8 - Рабиул-ахир, 1446 жыл.
     11 - Қазан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Не дүние, не ахирет

Не дүние, не ахирет

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Ахирет – дүниенің терісі. Дүние қиыншылық, ал ахирет рахаттық мекені. Жәннатта көздер көрмеген, құлақ естімеген, ақылға симайтын ниғметтер бар. Дүниеде зауық пен рахаттыққа берілген адам ахиретте бұлардан мақрұм қалады. Дүниеде Аллаһу та'аладан қорқпаған адам ахиретте қатты қорқады. Дүние өткінші, ал ахирет мәңгі.

Адам не дүниені, не ахиретті таңдайды. Дүниені таңдаған адам ахиретті тәрк етіп, тек дүниеге байланған болса, тек дүниелікке қол жеткізуге тырысып жатқан болса, тек дүниелікке табынса, оның жағдайы бітті деген сөз. Алайда ахиретті тәрк етпестен нәпсіне алданғаны үшін дүниеге де бет бұрған мүминнің құтылу үміті бар.

Дүниенің өзі емес, дүниеге деген сүйіспеншілік жаман. Бір жүректе екі махаббат, екі сүйіспеншілік болмайды. Бір адам бірдей екі жерге, мысалы әрі Меккеге, әрі Парижға бара алмайды. Адам не ахирет, не дүние жолаушысы. Ахирет жолаушысы болған адам ең үлкен күнәларды істесе де, өкініп тәубе етсе, Аллаһу та'ала оны кешіреді. Тәубе етпей өлсе, бұл жағдайда да кешірімге, шапағатқа қауышуы мүмкін. Қауыша алмаса да, өлім, қабір, махшар және соңында тозақ азаптарымен кешіріледі. Өйткені оның иманы бар. Дүниені таңдап, ахиретті толығымен тастап, кәпір болып өлсе, бұл жағдайда оның құтылу үміті қалмайды.

Адамдарға Аллаһты және Расулын таныту, ахиретті еске түсіру, дұрыс кітап беру арқылы Ислам дінін үйрету керек. Ғибадат тек иманды болғандарға ғана парыз болады. Имансызға ғибадат парыз емес. Осы себептен, ең көп тоқталатын мәселе – иман. Негізгі тамыры осы. Бұтақтары, жапырақтары және жемістері, яғни ғибадаттар кейіннен келеді. Ғибадаттар міндетті түрде қажет, бірақ иман, яғни тамыр жоқ болса, ағаш онсыз да бола алмайды. Осы себептен Сәйид Абдулхаким Арваси хазреттері «Біздің негізгі дертіміз, негізгі мақсатымыз – иманды қорғау. Күпір Жәйхун (Әмудария) өзені сияқты ағып жатыр. Тек, күшті ағыс ағаштың қуысына кірген сабан шыбығын ағызып кете алмағаны сияқты, Имам Раббани хазреттері сияқты бір әулиенің, осындай ұлы ағаштың қуысында қорғанған мұсылмандарды алып кете алмайды, олар құтылады. Әйтпесе бұл ағысқа қарсы тұру, бұл ағыстан құтылу мүмкін емес» деген.

Осы әулиелерді таныған, жақсы көрген, кітаптарына жабысқан, бір кітабына қол жеткізген адам күпір селінің ағызып кетуінен құтыла алады. Сондықтан, олардың кітаптарын барлық жерге жеткізіп, әрі тікелей өзіміздің, әрі көптеген адамдардың құтылуына тырысуымыз керек.