2 - Зүл-қада, 1446 жыл.
     30 - Сәуір, 2025 жыл.   


3) Амина Мослер ханым

Неліктен мұсылман болдым?

Баламның менен сұраған көптеген сұрақтарына жауап бере алмайтынмын. Ол менен: «Ана, неге құдай үшеу?» деп сұрағанда, өзім де үш тәңірге сенбегенім үшін оған сендіретін жауап бере алмайтын едім. Ақыр соңында 1346 [м.1928] жылы есейген сайын дамыған балам маған жылап келді де: «Ана, мен мұсылмандықты зерттедім. Олар жалғыз бір құдайға (жаратушыға) сенеді. Олардың діні – ең дұрыс дін. Мен де мұсылман болуға шешім қабылдадым. Сен де маған қосыл!» деп жалбарына бастады. Оның өтініші бойынша мен де Ислам дінін зерттей бастадым. Берлиндегі мешітке бардым. Мешіт имамы мені жылы қабылдап, маған мұсылмандықтың негіздерін түсіндірді. Ол түсіндірген сайын сөздерінің қаншалықты дұрыс, қаншалықты қисынды екенін көрдім. Бұдан былай мен де ұлым сияқты Ислам дінінің ең дұрыс дін екеніне сене бастадым. Бәрінен бұрын жас кезімде де еш түсіне алмаған, ақылыма еш сыймаған үш тәңірді  мұсылмандық теріске шығарған еді. Мұсылмандықты мұқият зерттегеннен кейін күнә шығарудың, попты күнә істемейтін пәк болмыс ретінде танудың, шоқындырудың, яғни күнәні кетірудің және осыларға ұқсас көптеген рәсімдердің қаншалықты мәнсіз екенін түсіндім, бұлардың бәрін жоққа шығарып, қуана-қуана мұсылман болдым.

Барлық ата-бабаларым түгелдей христиан еді. Мен католик монастырында өстім. Толығымен христиан тәрбиесін алдым. Бірақ, бұл алған діни тәрбием мені Аллаһу та’алаға апаратын хақ дінді таңдауыма көмектесті. Өйткені, тәрбиелену барысында маған үйретілген барлық ізгіліктерді мен христиан дінінен емес, Ислам дінінен таптым. Мұсылмандықты қабыл етуім мен үшін үлкен бақыттылық болды.

Қазір мен әжемін. Немеремнің мұсылман болып дүниеге келгеніне бақыттымын. Аллаһу та’аланың тура жолға түсірген адамдарына әрдайым жол көрсететінін білемін.