4 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     6 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Әдеп-ахлақ / Мазақ қылу

Мазақ қылу

Сұрақ: Мұсылмандарды мазақ қылатындарға қалай қарауымыз керек?

Жауап: Имам Раббани хазреттері былай деген:

Үндістандағы Ислам дұшпандарының азғындығын көріп жүрміз. Мұсылмандарды мазақ қылуда. Мұсылмандарды жамандауда. Қолдарына мүмкіндік түссе, шамалары жетсе, мұсылмандарға кез келген қорлықты жасайды. Тіпті бәрін өлтіреді. Немесе оларды діннен, иманнан айырады. Ислам тәрбиесін, әдебін, ар-намысын, қадірін жоқ қылады. Олай болса, мұсылмандардың осы азғындаған кәпірлерге бағынбауы, олардан сақтануы, оларға алданбауы, бұл нәрсеге Аллаһу та'аладан ұялуы керек. «Ұят иманнан» делінген. Мұсылман болған адамның мұндай жаман әрекеттерден сақтануы қажет. Ислам дұшпандарын, Аллаһтың бұйрықтарымен келемеждейтіндерді, халалға, харамға мән бермейтіндерді зиянды адам деп білу керек. Оларды төмен ұстау керек. Оларға жәрдемі тиіп кететін барлық әрекеттен сақтану қажет.

Адамның мұсылман екенінің белгісі – Ислам дұшпандарын тануы, оларға алданбауы, сөздерін тыңдамауы. Аллаһу та'ала Құран кәрімде Тәубе сүресі 28-ші аятында кәпірлерге Нәжіс, яғни лас деді. 95-ші аятында да Рижс деді. Рижс сөзі де лас дегенді білдіреді. Сондықтан мұсылмандардың өздерін мазақ қылған кәпірлерді лас және зиянды білуі керек. Осылай білсе, олармен достық құрмайды, оларды жақсы көрмейді, олардан аулақ жүреді. Олармен бірге болудан жиіркенеді. Осындай кәпірлермен ақылдасу, жұмыстарды олармен кеңесіп, олардың сөзімен әрекет ету – осы дін дұшпандарын құрметтеу болып саналады. Әрі оларды қадірлеу болады.

Олардан жәрдем, шипа күту және олар арқылы дұға мен ғибадат жасау босқа әурелену болып саналады. Мүмин сүресінің 50-ші аятында және Рад сүресінің 14-ші аятында: «Кәпірлердің дұғалары – тек қана адасушылық» делінген. Яғни Ислам дұшпандарының дұғалары қабыл болмайды, мүлдем пайда келтірмейді. Кәпірлер, поптар арқылы жасалған дұғаларды Аллаһу та'ала ешқашан қабыл етпейді. Ондай дұғалардың мұсылмандарға пайдасы тимейді. Тек осы жолмен ол дінсіздерге құрмет көрсетілген болады. Олар дұға еткенде пұттарын, Аллаһтың дұшпандарын араға қояды. Олардан дұға күтудің жамандығының қай жерге дейін баратынын, мұсылмандықтың негізінен бұзылып, түбінің де қалмайтынын осыдан да түсіну керек.

Әулиелердің бірі былай айтқан:

«Сендерден бірің диуана болмағанша, толық мұсылман бола алмайсыңдар.» Бұл жерде «Диуана болу» дегені – Ислам дінін жаюға күш салу және осы кезде өз жеке пайдасы мен зиянын ойламау деген сөз. Мұсылмандыққа тиіспесе болды, не болса да бәрібір! Тек мұсылмандыққа зиян тимесін! Мұсылмандық дегеніміз – Аллаһу та'ала және Оның пайғамбары разы болған, ұнатқан нәрселер деген сөз. Аллаһу та'ала разы болған нәрселерден артық және құнды не болуы мүмкін?» (1 том, 163 хат)

 

Күпірге себеп болатын сөздер

Құнды кітаптарда былай жазылған:

«Күпірге себеп болатын бір сөзді, ешкім қорқытпаған болса да, айтқан адамның иманы кетеді. Өйткені әр мұсылманның білуі қажет болған нәрселерді үйренуі парыз. Білмеуі үзір (кешірімді себеп) болмайды, үлкен күнә болады. Күпірге түскен адамның әуелгі ғибадаттары жойылады. Тәубе етсе, кері қайтарылмайды. Тәубе ету үшін тек калима-и шаһадат айту жеткіліксіз. Күпірге себеп болған нәрсеге де тәубе етуі қажет.» (Бәриқа, Хадиқа)

Бурханәддин Марғинани хазреттері «Құран кәрімді әуендетіп оқыған қариға "Қандай әдемі оқыдың" деген адамның иманы кетеді. Иманды және некені жаңалауы қажет болады» деген. (Дуррул мунтәқа)

Әбу Насыр Дәббуси хазреттері Қазы Захирәддин Харезми хазреттерінен жеткізіп былай дейді:

«Бір әншіні тыңдаған немесе қандай да бір харам істі көрген адам харам екеніне сеніп немесе сенбей бұған "Қандай тамаша" десе, сол сәтте иманы кетеді.» (Сүйіншілеуші хаттар, 266)

«Кәпірлердің ғибадат ретінде жасағандары және кәпірлік белгісі болған және Ислам дінін жоққа шығару, сенбеу белгісі болған және қорлауымыз қажет болған нәрселерді істеген және қолданған адам кәпір болады. Бұлардың баршаға мәлім болғандарын білмей немесе қалжың ретінде немесе адамдарды күлдіру үшін істеген адам да кәпір болады.» (Биргиуи өсиетнамасы)

«Зәрури болған және қуатты хабармен білдірілген діни білімдеріне сенбеген адам кәпір болады. Сенбегенін білдіретін әр сөз, қалжың ретінде айтылса да, қалаусыз айтылса да, күпір болады.» (Миләл-нихал)

«Күпірге себеп болған бір әрекетті істеу күпір болады. Мысалы белге зүннар деп аталатын поп белбеуін байлау және күпірге тән киім кию де осындай. Бұларды әзіл үшін, басқаларды күлдіру үшін қалжың ретінде қолдану да күпірге себеп болады. Сенімінің дұрыс болуы да пайдасын тигізбейді.» (Бәриқа)

Мифтах-ул-жәнна кітабында былай жазылған:

«Пәлен мұсылман менің көзімде яһуди сияқты» деп айту күпір. Ахиретте болатын нәрселерді мазақ қылу күпір. Қабірдегі және қияметтегі азаптарды ақылға, ғылымға сай емес деп сенбеу, «Пайыз халал болғанда ғой» деу, Ислам білімдерін және дін ғалымдарын кішімсіну де күпір.

Ақылды, білімді, әдебиетші екенін көрсету үшін немесе қасындағы адамдарды күлдіру, қуанту үшін немесе келемеждеу үшін айтылған сөздерде күпірге түсуден қатты қорқу керек. Бір адам кіші күнә істесе, оған «Тәубе ет» делінгенде «Тәубе ететіндей ештеңе істемедім ғой...» десе, кәпір болады.

«Пәлен зат пәлен адамда жоқ, бар болса кәпір болып кетейін» деп ант етсе, ол зат сол адамда бар болса да, болмаса да, кәпір болып кетейін дегені үшін күпірге түскен болады. Кәпірлердің ғибадаттарына, Ислам дініне қайшы әрекеттеріне тамаша деп айту да күпір.

Бір әйел беліне қара жіп байласа, «Бұл не?» деген сұраққа «Зүннар» десе, кәпір болады. «Насрани болу яһуди болудан, (америкалық кәпір болу коммунист болудан) жақсырақ» деп айту күпір.

«Білім алу дәрісінде менің не жұмысым бар» немесе «Дін ғұламаларының сөзі неге жарайды» деп айту күпір болады. Бір адам біреуге «Кел, фиқһ кітабын оқиық» десе, ол «Мен ілімді не істеймін» десе, білімді менсінбегені үшін кәпір болады. (Мифтах-ул-жәнна)

 

Сұрақ: Біреулер дінді, Аллаһты мазақтайды. Жаман жалалар жабады. Сондай адам тәубе етсе, кешіріледі ме?

Жауап: Әлбетте, ең азғын кәпір өкініп, шын ықыласымен калима-и шаһадат келтірсе, тап-таза мұсылман болады. Бүкіл күнәлары кешіріледі. Ал дінді мазақ қылуын жалғастырған адам жазасыз қалмайды. Құран кәрімде былай делінеді:

«Аллаһқа қарсы жалған ойлап шығарған адамдардың жүздері қияметте қап-қара болады.» (Зумәр 60)