12 - Рабиул-ахир, 1446 жыл.
     15 - Қазан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Екі күні бірдей болған адам зиянда

Екі күні бірдей болған адам зиянда

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Расулуллаһ алейһиссалам: «Екі күні бірдей болған адам алданды, ал бүгіні кешегі күннен жаман болған адам лағнеттелген» деді.

Екі күні бірдей болмау – зиянға түспеу деген сөз, бүгін кешегіден көбірек ғибадат жасау емес. Әркімнің белгілі бір сауабы бар. Бүгін аздаған сауап жасалса, кешегіге қарағанда сауабымыз артуда деген сөз. Демек, тек көп сауап істеу ғана жеткіліксіз, сауаптарды құртатын күнәлардан да сақтану қажет.

Біреуді ренжітіп немесе біреуді ғайбаттап, оның күнәсін алған кезімізде өте үлкен зиянға ұшыраған боламыз. Адам күнә істеуден тартынбайтын болса, Аллаһ сақтасын, уақыт өте ғибадаттар нөлге айналуы мүмкін. Тіпті күнәларды жеңіл санай бастағанда күпірге түсуі де мүмкін.

Күнде бірдей ғибадаттарды жасайтын, мысалы күнде бес уақыт намаз оқитын адам, күнәлардан да сақтанатын болса, зиянда емес, тіпті үлкен табысқа жеткен болады. Намаз оқымайтын адам күн сайын зиянын көбейтуде. Намаз оқымау харам болғандықтан, күнде таулардай күнәға батуда. Сауаптары бар болса да, бұл күнәлар ол сауаптарды да жойып жібереді.

Намаз оқымайтын адамның басқа жақсылықтарына онсыз да сауап берілмейді, яғни намаз оқымау күнәсі сол сауаптарды жойып жібереді.

 

Өкінбеу үшін

Қиямет күніндегі өкінуден кері қайтатын жол жоқ. Ол жақта кәпірлер Аллаһу та'алаға жалбарынады. «Йа, Раббым, бізді қайтадан дүниеге жібер, бүкіл әмірлер мен тыйымдарды орындаймыз, мүлдем қарсы шықпаймыз» дейді. Оларға «Сендер онсыз да сол жақтан келмедіңдер ме?» делінеді.

Ахиретке баратын жол бір тарапты. Тек кету бар, қайту жоқ. Күндер тез өтіп жатыр. Кетуден бұрын мойнымызға түскен міндет не болса, соған қатты мән беру керек.

Дінге қызмет ету өте құнды. Дұға ету керек, сонда Аллаһу та'ала дінімізге жасалатын қызметтер арасында біздің әуре болуымызды жалғастырсын! Өйткені Аллаһу та'ала дінге қызметті қай жолмен болса да жалғастырады. Тіпті хадис шәрифте: «Аллаһу та'ала қаласа, фажирлер (күнәхарлар) арқылы да бұл дінді жаяды» делінген.

Әһли сүннет кітаптарын жайып, дінге қызмет етсек, біз табысқа жетеміз. Бірнеше кітап беру арқылы болса да, бұл ниғметтен мақрұм қалмау керек. Бұл істі жасағандарға дұға ету де керек.