18 - Рамазан, 1445 жыл.
     28 - Наурыз, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Иман және Ислам / "Иман және Ислам" кітабы / 7) Томас Мұхаммед Клейтон (американдық)

7) Томас Мұхаммед Клейтон (американдық)

Түскі уақыт таяп қалған еді. Ыстықтан қиналып, шаңды жолдан өтіп бара жатқанымызда құлағымызға өзіне тән әсемдігі бар бір дауыс естіле бастады. Бұл дауыс айналамыздағы бүкіл кеңістікті толтырып тұрғандай еді. Бір топ ағаштардың қасынан өткен соң алдымыздан адам таңданарлық бір көрініс шықты. Өз көзімізге сенбедік. Тақтайдан жасалған кішкене бір мұнараның үстіне шыққан тап-таза шапан, аппақ сәлде киген бір қарт араб кісі азан шақырып тұр еді. Азанды оқып жатқанда өзін ұмытып, дүниеден кеткендей, өз жаратушысының, өз иесінің алдында шыққандай тұрған еді. Осы ғажайып көріністің алдында біз де гипноздалған адамдай тоқтап, ақырындап жерге отырдық. Құлағымызға келген дыбыстар мен сөздердің мағынасын түсінбедік, бірақ бұған қатты әсерленіп, рухымызда бір өзгеріс, рахаттық сезіндік. Кейіннен түсінгеніміздей, арабтың айтқан сөздерінің мағынасын мынадай екен: «Аллаһу та’ала ең ұлы. Аллаһу та’аладан басқа тәңір, құдай жоқ.» Айналамызда бірден көптеген адамдар шықты. Алайда, біз ол кезге дейін ешкімді байқамаған едік. Біз қайдан шыққанын, қайдан келгенін байқамай қалған бұл адамдардың жүздерінде үлкен құрмет пен сүйіспеншілік нұры бар еді. Араларында жас тұрғысынан, барлық сыныптан адамдар бар еді. Олардың киімдері, жүріс-тұрыстары, көріністері басқаша еді. Бірақ барлығының жүздерінде кішіпейілділік, қарапайымдылық және бірдей сүйкімділік бар еді. Келіп жатқандардың саны арта берді, біз келушілер тоқтаймайтын шығар деп ойладық. Ақыр соңында келушілер жиналды. Бәрі аяқ киімдерін шешіп, қатар-қатар сап болып тізіліп тұрды. Сапқа тізілгенде қатарға тұрғандар арасында ешқандай айырмашылыққа мән бермегенін таңданыспен бақылап тұрдық. Ақ адамдар, сары адамдар, қара адамдар, байлар, кедейлер, саудагерлер, қызметкерлер, жұмысшылар, нәсіліне, мансабына қарап ажыратпастан, барлығы қатар тұрып, бірге ғибадат жасады.

Мен бір-бірінен ерекше осыншама адамның бауырлардай қатар тұрғанына қайран қалдым. Осы таңғажайып көрініске куә болғанымнан қазір үш жыл өтті. Осы арада мен де адамдарды бір-біріне осыншама жақындастырған ұлы дін туралы мәлімет жинай бастадым. Мұсылмандық туралы жинаған мәліметтерім мені бұл дінге толықтай жақындатты. Мұсылмандар тек бір Аллаһқа сенеді, христиандардың үйреткеніндей адамдар күнәхар болып туылады демейді. Оларды тек Аллаһу та’аланың құлы ретінде қабылдайды, оларға аса мейірімділік танытып, тура жолда болған мерзім бойы олардың рахат, шаттыққа, бақытқа бөленіп өмір сүруін қалайды. Христиан дінінде тіпті адамның ойына келген жаман бір ойдың өзін күнә деп саналса, мұсылмандар тек Аллаһу та’алаға қарсы шығуды және құлдарға жасалған жамандықты күнә деп санайды, ал адамды ойларында толығымен еркін қалдырған. Ислам діні «Адам тек жасаған ісіне ғана жауапкер» дейді.

Міне, жоғарыда атап өткен осы себептеріме байланысты мұсылмандықты қуана-қуана қабылдадым. Арадан үш жыл өткен болса да, кейбір түндері түсімде әлгі араб муәззиннің қайғылы және әсерлі дауысын естіп, жан-жақтан асыға жиналған әр түрлі адамдардың сап тізіп тұрғандарын көремін. Аллаһу та’алаға ғибадат жасау үшін бір-бірінен ерекшеленбестен, бәрі бірге сәждеге жығылған бұл адамдар міндетті түрде шын көңілдерімен Аллаһу та’алаға ғибадат етуде.