8 - Рабиул-ахир, 1446 жыл.
     11 - Қазан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Ешкім соңғы деміне сенімді болмасын

Ешкім соңғы деміне сенімді болмасын

Әһли хикмет ғұламалар былай дейді:

Шынайы мейрам төрт-бес жерде емтиханды тапсырғаннан кейін ахиретте болады. Солардың біреуі – өлім жағдайы. Пайғамбарымыз алейһиссалам ант етіп былай деген:

«Бір мүмин өмірі бойы жәннаттық амал істейді және жәннатқа кіруіне бір зра ғана, яғни 40-50 сантиметр қалған. Сол жерде бір қателік істейді де, тозаққа кіреді. Бір кәпір 80 жыл күпір етеді, 80 жыл Жаратқанды мойындамай өтеді, оның тозаққа кіруіне бір зра қалған. Ол да тәубе етіп, калима-и шаһадат айтып, ешбір күнәсіз жәннатқа кіреді.»

Олай болса, Ашәрә-и мубәшшәрадан (жәннатпен тірі кезінде сүйіншіленген он кісіден) басқа ешкім соңғы деміне сенімді бола алмайды. Әрдайым ояу көкіректі болу керек, мұқият болу қажет. Иманды басымызда отырған ұшып кететін құс деп біліп, ұшырып аламауға тырысуымыз керек.

Екіншісі, қабір жағдайы. Ол қабірде сұрақтар болады, шатасу болуы мүмкін, Аллаһу та'ала қорғасын! Онда қай амалдарымызбен жеке қаламыз, соған дайындалу керек. Махшар майданында күн бір найза бойындай төмендейді. Дегенмен сүйіншілер бар. Мүминдер үшін бұл мерзім екі рәкат намаз оқитындай уақытқа созылады. Көлеңкенің астында болады, бірақ бұл сүйіншілер иманмен жан тапсырғандарға ғана қатысты.

Сырат көпірі бар. Оңай емес, ол жерде жеті сұрақ бар. Пайғамбарымыздың айтуынша, жетінші сұрақтан пайғамбарлар да қорққан. Бұл жеті сұрақ иман мен Әһли сүннет сенімі, ораза, намаз, қажылық, зекет, ғұсыл алу. Жетіншісі, құл (кісі) ақысы. Осы құл ақысынан бәріміз қатты қорқамыз. Бір адамға қабақ асып қарау да құл ақысына жатады. Пайғамбарымыз біреу шақырғанда оған мүбәрәк басымен емес, бүкіл денесімен бұрылатын еді, адам ренжіп қалмауы үшін. Неге маған олай қарады демесін деп.

Міне, осы барлық сұрақтарды өткеннен кейін шынайы мейрам басталады. Осыншалықты қауіпті, осыншалықты қорқынышты есептен, кітаптан, азаптан қорқатын болсақ, мұның бір жеңіл шарасы бар:

«Бұл есепті рахат және оңай тапсыратын адамдармен бірге болу.»

 

Мәулана Халид Бағдади хазреттері өлеңінде былай дейді:

«Аллаһтың құзырында лайықты мен лайықты болмағандар бірге.»

Яғни Аллаһтың құзырынан ішке кіруге лайық біреу бар болса, Аллаһу та'ала «Олар менің сүйікті құлыммен бірге болса, бәрін кіргізіңдер» дейді. Біз ол жерге лайықты болмасақ та, есептен кейін тікелей жәннатқа...

Раббымыз жақсылармен бірге болуды нәсіп етсін! Басқа жолмен құтылуымыз қиын.