18 - Рабиул-әууәл, 1443 жыл.
     24 - Қазан, 2021 жыл.   


  Негізгі бөлім / Иман және Ислам / Иман / Дұрыс иман және иманды қорғау

Дұрыс иман және иманды қорғау

Сұрақ: Ақыретте құтылу неге байланысты?

Жауап: Кейбіреулер діннің басқа үкімдеріне сенбейді, «тек қана Аллаһқа сену жеткілікті, Аллаһқа сенгендердің барлығы жұмаққа кіреді» деп ойлайды. Бұл өте қате түсінік. «Әмәнтудегі» алты шарттың біріне сенбеген адамның иманы өтпейді. Сондықтан сену емес, дұрыс сену өте маңызды. Ақыретте құтылу – ғибадаттың көп болуына емес, иманның дұрыс болуына байланысты. Ықыласпен жасалған амалы аз болса да, тіптен еш қандайда да игі амалы болмай, құм данасындай дұрыс иманы бар болса, ол адам жаннатқа кіреді. Бір хадисте айтылған:

«Жүрегінде құм данасындай иманы болған адам тозақта мәңгі қалмайды» (Бұхари, Муслим)

 

Дүниедегі барлық адамдар жолаушы. Әрбірі бір көлікке мініп сапар шегуде. Ал негізі кез келген бір көлікке емес, дұрыс көлікке міну маңызды. Қате көлікке мінген адам, өзі қалаған жеріне емес, көліктің баратын жеріне жетеді. Қағбаға бару үшін ниет етіп шығып, Парижге бағытталған ұшаққа мінген адамның ниеті қаншама дұрыс болғанымен Қағбаға бара алмайды.

 

Аллаһу та’ала хақты, дұрысты аз да болса уайымдаған, іздеген адамға, дұрыс жолды яғни шынайы исламды нәсіп ететініне сөз берген. (Анкебут 69, Шура 13) Аллаһ уәдесінен айнымайды (Али Имран 9)

 

Демек, адасқан жолдағы адамдар дұрыс жолды іздеу былай тұрсын, оны мүлдем уайымдамайды да. Аллаһу та’ала ризыққа кепіл, бірақ иманға кепіл емес. Дұрыс иманды болуға тырысу керек. Сенімін түзетпестен бұрын жасалған ғибадаттың пайдасы болмайды. Дұрыс сенім - Әһли сүннет сенімі. Дұрыс сенім 1 санына ұқсайды. Ықыласпен жасалған ғибадаттар оң жағынан тіркелетін 0 саны сияқты. Бір нөл қойылса 10, екі нөл болса 100 болады. Оң жағына қанша көп нөл қойылса санның мөлшері де соншалықты арта түседі. Ал 1 санын алып тастасақ барлығы да нөл болады. Ықылассыз яғни рия (көрсету) үшін жасалған амалдар, 1 санының сол жағына қойылған нөлдерге ұқсайды және қанша көп нөл қойғанымен мөлшері де өспейді. Сенімі дұрыс болған адамның ғибадаттарын көбейтуі оның ықыласы мен біліміне байланысты. Яғни қалағанынша көбейтеді. Алайда дұрыс сенім яғни әһли-сүннет сенімінде болмаса, жасалған ғибадаттардың еш қандай пайдасы болмайды, санның сол жағына тіркелген нөл секілді құнсыз болады.

 

Мутазила және соған ұқсаған ақылдысымақ топтар амалды иманның бір бөлшегі деп сенеді. Олардың сенімі бойынша күнә істеген немесе парыздарды орындамаған адам кәпір болады, яғни «иман х амал» деп сенеді. Бұл екеуінің бірі нөл болса шыққан нәтиже де нөлге тең болады. Яғни имансыз амал, амалсыз иман да жарамсыз дейді. Ал әһли сүннет бойынша амалсыз иман өтеді, имансыз жасалған амал өтпейді. Әһли сүннетте «амал х ықылас» деуге болады. Бірақ амал болмай ықыласпен де сауабқа қауышуға болады.   “Егер ақшам болғанда мына кедейге көмектесер едім” деп ықыласпен ойлаған адам, ақша бермесе де, амал етпесе де ықыласты ниетіне қарай сауапқа кенеледі. Адамның ықыласы қаншалықты көп болса, амалымен көбейтілгенде нәтижесі де соғұрлым көп болады. Мәселен біздің ықыласымыз 1-ге тең болса, 1000 кедейге бір-бір наннан берсек, 1х1000=1000 сауап жинаймыз. Сахабалардың ықыласы өте  қуатты болғандықтан, мәселен олардың ықыласы 1 миллион болса, бір кедейге бір нан берсе бір миллион сауап алады. Өйткені хадис шәрифте былай делінген:

«Ант етемін, бір кісі Ухуд тауындай алтын садақа берсе де, сахабамның бірінің бір уыс берген арпа садақасының сауабына қауыша алмайды.» (Бұхари)

 

Сахабалардың имандары өте қуатты және ықыластары өте жоғары болғандықтан осындай үлкен сауаптарға қауышқан. Сахабалардың да дәрежелері бірдей емес еді, бірі екіншісінен үстем болған. Сондықтан хазреті Әбу Бәкрдің берген бір уыс құрмасының сауабы басқа сахабаның бергенінің арасында таудай айырмашылық бар еді. Бір хадисте былай бұйырған:

«Менен кейін, асхабымның келіспейтін мәселелері туралы сұрадым. Раббым маған: “Сенің асхабың менің жанымда көктегі жұлдыздар тәрізді. Кейбіреулері басқаларынан да жарық. Олардың біреуіне мойынсұнған адам тура жолды табады” деп бұйырды.» (Дәйләми)

 

Сұрақ: Иман дұрыс болуы үшін қажетті шарттары нелер?

Жауап: Иманның дұрыс болуының қажетті шарттарының біршамасы мыналар:

1- Иман тұрақты болуы керек: үш жылдан соң діннен шығамын деген адам, сол сәттен бастап иманнан шығады.

2- Иман қорқыныш пен үміттің арасында болуы керек: яғни Аллаһтың азабынан қорқып, рахметінен еш уақытта үміт үзбеу керек.

3- Жан алқымға келместен иман келтіру керек: өлгенде, ақырет халдерін көргеннен кейін кәпірдің иман келтіруі қабыл болмайды. Бірақта ол сәтте мұсылмандардың тәубесі қабыл болады.

4- Күн батыстан тумастан бұрын иман келтіру керек: күн батыстан туғанда тәубе есіктері жабылады.

5- Ғайыпты тек Аллаһу та’ала ғана біледі. Бірақ Аллаһу та’ала білдірген пайғамбарлар немесе әулиелер де білуі мүмкін.

6- Күпірлікке себеп болатын  нәрсені колданбау және айтпау керек: мәселен крест тағу, қалжыңдап болса да мен кәпірмін демеу керек.

7- Діни бір үкімнен күмәнданбау керек: мәселен намаз парыз ба? шарап харам ба? деп шүбәланбау керек.

8- Иман ілімдерін ислам дінінен алу керек: тарихшы немесе пәлсапашылардан емес, Мұхаммед «алейһиссаламның» білдіргеніндей иман келтіру керек.

9- «Хубб-и филлах, буғд-и филлаһқа» амал ету керек: яғни Аллаһтың достарын дос, дұшпандарын дұшпан деп білу керек. Аллаһ үшін жақсы көріп, Аллаһ үшін дұшпандық ету керек. Ал Аллаһтың дұшпандарын жақсы көру, оларды дос деп білу, достарына дұшпандық таныту күпірге соқтырады. Мәселен: Сократты жақсы көру, Имам Ғазалиге дұшпандық ету.

10- Әһли сүннет уәл жамағатқа сәйкес сенімде болу.

Бұл сенімнің негіздері:

Аллаһу та’ала уақытқа, мекенге мұқтаж емес, бұларды Ол жаратқан. “Аллаһ Аршқа отырды” деп айту күпір болады.

Аллаһу та’ала ешнәрсеге ұқсамайды. Мәселен қолы бар, аяғы бар, жүреді, түседі, шығады деп адамдарға ұқсату күпір болады.

Мұхаммед «алейһиссалам» соңғы пайғамбар. Одан кейін ешбір пайғамбар келмейді.

Әһли қыблаға (намаз оқитын мұсылманға) істеген күнәларының есебінен кәпір демеу керек. Ғибадаттар иманның бөлшегі емес. Яғни ғибадат етпейтін және күнә істеген мұсылманға кәпір деуге болмайды. Аллаһу та’ала кішкентай күнәға азап беруі мүмкін, үлкен күнәні кешіруі мүмкін.

Жаннаттағы мұсылмандардың Аллаһу та’аланы көретініне сену. Мутазила сектасы бұған сенбейді.

Иман бар болады немесе жоқ болады. Көбейіп азаймайды. Жарықтығы, қуаты көбейіп азаяды. (яғни күшейеді немесе әлсірейді)

Мәсінің үстіне мәсіх тарту жаиз. Жаиз емес дейтіндер әһли сүннет емес.

Пайғамбарымыз миғражда рухы және денесімен бірге болғанына сену. Миғраждың Ақса мешітіне дейінгі бөлігіне сенбеген адам діннен шығады. Одан кейінгілерге сенбегені бидғат иесі, адасқан болады.

Муғжиза және керемет хақ.

Сахабалардың барлығын жақсы көру, ешқайсысына тіл тигізбеу керек, өйткені барлығы жаннаттық болып табылады. (Хадид 10)

Қабірді зиярат ету жаиз. Қабірде жатқан пайғамбар, шәһид және әулиеден көмек сұрау жаиз.

Пайғамбарлар үлкен-кіші ешқандай күнә істемейді.

Оқылған құран кәрімнің және берілген садақаның сауабын өлілерге бағыштаудың жаиз екендігіне және осы сауаптар мен дұғалардың  өлілерге жетіп, азаптарының жеңілдеуіне немесе тоқтауына себеп болатынына сену керек.

Қабір сұрағы және қабір азабы хақ. Қабір азабы рух пен денеге болады.

Өлтірілген, өзіне қол жұмсаған адам ажалымен өлген болады.

Рух өлмейді. Кәпір және мұсылман өлілердің рухтары естиді.

Шапағатқа, сырат көпіріне, есепке және мизанға сену.

Жаннат және жаһаннам қазірден бар. Жаннат пен жәһаннам мәңгілік яғни шексіз. Күнәһар мұсылмандар жаһаннамда шексіз қалмайды, кәпірлер шексіз қалады.

Қазіргі заман үшін төрт хақ мазһабтың біреуінде болу. Төрт мазһабтың бірінде болмаған адам әһли сүннеттен емес. (Дурр-ул-Мухтар хашиясы)

Хазірет Әбу Бәкір Сыддық сахабалардың ең үстемі.

Қиямет белгілеріне, Дәжжал, Даббет-ул-арз, хазреті Мәхдидің келетініне, хазреті Исаның көктен түсетініне, күннің батыстан туатынына және басқа да белгілеріне сену.

Құран кәрім махлұқ (жаратылыс) емес, Аллаһтың (сөзі) кәламы.

Сұлтанға, Халифаға қарсы шығу жаиз емес.

(Бұл деректер Фикхи әкбар, Нухбәт-ул-ла’али, Р.Насихин, Фәуаид, Мәктубати Раббани кітаптарынан алынған)

           

            Күмәндану және қорқу

            Сұрақ: Дәл қазір иманым бар ма немесе болашақта иманды боламын ба деп күмәнданумен соңғы демде имансыз кетуден қорқу арасында айырмашылық бар ма?

            Жауап: Иә бар. Иманнан күмәндану немесе болашақтағы иманынан күмәндану жаиз емес, күпірлік болады. Мүмін иманы тұрғысында еш күмәнданбауы керек, өлгенге дейін имандымын деп шешім қабылдауы керек.

 

            Ал соңғы дем үшін иман қорқыныш пен үміттің арасында болу керек. Соңғы демде имансыз кетуден қорқу, иманнан күмәндануға жатпайды, керісінше бұл иманның белгісі.

 

            Иманды қорғау үшін

            Сұрақ: Ең құнды ниғмет иман болғандықтан оны қорғау үшін не істеу керек?

            Жауап: Иманын қорғау үшін мыналарға мойынсұну шарт:

            1- Ғайыпқа сенген болуы тиіс. Періштелерді, жаннатты, тозақты көзімізбен көргендігіміз үшін “жаннат пен тозақ бар” деп айтуымыз иман болып саналмайды. Кәпірлердің барлығы өлерінде жаннат пен тозақты көріп “иман келтірдік” деп айтады, алайда бұл имандары қабыл болмайды. Мұсылмандар құранда мақталғанда “Олар ғайыпқа сенгендер” деп бұйырылған. (Бақара 3)

 

            2- Ғайыпты тек Аллаһу та’ала білетіндігіне сену. Пайғамбар, періште, жындар ғайыпты білмейді. Бірақ Аллаһу та’алаға қаласа оларға білдіруі мүмкін. Сондықтан мұғжиза мен кереметті мойындамау жаиз емес.

 

            3- Харамды харам, халалды халал деп қабылдау керек. Әдейі харамға халал, халалға харам деген адам діннен шығады.

 

            4- Аллаһу та’аланың азап бермейтіндігінен сенімді болмау керек және ашуынан қатты қорқу керек. Құран кәрімде Раббының азабынан қорыққандар, Оның азап бермейтінінен сенімді болмағандар екендігін білдіреді. (Мә’ариж 27-28)

 

            5- Бір адам қаншалықты көп күнә жасаса да өзін үзілді-кесілді тозақтық деп санамауы керек. Хадис-құдсиде былай бұйырады:

            “Құлымның көктерге дейін жететін күнәсі болса да рахметімнен үмітін үзбей менен кешірілуін тілесе, кешіремін.” (Тирмизи)

 

            Зумәр сүресінің 53-ші аятында былай бұйырады: “Ей, күнәлары көп болған құлдарым! Аллаһтың рахметінен үміттеріңді үзбеңдер! Аллаһ күнәларыңның барлығын кешіреді, Ол шексіз мейірім және кешірім иесі.”

 

            6- Аллаһтың азап бермейтінінен сенімді болмау керек, рахметінен де үміт үзбеу керек! Бір хадисте айтылған:

            “Мүмін қорқу мен үміттің арасында болса, Аллаһу та’ала ол құлын үміт еткеніне жеткізеді және қорыққанынан оны қорғайды.” (Тирмизи)

 

            7- «Хубб-и филлаһ, буғд-и филлаһ» яғни жақсы көретіндерін Аллаһ үшін жақсы көру, жек көретіндерін Аллаһ үшін жек көру керек. Бұл иманның негізі болып табылады. Бір хадисте бұйырады:

            “Иманның негізі мұсылмандарды жақсы көру және Аллаһтың дұшпандарын жек көру” (И. Ахмед)

 

            Аллаһу та’ала хазреті Исаға былай деп бұйырды:

            “Жер мен көктер арасындағы бүкіл махлұқтардың ғибадаттарын жасасаң да, достарымды жақсы көрмейінше және дұшпандарыма дұшпандық етпейінше еш қандай пайдасы болмайды.” (К.Саадет)

 

            8- Иманның қабыл болуы және қорғануы үшін қажетті шарттардың кейбіреулері:

Аллаһу та’ала «уажиб-ул вужуд» бар болуы қажетті және барлық болмыстардың жаратушысы.

Дүние және ақырет әлеміндегі барлық нәрселерді материясыз, уақытсыз және ұқсасы жоқтан бар еткен тек Аллаһу тa'ала.

Ол уақытпен мекенге мұқтаж емес. (Нәждилер мен сәләфилер секілді Аллаһ көкте немесе аршта отыр деп айту күпірлік болып табылады.)

Аллаһу та’ала ақыретте Жаннатта көрінеді.

Тәуекел ету парыз.

Ижмамен білдірілген иман мәселелерінде қияс болмайды. Бұларда ижтихад немесе қияс етіп жаңылысқан адам кәпір болады. Ижмамен білдірілмеген иман ілімдерінде ижтиһад етіп жаңылысқан адам кәпір болмаса да бидғат иесі болады.

Иман көбейіп азаймайды. Яғни иман келтіруі керек нәрселер жөнінен артып кемімейді. Бірақ көлемі және тасдиқ етуі (растауы) жағынан жарықтығы, қуаттылығы артып кемиді. Мүміндер иман және тәуһид тұрғысында барлығы бірдей. Бірақ амалына қарай дәрежелері әр түрлі болады.

Иманынан күмәнданбау керек. “Иманым бар ма? жоқ па?” деп ойламау керек. Әлхамдулиллаһ мұсылманмын деп айту керек.

Итиқадын ислам дінінен алу, расулуллаһ алейһиссаламның білдіргеніндей иман келтіру керек.

Күнә жасап, тәубеге келместен өлген адамды Аллаһ қаласа оны тозаққа тастайды, қаласа кешіреді және еш қандай да азап бермейді.

Періштелер кәпірлердің айтқанындай Аллаһу та’аланың ортақтары немесе қыздары емес. Олар күнә жасамайды. Періштелер еркек-әйел болып бөлінбейді.

Құран кәрімдегі немесе басқа діни кітаптарымыздағы діни үкімнен күмәнданбау керек. Мәселен әйелдерге орану расында да парыз ба екен? деп күмәндануға болмайды.

Халал да харам да ризық болып табылады. Әркім өзінің ризығын жейді, ешкім ешкімнің ризығын жей алмайды.

Күпірге себеп болатын сөзді мағынасын қабыл етпей айтқан адам да кәпір болады. (Яғни қалжыңдап, күлдіру үшін айтса да күпір болады. Мысалға: әзілдеп «мен пайғамбармын!» деп айту күпір болады.

Мас кезінде күпірге себеп болатын сөз айтқанға кәпір демеу керек.

Бұл ғалам кейіннен жаратылған. (Пәлсапашылар бұған сенбейді “бұл ғалам әуелде осылай болған, осындай болып жалғаса бермек” деп кәпір болуда.)

Әһли қыблаға яғни намаз оқитын мұсылманға жасаған күнәлары есебінен кәпір деп айтпау керек. (Әһли қыбла болған адамның бір сенімі, мағынасы ашық дәлелге қайшы болса бұл күпір болады. Бұл адам намаз оқыса да, барлық ғибадаттарды жасаса да кәпір болады.)

Тасаууфқа қарсы шықпау, жоққа шығармау керек. (Ауаруф-ул-меариф)

Пайғамбарлардан кейінгі адамдардың ішіндегі ең қадірлісі – хазреті Әбу Бәкір, одан кейін ретімен қалған үш халифалар болып табылады.

Сахабалардың барлығы да жаннаттық. (Хадид сүресі 10)

Аллаһу та’ала сахабалардан разы екендігін құран кәрімде білдірген. Олардың ішіндегі біреуін жамандау бұл аятқа сенбеу болады. (Татхир-ул-жәнан)

Адамдарға келетін жақсылық пен жамандық, пайда мен зиян барлығы Аллаһу та’аланың тағдырымен болады.

Тағдыр – Аллаһу та’аланың әзәли ілімімен адамдардың және басқа махлұқтардың жасайтын істерін білуі және қалауы. Тағдырдың жаратылуына қаза, екеуіне бірге қаза және тағдыр деп айтылады.

Аллаһу та’ала қалаған пендесіне мейірімін түсіріп хидаят береді. Қалағанын әділетіне жараса бұрыс жолға түсіреді. Өйткені адамдардың істерін Аллаһу та’ала жаратады, бірақ адамға қалау еркіндігін берген, істеген амалдарынан жауапты болады.

Өлтірілген де, өз-өзіне қол жұмсағандар да ажалымен өледі. Ажалсыз өлім болмайды. Құран кәрімде былай бұйырады: «Ешкім ажалын ертелете алмайды және кешіктіре алмайды.» (Араф 34)

Өз-өзін өлтірген мұсылманның намазы оқылады. (Дурр-ул-мухтар)

Өлгеннен кейін барлық адам тіріледі.

Қабір сұрағы, қабірде рухтың денеге қайтарылуы және кәпірлер мен күнәһар мұсылмандар үшін қабір азабы бар.

Мұсылмандардың жаннатқа кіруі Аллаһтың мейірімімен болады. Өйткені ешкім амалымен жаннатқа лайықты бола алмайды.

Адамдар, қайта тірілгенінде есепке тартылады. Амалдар мизан таразында тартылады.

Пайғамбарлар, ғалымдар және салих кісілер күнәһарларға шапағат етеді. Пайғамбарымыздың шапағаты үлкен күнә жасағандар үшін болады. Таудай үлкен күнәсі болғандар да, аз немесе көп шапағатқа қауышады. Кешірім мен шапағатқа қауышқандардан басқа бүкіл күнәһарлар барлық күнәларының жазасын тартады. Хадис шәрифте былай бұйырған: “Әрбір пайғамбардың қабыл болған дұғасы бар. Мен өз дұғамды үмметіме шапағат ету үшін ақыретке қалдырдым” (Бұхари)

Шапағатты мойындамаудан сақтану керек. Себебі хадисте: “Шапағатыма сенбегендер оған қауыша алмайды” деп бұйырған. (Шира)

Күнаһар мүміндер тозақта мәңгілік қалмайды. Ал кәпірлер мәңгілік тозақта жанады. (Бақара 81)

Қияметтің белгілеріне сену керек. Хадис шәрифте былай бұйырады: “Мына белгілер шықпай қиямет болмайды: Күн батыстан туылады, үш жер батады, Иса көктен түседі, Думан, Дәббатул арз, Дежжал, Иа’жуж-ма’жуж және Аденнен бір от шығады.” (Муслим)

Хазреті Мәһдидің келетініне сену керек. Хадисте айтылған: “Қиямет болмастан бұрын Аллаһу та’ала менің ұрпағымнан біреуін жаратады, есімі менің есімімдей, әкесінің есімі менің әкемнің есіміндей болады. Одан бұрын дүние зұлымдыққа толы болса, оның заманында әділеттікке толады.” (Тирмизи, И.Асакир)

          Бұл мәліметтердің барлығы “Фикхи әкбар, Әмали, Р.Насихин, Мәктубати Раббани, Фәраид-ул фәуаид” кітаптарынан алынған. Басқа кітаптардан алынған дерек көздері сөйлемнің соңында білдірілген.

 

            Дұрыс сенімде болудың маңызы

            Сұрақ: Дұрыс сенімде болу мәселесінде көбірек тоқталуыңыздың себебі неде?

            Жауап: Себебі сенім дұрыс болмай жасалған ғибадаттың пайдасы болмайды. Дұрыс сенім - әһли сүннет сенімі. Дұрыс сенім 1 санына ұқсайды. Ықыласпен жасалған ғибадаттар оң жағынан тіркелетін 0 саны сияқты. Бір нөл қойылса 10, екі нөл болса 100 болады. Оң жағына қанша көп нөл қойылса санның мөлшері де соншалықты арта түседі. Ал 1 санын алып тастасақ барлығы да нөл болады. Ықылассыз яғни рия (көрсету) үшін жасалған амалдар, 1 санының сол жағына қойылған нөлдерге ұқсайды және қанша көп нөл қойғанымен мөлшері де өспейді. Әһли сүннет сенімі болмаса ғибадаттардың еш пайдасы болмайды. Осыншалықты маңызды болғандықтан Убәйдуллаһ Ахрар хазреті “Барлық кереметтерді бізге берсе, бірақ сеніміміз дұрыс болмаса, жағдайымыз мүшкіл болмақ. Егер барлық жамандықарды бізге берсе, бірақ сеніміміз дұрыс болса онда мүлдем ренжімейміз” деп бұйырған.

 

            Сенімі дұрыс болғандар

            Сұрақ: Сенімі дұрыс мұсылмандарды тозаққа кірмейді делінеді, сонда жасаған күнәлары не болмақ?

            Жауап: Харамдардан ұзақ болған, ғибадаттарын орындаған мұсылман – Аллаһтың досы. Аллаһ достарын тозаққа тастамайды. Бір хадисте айтылған:

             «Ант етемін, Аллаһ досын отқа тастамайды» (Жами-ус-сағир)

 

            Егер мұсылман күпірге түспесе, дүниедегі тартқан қиыншылықтары күнәларына кәфарат (кешірім) болады, шапағатқа қауышады және тозаққа да мүлдем кірмейді.

 

            Әһли сүннет жолының екі негізі

            Сұрақ: Әһли сүннет ілімдерінің бүгінге дейін бұзылмай келуігің себебі неде?

            Жауап: Әһли сүннет ғалымдарының еңбектерінің арқасында бұзылудан қорғалып келген. Әһли сүннет ғалымдары мына екі нәрсені қатты ұстанған:

 

            Біріншісі: Дін ілімдерін өз күйінде қорғап, одан еш нәрсе алып тастамады.

 

            Екіншісі: Өздерінен ешнәрсе қоспады. Яғни сүннетке мойынсұнып, бидғатқа қарсы шықты.  

 

            Сүннетке мойынсұну дегеніміз, исламға мойынсұну деген сөз. Бірақ білдірілгеніндей еш өзгертпестен мойынсұну керек. Сондықтан әһли сүннет ғалымдары расулуллаһ “алейһиссаламнан” келген ілімдерге еш нәрсе қоспаған және ешнәрсе кемітпеген. Мәтіндердің негізін алған және оған шархтер (түсініктемелер) жасаған яғни ашықтаған. Міне сондықтан әһли сүннет сенімі осы күнге дейін бұзылмай жеткен.

 

            Иманды қорғау

            Сұрақ: Иманды қорғау үшін не нәрселерге мән беру керек?

            Жауап: Иман бес қабатты ғимаратқа ұқсайды. Бұлар мыс, темір, қола, күміс және алтын қабаттары.

1-     Мыс қабаты – әдеп.

2-     Темір қабаты – сүннеттер.

3-     Қола қабаты – парыздар.

4-     Күміс қабаты – ықылас.

5-     Алтын қабаты – Аллаһу та’алаға жақындық.

            Әдептерге мән бермеген адам, сүннетке жол таба алмайды. Сүннетке мойынсұнбаған адам, парызға жол таба алмайды. Парызды орындамаған, ықыласқа жол таба алмайды. Ықыласы болмаған адам Аллаһу та’аланың махаббатына қауышуға жол таба алмайды.

 

            Демек соңғы яғни бесінші қабатқа көтерілу үшін рет-ретімен бірінші, екінші, үшінші және төртінші қабаттардан өтіп бару керек. Бұл қабаттардан өтпей тұрып бірден бесінші қабатқа шыға алмайсың.