19 - Рамазан, 1445 жыл.
     29 - Наурыз, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Иман және Ислам / Тәфәккур деген не?

Тәфәккур деген не?

Сұрақ: Тәфәккурдың діндегі орны қандай?

Жауап: Тәфәккур – дінімізде маңызды бір ғибадат. Тәфәккур – күнәларын, махлұқтарды (жаратылыстарды) және өзін ойлау, Аллаһу та'ала жаратқан нәрселерден ғибрат алу деген сөз. Құран кәрімде жақсылар мақталып жатқанда былай делінеді:

«Олар тұрғанда, отырғанда, жанымен жатқанда үнемі Аллаһты еске алады, аспандар мен жердің жаратылысын егжей-тегжейлі ойлайды. "Ей, Раббымыз, сен бұларды босқа жаратпадың. Сен (бос, мағынасыз нәрселер жаратудан) пәксің. Бізді тозақ отынан қорға" дейді.» (Али Имран 191)

 Хадис шәрифтерде де былай делінеді:

«Аллаһу та'аланың ұлылығы, жәннат пен тозақ жайында бір сәттік тәфәккур бір түнді ғибадатпен өткізуден жақсырақ.» (Әбушшәйһ)

 «Тәфәккур – ғибадаттың жартысы.» (И.Ғазали)

«Тәфәккур сияқты құнды ғибадат жоқ.» (Ибн Хиббан)

«Біраз тәфәккур ету бір жыл (нәпіл) ғибадаттан құндырақ.» (К.Саадат)

«"Аспандар мен жердің жаратылысында, түн мен күн бір-бірінің артынан келуінде (ұзарып, қысқаруында) ақыл иелеріне әлбетте ғибрат беруші дәлелдер бар" (Али Имран 190) аяты бар кезде қалай жыламаймын? Бұл аятты оқып тәфәккур етпеген адамға обал болсын!» (И.Хиббан)

«Аллаһу та'аланың жаратқандарын ойлаңдар, заты жайында ойламаңдар!» (Бәйһақи)

«Үнсіздігі тәфәккур, қарауы ғибрат болып, көп истиғфар еткен адам құтылды.» (Дәйләми)

 Ғалымдар былай деген:

«Тәфәккур – адамды білімді қылады. Білімді болған адам амал етеді.» (Уәһб бин Мүнәббих)

«Тәфәккур – жақсылық пен жамандықты көрсететін айна.» (Фудайл бин Аяз)

«Аллаһу та'аланың ұлылығын ойлаған адам Оған қарсы шыға алмайды.» (Бишри Хафи)

«Тәфәккур зейінді арттырады.» (Имам Шафии)

«Дүниені ойлау ахиретке перде. Ахиретті ойлау ғапілдіктен құтқарып, хикмет сөйлеткізеді.» (Әбу Сүлейман Дарани)

  Әр мүмкіндікте Аллаһу та'аланың жаратқандарын тәфәккур ету (ойлау) керек. Мысалы, қолға қарау керек. Саусақтар болмағанда, бір нәрсені ұстап алу қаншалықты қиын болар еді. Яки саусақтар мүлдем қимылдамағанда, қолдар мүлдем болмағанда, көзіміз болмағанда, көзіміз басқа жерде болғанда, жағдайымыз қандай болар еді? Тырнағымызды үздіксіз өскені сияқты тістеріміз де өсетін болса не болар еді? Тістеріміз сүйекпен бірге тұтас болса, шірігенде қалай жұлынатын еді? Шаш өсіп жатқан болса да, қас пен кірпіктің өспегенін ойлау керек. Бұлардың бәрін қаншалықты мінсіз жаратқаны үшін Аллаһу та'алаға хамд ету керек! Осылайша адамның иманы да қуаттанады. Алайда үздіксіз осылармен айналысып, өзіне қажет болған фиқһ білімін қалдырып қою өте қауіпті.

Тәфәккур төрт түрлі болады:

1) Аллаһу та'аланың жаратылыстарындағы әсемдік пен пайдаларын ойлау Оған сеніп, Оны жақсы көруге себеп болады.

2) Ол уәде берген сауаптарды ойлау ғибадат жасауға себеп болады.

3) Ол білдірген азаптарды ойлау Одан қорқуға, жамандық жасамауға, күнәдан қашуға себеп болады.

4) Ол берген ниғметтерге, ихсандарға жауап ретінде нәпсіне еріп, күнә істегендігін, ғапілдік ішінде өмір сүріп жатқанын ойлау Аллаһтан ұялуға себеп болады. Аллаһу та'ала жерлердегі және аспандардағы махлұқтарды ойлап, ғибрат алғандарды жақсы көреді.

Хазреті Мұсаның үмбетінен біреу 30 жыл ғибадат етеді, бір бұлт оған көлеңкі болады. Бір күні бұлт келмейді, ол күн астында қалады. Анасы «Бір күнә істеген екенсің» дейді. Бала «Жоқ, күнә істемедім» дейді. Анасы: «Аспанға, гүлдерге қарап, жаратқанның ұлылығын ойламаған болсаң, бұдан үлкен қателік болады ма?» дейді.

 

Барлық нәрсені тәртіппен жаратқан

Сұрақ: Иманды қалай күшейтуге болады?

Жауап: Төмендегі негіздерді үйренген адам, Әһли сүннет сенімін де білетін болса, иманы күшейеді. Ал иманы болмаған адам бұларды зерттесе, ынсабы мен нәсібі де бар болса, Аллаһу та'аланың бар екеніне және құдіретіне сенеді. Аллаһу та'аланың бар екенін, құдіретін көрсететін құбылыстардың бірнешеуі:

 Адамдардың үлкен жылдамдықпен космоста жалғыз өзі айналып тұрған, іші отқа толы домалақ планетаның үстінде тек жер тартылыс күшімен қалып өмір сүруі қандай ғажап құбылыс. Таулар, тастар, теңіздер, жанды болмыстар, өсімдіктер қалайша үлкен құдірет арқасында пайда болуда, өсуде және әр түрлі қасиеттер көрсетуде. Жануарлардың бір бөлігі жер үстінде жүретін болса, бір бөлігі ауада ұшады, бір бөлігі суда өмір сүреді.

Күн ең жоғары температурамен қамтамасыз етеді және өсімдіктердің өсуін, ал кейбірлерінің ішінде химиялық өзгерістер жасап, ұн, шекер және тағы басқа заттардың пайда болуын қамтамасыз етеді.

Адамның өз денесінің қандай ғажайып фабрика және лаборатория екенінен хабары да жоқ. Тек тыныс алуының өзі үлкен химиялық реакция. Ауадан алынған оттегі денеде жағылғаннан кейін көмірқышқыл газы күйінде сыртқа шығарылады.

Ас қорыту жүйесі де бөлек бір фабрика сияқты. Ауыз арқылы кірген азықтар мен сусындар асқазан мен ішектерде бөлшектеніп үгітілгеннен кейін денеге пайдалы бөлігі жұқа ішектерде сүзіліп қанға араласады, қалдықтары сыртқа тасталады. Бұл құбылыс автоматты түрде және үлкен тәртіппен орындалуда, дене фабрика сияқты жұмыс істеуде.

  Адамның денесінде өте күрделі формулалы заттарды түзетін, әр түрлі химиялық реакцияларды шығаратын, анализ жасайтын, реттейтін, улы бөлшектерді жоятын, жараларды жазатын, түрлі заттарды сүзетін, қуат (энергия) беретін механизм бар болуымен қатар, мінсіз электр жүйесі, электронды компьютер, хабар беру құрылғысы, жарық, дыбыс қабылдау, қысу, реттеу механизмі, микроптармен күресу және оларды жою жүйесі де бар.

Ал жүрек еш тоқтамастан соғып тұрған тамаша сорғы. Осы барлық заттық кәмілдікпен қатар түсіну, ойлану, жаттау, еске алу, шешім қабылдау сияқты өте керемет рухани құдіреттер де бар. Адамдар үшін бұл құдіреттердің құнын өлшеу мүмкін емес. Демек, адамның денесімен бірге рухы да бар.

Жанды-жансыз болмыстардағы тәртіпті зерттеп, бір жаратушының бар екеніне сенген адам пайғамбарымыздың (алейһиссалам) білдіргендерінің бәріне сенбегенше, мұсылман бола алмайды.