4 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     6 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Ислам ғұламалары / Ғалымның діндегі орны

Ғалымның діндегі орны

Сұрақ: «Әр аятты немесе әр хадисті біз түсіне алмаймыз. Мазһабымыздың ғалымдары бұларды қалай түсіндірген болса, соған бағынуымыз керек» деп айтқанда «Жалғыз Құран»-мен жүретіндер «Құранды бәрі түсінеді, түсіну үшін ғалым болуға қажеттілік жоқ. Ғалымнан сұрайық деп айтпау керек» дейді. Мазһаб ғалымдарымыздың сөздері дінде дәлел емес пе?

Жауап: Әрине дәлел болады. Олар ғалымның кім екенін білмейді. Әр адамға ғалым делінбейді. Шынайы ғалым – Құран кәрімді және хадис шәрифті түсіндіріп бере алатындай терең ғылым иесі, дінде сөзі маңызды екені білдірілген білікті және жоғары дәрежелі адам деген сөз. Өте ілімді болса да дұрысты қатеден ажыра алмайтын адам шынайы ғалым емес. 72 адасқан ағымның бастаушылары да ғалым еді, дұрысты қатеден ажырата алмағандықтан адасушылыққа түскен. Олай болса, ғалым – көп білетін емес, дұрысты қатеден ажырата алатын адам. Ондай ғалымдар пайғамбарлардың мирасқорлары, өкілдері. Ижтиһадтарында қателессе де, олар сауап алады. Оларға ерген адам құтылады. Дініміз осындай ғалымдарды мақтауда. Бірнеше аяти кариманың мағынасы:

«Білмесеңдер, әһли зикрден (ғалымдардан) сұраңдар!» (Нахл 43)

(Демек, білмейтіндер бар деген сөз, өйткені Аллаһу та'ала білетіндерден сұрауды бұйыруда.)

«Бұл мысалдарды тек ғалымдар ғана түсінеді.» (Анкебут 43)

(Демек, әркім түсіне алмайды. Ғалымдар – қадірлі адамдар, тек ғалымдар ғана түсінетіндігі білдірілуде.)

«Білетін мен білмейтін адам бірдей бола алады ма?» (Зумәр 9)

(Олай болса, білетіндер (ғалымдар) қадірлі.)

«Аллаһтан ең қатты қорқатындар – ғалымдар.» (Фатир 28)

(«Аллаһтан ең қатты қорқатын менмін» хадис шәрифі ғалымдардың дәрежесінің қаншалықты жоғары екендігін көрсетуде.)

Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Ғалымдар – пайғамбарлардың мирасқорлары.» (Әбу Дауд, Ибн Мажа, Тирмизи)

«Ғалымдарға бағыныңдар! Олар дүние мен ахиреттің нұры.» (Дәйләми)

«Ғалым – Аллаһу та'аланың сенімді адамы.» (Дәйләми)

Ғалым Құран кәрімге, хадис шәрифке қайшы сөйлемейді. Бір аяттан ғалымдардың түсінгеніне бағынбай, өз түсінгеніне бағыну Аллаһу та'аланы да, Расулуллаһты да (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) өтірікші қылып шығару болады. Аллаһу та'ала «Тек ғалымдар ғана түсінеді» деді. Расулуллаһ алейһиссалам «Ғалым – Аллаһу та'аланың сенімді адамы» деп тұрғанда, «Ғалым» сөзі аталып тұрғанда оның сөзіне қарсылық білдіру мақсатында «Жоқ!» деп айту өте қауіпті. Ғалым деп жатқанымыз қазіргі диплом алған надандар емес, әрине. Имам Ағзам, Имам Ғазали және Имам Раббани сияқты ғалымдар.