10 - Рабиул-ахир, 1446 жыл.
     13 - Қазан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Жәннат болған үй

Жәннат болған үй

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Пайғамбарымыз алейһиссалам: «Адамдардың қайырлысы – адамдарға пайдалы болғаны, адамдардың жаманы – адамдарға зиянды болғаны» деген.

Күнәлар екіге бөлінеді: Біріншісі, Аллаһу та'ала мен құл арасындағы күнәлар. Екіншісі, құлдар арасындағы күнәлар, яғни құл (кісі) ақысы. Имам Раббани хазреттері «Бір мүминнің мойнында аздаған құл (кісі) ақысы бар болса, бұл құл ақысынан құтылмағанша, халалдаспағанша (кешірімін алмағанша), бүкіл пайғамбарлардың ғибадатын жасаса да, жәннатқа кіре алмайды» деген.

Әһли сүннет ғалымдары: «Құл ақысына мән бермейтін адам үйленбеу керек» дейді. Үйленетін болса, онда білсін, үйленген жұбайы – Аллаһу та'аланың пендесі. Құл ақысы өтпеуі үшін біреуден жанкештілік күтудің орнына өзі жанкештілік көрсету керек. Ол үшін адам әуелі өзінен беру керек. Өзі бермеген бола тұра біреуден бір нәрсе күту немесе талап ету дұрыс емес. Міне осы сөздер үйленген мұсылмандарға өсиет, насихат. Бұлар үйленбекші болғандардың құлақтарына алтын сырға. Құтылу немесе пәлекетке түсу осы шешімге байланысты. Әйел – Аллаһтың пендесі, құл, тұтқын емес. Ол да мұсылман. Орамалын тағып, намазын оқып жүрген болса, ол – жәннаттан дүниеге түскен ниғметтің бірі.

 

Шектен шығу болмаса

Бір әулие уағызында «Салиха әйелге дүниелік істерге қатысты ештеңе айтуға болмайды» дейді. Сонда сол жақта отырған бір адам таңданып: «Ұстаз, ештеңе айтпау мүмкін бе?» деп сұрайды. Әулие кісі жауап береді:

Мүмкін болмаса бұлай айтылмас еді. Орындалмайтын амалды айтудың жауапкершілігі бар. Шынында, Аллаһу та'ала Құран кәрімде: «Сен өзің жасамайтын нәрсеңді өзгеге қалайша айтасың?» деген. Біздің жағдайымыз жақсы, ешқандай қиындық жоқ, неліктен? Мұсылмандыққа сай өмір сүргеніміз үшін. Әйелім мұсылмандыққа сай өмір сүреді, мен де. Ол да құл ақысын біледі, мен де білемін. Ол да өзінің міндеттерін біледі, менде білемін. Басқа не қалды? Онсыз да, әдеп – өз шегін білу деген сөз, ол да өз шегін біледі, мен де өз шегімді білемін, шектен шығу жоқ. Шектен шығу болмаса, айналаның бәрі гүл бақшасы болады.

Хазреті Әли «Тұрмысы жақсы болған үй – жәннат, тұрмысы жаман болған үй – тозақ» деген. Нәпістің қалауларын орындау үшін өмірімізді тозаққа айналдыру – ақылды адамның ісі емес. Дінге қайшы әрекет жасап, құл ақысына түсіп, дүниесін тозаққа айналдырған адам ахиретін де жоғалтқан болады.