7 - Рабиул-ахир, 1446 жыл.
     10 - Қазан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Жәннаттың ең үлкен дәрежесі кімге тән?

Жәннаттың ең үлкен дәрежесі кімге тән?

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Әулиелерді көру, есімдерін атау, оларды ойлау, көз алдына елестету – ең үлкен ғибадат. Аллаһ достарын жақсы көру – ғибадат. Ислам дінінің негізі махаббатқа, сүйіспеншілікке сүйенеді. Аллаһтың достарын танимыз, содан кейін оларды жақсы көреміз. Ал жақсы көру олардың жолымен жүру деген сөз.

Жәннаттың ең жоғарғы дәрежесі шәһидтерге емес, Ислам дінін жайғандарға тән. Шәһидтер де Ислам дінін жаю үшін шәһид болса, сол дәрежелерге жетеді.

Пайғамбарымыз алейһиссаламнан «Адамдардың ең қадірлісі кім?» деп сұрағанда: «Ілім үйренген және үйреткен адам» деп жауап берген. Тек үйрену жетпейді. Үйренгенін де үйретуі керек. Негізгі қажет болғаны осы. Біреуге бір дұрыс кітап беру де үйретуге жатады. Сүйікті пайғамбарымыздың сүйіншісі осы. Ілім үйренгеннен кейін үйрету үшін ілімді жаю керек. Бұл іс те бұл заманда кітап беру арқылы жүзеге асады. Ілім үйренгендер және Аллаһтың пенделеріне мұны жайғандар қандай бақытты!

Мұны орындаған кезде де фитнаның шықпауына қатты мән беру керек. Шәйһ Сади хазреттері Гүлістан кітабында: «Фитна шығаратын дұрыс сөз фитнаның алдын алатын жалғаннан да зиянды. Мәселені шешетін өтірік фитна шығаратын дұрыс сөзден жақсырақ» деген.

Хубби филлаһ – Аллаһтың достарын жақсы көру, буғди филлаһ – Аллаһтың дұшпандарын жақсы көрмеу деген сөз. Бұлар жүрекпен жасалады. Бұлардың орны – жүрек. Яғни аяқ-қолмен, қарумен жасалмайды. Ақымақ болған адамға берілетін жауап – үндемеу. Ақымақпен абайлап сөйлесу керек, оның көптеген сөздеріне жауап бермеу керек. Әр сөзіне жауап берілсе, оның дұшпандығы артады.

Көп сөйлейтін адамның ақылының аз екендігі аңғарылады. Қажеттіліксіз сөйлемеу керек. Ешбір жиында, ешбір жерде, ешкімге қажетсіз ештеңе айтпау керек. Әсіресе сөз тартысуға тыйым салынады. Доспен де сөз тартыспау керек, дұшпанмен де сөз тартысу зиянды. Доспен сөз тартысқан жағдайда арадағы сүйіспеншілік азаяды, ал дұшпанмен сөз тартысқан жағдайда дұшпандық артады.

Аллаһу та'ала бәрімізді ақыр заман фитналарынан сақтасын! Имам Раббани хазреттері 400 жыл бұрын «Ақыр заман фитналары басталды» деген. Қазір дәл ортасында жүзіп жүрміз фитналардың. Аллаһу та'ала қорғасын! Сондықтан бір-бірімізге әрдайым дұға етуіміз керек, білдірпей артынан жасалған дұға қабыл болады.

«Фитна, бүлік заманында сүннетіме жармасқан адамға жүз шәһид сауабы беріледі» хадис шәрифіндегі сүннет – Әһли сүннет жолы деген сөз. Яғни бұл заманда Әһли сүннет кітаптарына жармасқан адамдарға жүз шәһид сауабы беріледі.