Бұл көңіл ұйқысының себебі не?
Әһли хикмет ғұламалар былай дейді: Әулиелердің бірі кейбір шәкірттерінің бүкіл ескертпелеріне қарамастан нәпістеріне беріліп, ойын-сауықтың соңында жүргенін көргенде былай дейді: «Әр мұсылман өзін суға батып бара жатқан адам сияқты көре алмаса, жәрдем сұрай алмаса, өзін күйреген деп санамаса, қиыншылықтан құтыла алмайды. Ойын-сауық нәпіске жағымды келеді. Нәпсін Аллаһтың дұшпаны деп білмеген адам, нәпістің әр қалауына ерген адам оның тұзағына түсті деген сөз.» Сәйид Абдулқадир Гейлани хазреттері анасы жағынан сәйид, әкесі жағынан шәриф. Әлі жөргекте жатқан кезінде Рамазан айында күндіз ембейтін еді, ауызашардан кейін еметін болған. Тіпті сол жылы Рамазан айының соңында аспан бұлтты болды. Рамазан айының шыққан-шықпағанында күмән пайда болды. Адамдар анасынан баланың сүт емуі жайында сұрайды. Ембегенін білгенде Рамазанның жалғасқаны аңғарылып, ораза жалғасады. Бала кезінде жолда кетіп бара жатып періштелермен сөйлесетін, көпшілік болғандықтан періштелер «Жол беріңдер, жол беріңдер!» дейтін еді. Туылғаннан бері осындай мүбәрәк адам болған. Тіпті әлі туылмай тұрып пайғамбарымыз алейһиссалам әкесіне түсінде «Ей, Әбу Салих, Аллаһу та'ала бұл түні саған кәміл, жетілген және дәрежесі жоғары бір перзент нәсіп етті. Ол менің сүйікті ұлым. Әулиелер арасында оның дәрежесі жоғары болады» деген. Абдулқадир Гейлани хазреттері жас кезінен атақты ғалымдардың, тасаууф ғұламаларының қолында білім алған, өте жақсы жетілген. Кейін уағыз және дәріс бере бастады. Келушілер медресеге сыймай, көшеге дейін отыратын еді. Жағдай осындай бола тұра, бұлардың бәрін тастап, толық 25 жыл нәпсін тәрбиелеу үшін шөлдерді, тауларды кезеді. Ешкім оны танымайды, ол да ешкімді танымайды. 25 жыл тек шөп және ағаш жапырақтарын жейді. Нәпсі жайлы былай деген: «Нәпсім маған келіп, онымен дос болуым үшін жалбарынатын еді. Бет бұрмағанымда қинап істеткізуге тырысатын еді. Бір рет оны бүкіл рухани аурулардың үстінде қалаулары ап-анық, шайтандары бұйрығына дайын тұрғанын көрдім. Бір жыл тағы күрестім. Аллаһу та'аланың рұқсатымен ауруларын жаздым, қалауларын жойдым, шайтандарды қудым.» Абдулқадир Гейлани хазреттері сол мүбәрәк жағдайына қарамастан толық 25 жыл нәпсін тәрбиелеуге тырысқан болса, онда біздің нәпсіміздің соңынан жүруіміздің себебі не? Бұл көңіл ұйқысы мен батылдық қайдан келуде? Бұл ғапілдіктен (көңіл ұйқысынан) құтылуға тырысу керек. |