4 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     6 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Әдеп-ахлақ / Мұсылманның сипаты

Мұсылманның сипаты

Сұрақ: Мұсылмандар, жалпы алғанда, қандай болуы керек?

Жауап: Мұсылмандар бір-біріне құрмет көрсетеді, жәрдемдесуге асығады. Дін жолында және дүниелік істерде қиыншылыққа түскенін көргенде құтқарады. Қасиетті Рамазан айын, ораза ұстаушыларды, мешіттерді, азанды, намаз оқитындарды, Аллаһ жолында жүргендерді жақсы көреді және құрметтейді. Құран кәрім оқылғанда үндемей құрметпен тыңдайды. Құран кәрімді барлық кітаптың ең үстіне қойып, оның үстіне ештеңе қоймайды. Музыка және ішкілік ортамдарда, ойын-сауық жерлерінде оқымайды. Дұрыс оқылмай жатқанда мұны тоқтата алмаса, тыңдамай кетіп қалады. Құран кәрімді немесе беттерін немесе қатарларын немесе сөздерін және бүкіл қасиетті есімдері мен жазуларын қорланған және төмен жерлерде көргенде, жүректері ауырып, дереу көтереді. Құл (кісі) және жануар ақыларына мән береді. Кәпірлердің, саяхатшылардың да мал-мүлкіне, жанына және намысына тиіспейді. Салықтарын уақытылы өтейді. Заңға қарсы шықпайды. Исламның жақсы ахлақымен өмір сүріп, баршаның сүйіспеншілік пен құрметін жинайды. Ал кәпірлер Құран кәрімді, мәулітті және бүкіл қасиетті есімдер мен жазуларды құрметтен, қадірліктен түсіруге тырысады. Бұларды Аллаһу та'ала тыйым салған күйде, сондай жерлерде оқиды және оқытады. Мұсылмандар төмен деп санаған, лас деп қабылдаған нәрселердің арасына жазады. Пакеттерге, ойын-сауық жерлеріне, төсеніш ретінде қолдануы, қорлауы және жерде аяқасты болуы үшін журналдарға, қағаздарға және газеттерге басып шығарады.

Спектакльдерде, әзіл-сықақ театрларда, комедияларда, карикатураларда, киноларда, плакаттарда, теледидарда және радиоларда мұсылмандарды, ғұламаларды және Аллаһу та'аланың әмірлерін мазақ қылады. Бұлардың бәрінде мұсылман ретінде лас, күлкілі бір қаңғыбасты көрсетеді. Яғни мұсылмандарды және мұсылмандықты қор қылып, оны жағымсыз және жек көрінішті қылып танытады. Мұсылмандардың ұлыларына және мұсылмандықта ұлы деп саналған нәрселерге жаман атаулар тағады. Мұсылмандар осы сияқты көрсетілімдерді, сөздерді, жазбаларды және газеттерді көруге, тыңдауға бармау керек, алмауы және оқымауы керек. Имандарын ұрлатып алмау үшін көкірегі ояу болуы тиіс. Бір дін ғалымын ұнатпаған немесе бір діни кітабын айыпты, қате деп айтқан адам егер намаз оқитын, ораза ұстайтын, харамдардан сақтанатын адам болса, ол адамның сөзі немесе жазуын тексеруге, сол ғалым немесе кітапқа тоқталуға арзиды. Діни кітапқа, дін адамына тіл тигізген адам ғибадат жасамайтын және харамдардан сақтанбайтын болса, оның сөзінің жала, дін дұшпандығы екендігін түсіну керек және осылай сену қажет.

Ислам ғалымдарына (рахметуллаһи та'ала алейһим әжма'ин), діни кітаптарға қара дақ түсіру қазіргі дін дұшпандарының әдеті және қаруы болған. Ғалымның қадірін тек ғалым түсінеді. Гүлдің қадірін бұлбұл, алтынның сынамасын зергер, інжу тасының тазасын да тек химик түсінеді.

Мұсылмандар Аллаһу та'ала тыйым салған, зиянды нәрселерді алмайды, қолданбайды, тыңдамайды, оқымайды және қарамайды. Ешкімге жамандық жасамайды. Өзіне зиян тигізгенге қайтарым бермейді. Сабыр етеді. Оған жылы сөзбен, күлімдеген жүзімен насихат айтады. Мұсылмандар Аллаһу та'ала әмір еткен жақсы нәрселерді үйренуге, үйретуге және орындауға тырысады. Жаратылыстану білімдерін кәпірлерден де іздеп үйренеді. (С.Әбәдийа, 36-37 беттер)