6 - Рабиул-ахир, 1446 жыл.
     9 - Қазан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Дерт пен бәле-жаладан зауықтанатындар

Дерт пен бәле-жаладан зауықтанатындар

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Әулиелердің басына келген пәлекеттер, қиыншылықтар оларды титімдей болса да қайғыртпайды, мұңайтпайды. Мысалы саудагер болған шәйх Ахмед Йәкдест хазреттері бір күні Үндістанға сауда жасауға бара жатқанында бала-шағасының оба ауруынан қайтыс болғанынан хабар алады. Кейінірек жолда қарақшылар керуенге шабуылдап, мал-мүліктерін тартып алып, сол қолын білегінен шауып тастайды. Оның «Йәкдест – бір қолды» деп аталуының себебі де осы. Ал ол еш қайғырмайды және зікір етеді. Керуендегілер «Бәрі абыржып жүр, ал сенің мұнымен қоса тағы балаларың да өлді, қолыңды шауып тастады, сен қалай осылай жүре аласың?» деп сұрағанда былай жауаптады:

«Аллаһу та'ала ләух-ил-махфузда не жазған болса, сол болады, тағдырда не жазылса, бүгін қаза ретінде сол орындалды. Мен Аллаһу та'аланың тағдырына қарсы бір нәрсе айтайын ба? Мен Оған өзімді тапсырдым, сендерге және нәпсіме байланған емеспін.»

Сәйид Абдуллаһ Деһлеуи хазреттері соншалықты ауру еді, қышыма, геморрой, аллергия, әлсіздік, бронхит сияқты көптеген аурулары бар еді. Тіпті оны намазға екі қолынан ұстап тұрғызатын еді. Бірақ оның үйі аурухана сияқты еді. Келушілеріне оқып, дұға ететін еді, келушілер шипа тауып кететін. Бір күні қасындағылар: «Ұстаз, осыншама қиындық шегіп жатырсыз, бір рет өзіңізге де оқысаңыз, дұға етсеңіз не болады?» дейді. Сонда ол жауап ретінде: «Мен шағымдары бар адамдарға оқимын, өзіме оқитындай мен шағымданушы емеспін ғой» деді.

Ол әулиелер әр қиыншылықта өздерінің Аллаһу та'алаға қаттырақ жақындағанын көреді. Адам Аллаһу та'алаға жеткізетін жолды бітейді ме? Біз үнемі шағымданушы болғанымыз үшін осы жолды бітеп жатырмыз. Олар болса дерт пен бәле-жаладан ниғметтермен салыстырғанда көбірек зауықтанады. Мысалы, Имам Хусейннің көңіл көзі ашық еді, Ләух-ил-махфузды, тағдырды оқитын еді. Кербелада сол қиыншылықтар басына келген кезде әке деп те, ата деп те шақырмады. Егер тек хазреті Әлиді шақырғанда еді немесе «Атам көмектес!» дегенде еді, жер мен көк теңесер еді. Бірақ ол ешкімді шақырмады. Мұның бірінші себебі, Ләух-ил-махфузда бүкіл болатындарды көрген еді. Аллаһу та'алаға әдепсіздік жасағысы келмеді. Екіншісі, ол ешбір соғысқа қатыспаған еді, шәһид мәртебесіне қол жеткізгісі келді. Аллаһу та'алаға қауышу арманында еді. Кейбір адамдар «Пайғамбар өз немересін құтқаруға неге қамқорлық көрсетпеді?» дейді. Қамқорлық тек сұралған кезде ғана келеді. Ал хазреті Хусейн сұрамады. «Көмектес, атам!» дегенде еді, бәрі бітетін еді.