еді. Саусақ көтерудің сүннет мүстаһаб екендігі білдірілген хабарларды айтқаннан кейін “Бұлай дегенімен, ең дұрысы саусақ көтерудің харам болуы” деп айтпас еді. Демек бұл дін ғалымдары саусақ көтерудің сүннет және мүстаһаб екендігін көрсететін хабарлардың емес, саусақ көтеруге болмайтындығын білдіретін құжаттардың қуатты болғандығын түсінген.»

Бір Ханафи кісінің Шафиде сүннет екен деп тәшәхудте саусақ көтеруі жаиз болмайды. Бұл мазһаб тақлидіне де жатпайды. Мазһаб тақлиді қажеттілік кезінде ғана жаиз болады.

 

Сұрақ: Шафи мазһабын тақлид ететін кісі намазда сұқ саусағын көтеруі керек пе?

Жауап: Тақлид ететін адам саусағын көтермейді. Өйткені Ханафиден шыққан болып саналмайды. Ал Ханафиде саусақ көтеруге болмайды.

 

Сұрақ: Имамдар намаздың соңында аятүл күрсиді оқығанда неге бас жағын дауыстап, қалғанын іштен оқиды?

Жауап: Бұлай істеу керек деп ешбір кітаптарда жазылмаған. Негізінде намаздардың соңында оқылатын сүре, тәсбиһ, дұғалардың барлығын әр адам жеке өзі іштен оқуы керек. Кейінгі замандарда бұл ұмытыла бастағаны үшін мешіт имамдары халыққа не оқып жатқанын білдіру үшін, еске салу үшін (команда ретінде) аяттардың тәсбихтердің бас жақтарын оқып өтеді. Мәселен Аятүл күрсиді оқығанда бірінші қатарын дауыстап қалғанын іштен оқиды. 33 тәкбир 33 хамд 33 тәсбихтердің де әр қайсысының біріншісін дауыстап қалғанын іштен оқиды. Бірақ барлық жамағат намазынан кейінгі дұғаларды тәсбихтерді білетін болса онда ешкімнің дауыстап оқуы дұрыс болмайды. Әр кім өзі рет ретімен дұғаларын, тәсбихтерін оқуы керек.

 

Сұрақ: Егер бір үйде ер кісі мен әйел адам намаз оқитын болса, әйел адам міндетті түрде ер адамның азан шақырғаннан кейін барып намазын оқуы керек пе, жоқ одан бұрын оқи берсе болады ма?

Жауап: Күтуі шарт емес, одан бұрын да оқи берсе болады.

 

Сұрақ: Бата қылғанда көзді жұмуға болады ма?

Жауап: Болмайды.

 

Сұрақ: Парыз және сүннет намаздарын оқығанда арасында үзіліс қаншаға созылады?

Жауап: Арасында үзіліс болмайды, бір намазды біткен соң дереу келесі намазға өту керек.

 

Сұрақ: Парыз, сүннет намаздарда Фатиха сүресінен кейін қысқа бір сүре алдында “Бисмилләһиррахманиррахим” деп оқимын ба, оқымасам бола ма?

Жауап: Ханафи мазһабында Фатиха және қысқа зәм сүре арасында “Бисмилләһиррахманиррахим” деп айту мүстаһаб болады. Айтпасаңыз да күнә емес.

 

Сұрақ: Қай намаздарда Фатиха сүресінен кейін қысқа бір сүре оқылмайды?

Жауап: Үш және төрт рәкаттық парыз намаздардың үшінші және төртінші рәкаттарында Фатиха сүресінен кейін қысқа сүре оқылмайды.

 

Сұрақ: Намаз окыганда такия кию шарт па?

Жауап: Намаз оқығанда тақия кию сүннет болады.

 

Сұрақ: Намазға ниет еткенде ауызбен ниет ету бидғат па?

Жауап: Намазды бастар алдында қалай ниет ету керектігі жөнінде кітаптарда жазылған үкімдерді қысқаша келтірейік:

Ниеттің орны – жүрек (көңіл). Тілмен (ауызбен) айту да жақсы болады.  Ауызбен айтылмаса ешнәрсе болмайды. (Әл-Кафи, Фәтәуа-и Хиндийа)

Пайғамбарымыздың “алейһиссалам” намазды бастағанда ауызбен ниет еткендігі білдірілмеген. Сахабалар мен Табеиндердің де ауызбен ниет еткендігі туралы хабар білдірілмеген. Хилия’да төрт мазһаб имамынан да ауызбен ниет етуге болады деген хабар айтылғаны білдірілмеген. Ауызбен ниет етудің бидғат екендігін білдірген ғалымдар да бар. Мұны Фетих авторы айтқан. Хилияда да “Бәлкім ең дұрысы, көңілді (жүректі), ойды жинақтау үшін ауызбен айту бидғат хасәнә болады.” деп жазған. (Рәдд-үл-Мухтар)

Ханафи мазһабында ауызбен ниет ету бидғат болады. Бірақ уәсуәсадан құтылу үшін жаиз болады деп білдірілген. (Мәзаһиби әрбәа)

Хазреті Имам Ағзамның фәтуалары білдірілген Әл-ихтияр кітабында “Ниет – оқиын деп жатқан намаздың қандай намаз екенін жүрекпен (көңілмен) білу. Мұнда ауызбен айтылуы маңызды емес. ” делінген.

Дүрәр мен гүрәрде “Хидаяда білдірілгені бойынша: Ниет – қай намазды оқығалы жатқанын жүрекпен білу. Ауызбен айтуға сенілмейді. Жүректі дайындау үшін (ниетті жүрекке келтіру үшін) ауызбен айту мүстаһаб болады, жақсы болады.” делінген.

Халәбиде “Ниет жүрекпен болады, ауызбен де айту мүстаһаб болады. Тек жүрекпен ниет етіп, ауызбен айтылмаса да болады.” делінген.

Хазреті Ибн Абидин былай дейді:

Ниет тек жүрекпен болады. Тек қана ауызбен ниет ету бидғат болады. Жүрекпен ниет еткен адамның күмән мен уәсуәсадан құтылуы үшін ауызбен де ниет етуі жаиз болады. Сөздің мәні мынада: Ниеттің орны – жүрек. Жүрекпен ниет еткен адамның күмәннан құтылуы үшін ауызбен де ниет етуі жаиз болады.

 

Сұрақ: Дұғадан кейін бетті сипауды бидғат дейді, дұрыс па?

Жауап: Дұға етіп болғанда бетті сипау бидғат емес. Бір хадис шәрифте былай келген: «Дұға етіп жатқанда қолдарыңды (алақандарыңды) көкке қаратып ашыңдар, төмен қаратпаңдар, біткеннен кейін беттеріңді сипаңдар!» (Әбу Дауд)

 

Сұрақ: Намаздан кейінгі 33 реттен айтылатын 3 тәсбихтерді жіпке тізілген дәспемен санағанды жаңа пайда болған ағымдар бидғат деп жүр. Сонда 14 ғасырдан бері мұны ешкім білмеген бе?

Жауап: Тәсбих тарту ислам ғұламаларының ауыз бірлігімен білдірілген муәккәд сүннет болып табылады. Тәсбихтерді саусақпен санау және тәсбих (дәспе) қолданып санау жаиз. Расулуллаһ алейһиссалам бір әйелдің тәсбихтерді дәндермен санап жатқанын көрді, бірақ оған тыйым салмады. Бұл да тәсбихтерді тастармен, дәндермен және тәсбихпен (дәспе) санаудың жаиз екендігін көрсетуде. (Рәддул мухтар)

Ибн Хажер Мекки “рахмеуллаһи алейһтің” «Фәтауа-и фиқһийа» атты кітабында да тәсбих (дәспе) қолданудың сүннет екендігі білдірілген.

Жаңа пайда болған ағымдардың өздері бидғат.

 

Сұрақ: Кейбіреулер “намазда рукуге бара жатқанда қол көтеру керек" дейді. Ол туралы атақты ғалым Имам Бұхари бір кітап арнаған ("Намазадағы қол көтеру мәселесі"). Ал Имам Бухаридың жеткізген хадистері ислам әлеміндегі ең дұрыс хадистер болып табылады. Біздің Ханафи мазһабында қол көтеру мәселесі жоқ. Осы тұрғысында не дейсіздер?

Жауап: Орталық Азия және Қазақстанның жергілікті халықтары болған қазақ, қырғыз, өзбек, қарақалпақ, тәжік, түркмендер 100% Ханафи мазһабын ұстанады. Ханафи мазһабында намаз ішінде екі қолдың бірдей әрекет етуі намазды бұзады. «Біздің ханафи мазһабында қол көтеру мәселесі жоқ» деп айтуыңыз дұрыс емес. Ханафи мазһабының имамдары Имам Бұхаридің бүкіл кітаптарын жатқа білген. Намазда қол көтеру мәселесіне қатысты келген хадис шәрифтер біздің мазһабта екі жерде қолданылған. Яғни уітір намазының үшінші рәкатында және екі айт намаздарында сол хадис шәрифтер бойынша екі қол көтеріледі. Басқа намаздарда бұл әрекет харам болады, намазды бұзады.

Төрт хақ мазһабтың бірі болған Шафии мазһабында бұл амал бес уақыт намаздың ішінде бар және сүннет болып келеді. Ал біздің аймақта Шафии мазһабын ұстанатындар жер аударылып келген чечендер, ингуштар, дағыстандықтар ғана. Олай болса осы аталған Шафии мұсылмандарының намаздарда «рәф-ул ядәйн» (екі қолды көтеру) жасаулары сүннет, дұрыс болады. Қалғандардың мәселенің астарын түсінбей тұрып оларға еліктеуі Құранға да, хадиске де, ақылға да дұрыс келмейді. Яғни намаздары бұзылған болады.

«Сахихул Бухари» атты хадистер жинағында келген хадистердің барлығы да рас, сахих дұрыс екендігін әһли сүннет ғұламалары бір ауыздан айтқан. Бірақ хадистерден тікелей үкім шығарта алу үшін мүжтаһид ғалым болу керек. Хижри 4 ғасырдан кейін мутлақ мүжтаһид жетіліп шықпағанын ескеретін болсақ сіз айтқан адамдардың құқықы, білімі, бір ұстаздан алған ижазасы болмай тұрып, өздерін мүжтаһид ғұламаның орнына қоюлары мектеп көрмеген тәуіптің қолына пышақ ұстап операционныйға кіріп кетуіне ұқсайды. Ал бұл дені сау адамның ісі емес. Кейбір иманы сау болмағандар “тікелей Құран”, “тікелей хадиске еру” деген ұрандар астына жасырынып мүжтаһид ғұламалардың аяти кәрима және хадис шәрифтерден шығартқан үкімдеріне бағынбауға тырысып жатыр. Мұндай мазһабсыздарың не әһли бидғат, немесе кәпір екендігін Имам Раббанидің мәктубат кітабы 4 ғасыр бұрын хабар берген.

 

Сұрақ: Намаз оқуды бастағанда екі уақыт ғана оқуға болама?

Жауап: Аллаһу та’ала бір хадис құдсиде былай деген: "Кімде-кім Мен жақа қарай бір қадам тастаса, Мен оған 10 қадам жақындаймын." Ғалымдарымыздың да "Бір нәрсенің бәрін орындай алмасаң ең болмағанда барынан да айрылып қалма!" деген сөздеріне сүйенетін болсақ, ең болмағанда өзіңіз айтқандай екі уақыт оқып жүрген де бастапқыда дұрыс. Иншааллаһ сол әрекетіңіздің құрметіне бәлкім болашақта толық қылып, бес уақыт оқуыңыз нәсіп болып қалар.

 

Сұрақ: Намаз оқуға ата-анам қарсы болса не істеу керек?

Жауап: Дінімізде ата-анаға құрмет ету, айтқандарына, бұйрықтарына мойынсұну әмір етілген. Бірақ дінге қайшы болған, күнә болған бұйрықтары орындалмайды. Қарсы шықпай, ренжітпейтін, ашуландырмайтындай жолын тауып шығу керек. Сіздің жағдайда ата-анаңызға білдірмей намаз оқуыңыз керек. Сабақ оқу секілді себептермен бөлмеңізге кіріп ең болмағанда парыздарды ғана оқып алуға тырысуыңыз керек. Парызды оқу үшін көп болса 4-5 минут уақыт кетеді. Кейін бірте бірте сүннеттерін де қосып оқу жолын табарсыз. 

 

Сұрақ: Намаз оқыған кезде соңына таман кішкентай бала үзіп жіберсе не істеу керек?

Жауап: Намазда тұрғанда сөйлеу, біреудің сөйлегеніне жауап беру, күлу, бірнәрсе ішіп-жеу секілді әрекеттер намазды бұзады. Бірақ кішкентай баланың алдыңызды кесіп өтуі намазды бұзбайды немесе алдыңызға келіп отырса, бір қолмен шетке жылжыту намазды бұзбайды. Біздің сайтта «намазды бұзатын нәрселер» бөлімінде намазды бұзатын әрекеттер толығырақ жазылған. Егер осы әрекеттердің біреуін жасап намазыңыз бұзылса, ол намазды қайтадан оқуыңыз керек болады.

 

Сұрақ: Үйде намаз оқығанда басты қай жаққа қаратады? Қыбла бағытына ма? Бес уақыт намаз оқығанда барлық намаз кезінде бір жаққа қарайма?

Жауап: Барлық намаздар тек Қыблаға қарап оқылады. Қыбла деп Мекке қаласындағы Қағба ғимаратына айтылады. Жер бетінде тек қана бір Қыбла бар. Қыбла бағытын анықтау үшін “Түркістан күнтізбесінің” намаз уақыттары кестесіндегі “қыбла сағаты” деген қатардағы уақытта күнге қарасаңыз қыбла бағытына қараған боласыз. Күн бір тәулікте бір рет Қыбланың үстіне сәйкес келеді. Күнтізбеде сол уақыт берілген. Бір рет сол бағытты белгілеп алғаннан кейін өмір бақи сол  бағытқа қарап намаз оқуға болады.

Сұрақ: Маған үтір намазы жайлы мағлұмат керек. Ол намазды оқымаса не болады? Осы намаз жайлы қандай хадистер бар?

Жауап: Үтір намазы Ханафи мазһабында уәжіп болып табылады, қалған үш мазһабта сүннет. Уәжіп: Орындалуы парыз сияқты нақты әмірлер. Мұндай әмірлердің Құрандағы дәлелдері парыздардағыдай ашық емес. Занни дәлелдерге, яғни астарлы түрде бұйырылған дәлелдерге сүйенеді. Үтір намазы мен Айт намазын оқу, жағдайы жеткенде құрбан шалу, пітір садақа беру уәжіп әмірлерге жатады. Уәжіптің үкімі парыз сияқты. Уәжіпті тәрк ету тахриман мәкрух. Ал тахриман мәкрухты көп жасау харам жасауға себеп болады. Харамды да көп жасау күндердің күнінде иманнан шығуға себеп болады. Уәжіп екендігіне сенбеген адам кәпір болмайды. Бірақ жәһаннам отына лайық болады.

Үтір намазы туралы түрлі хадис шәрифтер бар. Екі хадис шәрифте былай делінеді:

«Үтір намазы хақ. Үтір намазын оқымаған адам бізден емес.» (Әбу Дауд)

«Үтір намазы маған парыз, сендерге нәпіл болып табылады.» (Дәйләми)

Хадис кітаптарынан үкім шығару тек қана мүжтаһид ғалымдардың ісі. Соңғы хадис шәрифті оқыған Ханафи намазхан үтір намазын нәпіл деп түсінуі мүмкін. Сондықтан хадис шәрифтерден үкім шығарудан сақтану керек. Ханафи мазһабының ғалымдары осыған және басқа да дәлелдерге сүйеніп үтір намазының уәжіп екендігін білдірген.

Хазреті Имам Раббани былай дейді:

«Хадис шәрифтермен амал ету бізге жаиз емес. Мазһабымыздың үкіміне қайшы секілді болып көрінген хадис шәрифтер ғалымдардың сөздеріне қарсы шығу үшін дәлел бола алмайды.» (Мәктубат 312)

Хазреті Мұхаммед Хадими былай деген:

«Діндегі төрт дәлел мүжтәһидтер үшін. Ал біз үшін дәлел мазһабымыздың білдірген үкімдері. Өйткені біздер аят және хадистерден үкім шығара алмаймыз. Мазһабтың бір үкімі аятқа немесе хадиске сәйкес келмейтін секілді болып көрінсе де қате емес. Өйткені аят және хадистер ижтиһад талап етуі мүмкін. Басқа бір аят немесе хадиспен өзгерген болуы мүмкін немесе біз білмейтін тәуилі бар деген сөз.» (Бәриқа)

 

Сұрақ: Намазда аяқтардың арасын кең ашып тұру дұрыс па?

Жауап: Ханафи мазһабында намазда қиямда тұрғанда  екі аяқтың арасын төрт саусақтай ұзақтықта ашу сүннет болып табылады. Мұны ХалебиРәддул Мухтар, Саадәти Әбәдийа, Османдық Мизрақли илмихал, Әнисул-абидин секілді құнды кітаптардан көруге болады.

Ханафи мазһабында одан кең ашу дұрыс емес. Шафиилер бір қарыс көлемінде ашады. Ал бүгінгі мазһабсыздардың (уаххаби, сәләфилердің) талтайып тұрулары ешбір өлшемге сай келмейді. Ондайлардан аулақ болуға тырысыңыз!

 

Сұрақ: Қолды кіндіктің үстіне қою сүннетке сай ма?

Жауап: Ханафи мазһабында, намазда қолды кіндіктен төмен ұстау сүннет болып табылады. Хазреті Әлиден риуаят етілген хадис шәрифте былай делінеді: «Намазда оң қолды сол қолдың үстіне қойып, кіндіктің астына байлау – сүннет.» (Әбу Дауд, И. Ахмед)

Барлық фиқһ кітаптарында намазда қолдар кіндіктің астына байланады делінген.

Дуррул Мухтар кітабында намаздың сүннеттерінің сегізіншісінде былай деп жазылған: “Ер адамдар оң қолды сол қолдың үстіне қойып кіндіктің астына байлайды. Хазреті Али: «Қолдарды кіндіктің астына байлау – сүннет.» деп білдірген. Намазда ер адам білегін бас бармағымен және кішкентай саусағымен ұстап, оң қолды сол қолдың үстіне байлайды және кіндігінің астында ұстайды. Қабылданған үкім осы.” (Дуррул Мухтар)

“Нимәти Ислам” кітабында намаздың сүннеттерінің бесіншісінде былай дейді: “Ер адамдар оң қолды сол қолдың үстіне қойып кіндіктің астына байлайды.” Осы сияқты үкімдерді барлық фиқһ кітаптарынан табуға болады.