18 - Шәууал, 1445 жыл.
     27 - Сәуір, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Иман және Ислам / Иман / Жәннат есіктері ашылады

Жәннат есіктері ашылады

Сұрақ: Бір хадисте: «Рамазанда жәннат есіктері ашылады, тозақ есіктері жабылады» делінеді. Жәннаттың есіктері ашылады, тозақтың есіктері жабылады дегені қай мағынада айтылған? Бір жақсылық жасағанда да «Жәннаттың есігін аштың» деп жатады. Сонда жәннаттың есігі жабық тұр да, біз ашып жатырмыз ба?

Жауап: Біз ашпаймыз, амалымызға қарай ашылады. Иман келтіріп, салих амал істегендерге жәннаттың есіктері ашылады, ал кәпірлерге тозақтың есігі ашылады. Мұсылман бір адамға «Жәннаттың есігін аштың» деп айту – «Жәннатқа кіруге себеп болатын амал жасадың, жәннатқа кіруге лайықты болдың» деген сөз.

Осындай ынталандырушы, сүйіншілеуші хадис шәрифтер сенімі дұрыс болған мұсылмандарға қатысты. Кәпірлер мұсылман болмағанша, не істесе де, жәннатқа кіре алмайды.

Жәннаттың есіктері қашан ашылады, яғни адам жәннатқа кіруге қай кезде лайықты болады? Қай амалдарды істегенде жәннатқа кіре аламыз? Бұл жайындағы хадис шәрифтердің кейбірлері мынадай:

«Ражаб айында 7 күн ораза ұстаған адамға тозақ есіктері жабылады. 8 күн ораза ұстаған адамға жәннаттың 8 есігі ашылады.» (Табарани) (Осы күндерде ораза ұстаған адамның жәннатқа кіре алатындығы білдірілуде.)

«Намаз оқуға тұрған адамға жәннат есіктері ашылады.» (Табарани) (Намаз оқитын адамның жәннатқа кіре алатындығы білдірілуде.)

«Жұма, дүйсенбі және бейсенбі күндері жәннаттың есіктері ашылады.» (Мүслим) (Бұл күндерде көбірек ғибадат жасауға кеңес беріледі.)

«Бисмиллаһпен бастап, жақсылап алынған дәрет кезінде әр мүшені жуарда калима-и шаһадат оқыған адамға және дәреттен кейін де "Аллаһумма әж'ални минәттәууәбина уәжални минәл мутатаһһирин" деп оқыған адамға жәннаттың сегіз есігі ашылады. Қалаған есіктен ішке кіреді.» (Мүслим, Әбу Дауд, Тирмизи, Нәсаи, Хаким) (Сүннеттеріне, мүстаһабтарына мән беріп алынған дәреттің және оқылған дұғалардың ол адамды жәннатқа кіргізе алатындығы білдірілуде.)

«Ілім үйрену үшін үйінен шыққан адамға жәннаттан бір есік ашылады.» (И.Асакир) (Мұсылмандарға пайдалы болу үшін дінге сай ілім үйренушілердің жәннатқа кіре алатындығы білдірілуде.)

«Аллаһ разылығы үшін ата-анасына бағынған күйде таң атқызған адамға жәннаттан екі есік ашылады. Ата-ананың бірі бар болса, бір есік ашылады.» (И.Асакир) (Ата-анасын дінге сай разы қылған мұсылман перзенттің жәннатқа кіре алатыны білдірілуде.)

«Бес уақыт намаз оқыған, Рамазан оразасын ұстаған, зекетін берген және жеті үлкен күнәдан сақтанған адамға жәннаттың барлық есіктері ашылады, "Саламаттықпен және сенімді болып кір" делінеді.» (Нәсаи) (Парыздарды орындап, харамдардан сақтанған мұсылманның жәннатқа кіре алатындығы білдірілуде.)

«Ха-мимдер жетеу. Тозақтың есіктері де жетеу. Әрбірі тозақтың бір есігіне келеді, "Йа, Рабби, маған сеніп, мені оқыған адамды бұл есіктен кіргізбе!" дейді.» (Бәйһақи) (Құран кәрімде аталған аяттарды оқыған адамның жәннатқа кіре алатындығы білдірілуде.)

«Дұрыс болыңдар. Дұрыстық – жәннат есіктерінің бір есігі. Өтіріктен сақ болыңдар. Өтірік – тозақ есіктерінен бір есік.» (Хатиб) (Дұрыс болғандардың жәннатқа, өтірікшілердің тозаққа кіре алатыны білдірілуде. Ондай сөздер зикрул жуз, ирадатул кул түрінен. Яғни мәселенің бір немесе бір бөлімі білдіріледі, толығы көзделеді. Кәпір де дұрыс айтуы мүмкін, бірақ кәпір дұрыс сөйлесе де, жәннатқа кірмейді, мұсылман өтірік айтса да, жәннатқа соңында міндетті түрде кіреді.)