19 - Рамазан, 1445 жыл.
     29 - Наурыз, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Басқа да тақырыптар / Жындар жәннатқа кіреді ме?

Жындар жәннатқа кіреді ме?

Сұрақ: Жындарға сенбеген адам кәпір болады ма? Жындар да жәннатқа кіреді ме?

Жауап: Жындар кезкелген кейіпке ене алатын қабілетке ие. Олардың мұсылмандары да, кәпірлері де бар. Дінге бағынуға жауапкер. Олардың бар екендігі Құран кәрім мен хадис шәрифтер арқылы бекітілген. Мұны жоққа шығарған адам кәпір болады. Құран кәрімде былай делінеді:

«Мен жындарды және адамдарды тек маған ғибадат жасасын деп жараттым.» (Зарият 56)

«Тозақты адам және жындармен толтырамын.» (Худ 119, Сәжде 13)

«Жындардың бір тобын Құран кәрімді тыңдау үшін саған жіберген едік.» (Ахкаф 29)

Ибн Мәсуд хазреттері білдіреді:

«Бір түні Расулуллаһ бізбен бірге еді, кенеттен жоғалып кетті. Барлық жерді іздедік, таба алмадық. Ол түнді уайыммен өткіздік. Таң атқанда Хира тарапынан келе жатқанын көрдік. «Йа, Расулаллаһ, сізді әбден іздедік» дедік. «Маған жындардан бірі келіп шақырды. Онымен бірге кеттім. Оларға Құран кәрім оқыдым» деді.» (Тәфсир-и Қуртуби)

Бір хадис шәрифте де «Азан оқығанда дауысыңды күшейт! Өйткені азан оқыған адамның дауысын естіген бүкіл адам мен жындар қияметте оған куәлік етеді» делінген. (Бұхари)

 

Жындарға қатысты қаулылар

Жындардың кәпірлері бүкіл ғалымдардың үкімі бойынша тозаққа түседі. Ал мүмин жындарға қатысты өзгеше қаулылар бар:

1) Адамдар сияқты мәміле көреді.

2) Тозаққа түспейді, бірақ топыраққа айналып кетеді.

3) Жәннаттың «Рабад» деп аталатын жерінде болады. Дүниедегінің терісі болады, адамдар оларды көреді, олар адамдарды көрмейді. Жындар көп рет пайғамбарымыздың алдына келіп, оны тыңдаған еді. Расулуллаһ оларға Рахман сүресін дінге шақыру ниетімен оқыған еді.

«Ей, адамдар және жындар, Раббыларыңның қай ниғметін жоққа шығара аласыңдар» тіркесі бар болған аяти каримадан кейін «Раббымыздың ешбір ниғметін жоққа шығармаймыз, ей, Раббымыз, саған хамд болсын» деген еді.

Бұл сүре олардың да діни әмірлер мен тыйымдардан жауапкер екендігіне дәлел болады. Өйткені бұл сүре «Сәқәләйн»-ге (адам мен жынға) қарата айтылған.

Құран кәрім аяттары және хадис шәрифтер олардың да марапат және жаза үшін тірілетіндігіне дәлел болуда, мүминдердің жәннатқа, кәпірлерінің де тозаққа баратындығы аңғарылуда.

Имам Бұхари былай деді:

Жын сүресінің «Ақиқатында біз дұрыс жол көрсетуші болған Құран кәрімді тыңдағанда Оған иман келтірдік. Раббына иман келтірген адам бахстан және рәхақтан қорқпайды» мағынасындағы 13-ші аяти каримасындағы бахс – марапаттың кем берілуі, рәхақ – жазықсыз жаза тарту деген мағынаны білдіреді. Бұл аяти карима олардың жақсылықтарына қайтарым ретінде марапаттардың кемшіліксіз берілетіндігіне және күнәларына өтем ретінде артық жаза көрмейтіндігіне дәлел бола алады. (Аун-ул мурид)