8 - Шәууал, 1445 жыл.
     17 - Сәуір, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Дәрет - Ғұсыл / Дәрет пен ғұсылдың пайдалары

Дәрет пен ғұсылдың пайдалары

Сұрақ: Дәреттің және ғұсылдың денсаулыққа пайдалары бар ма?

Жауап: Иә, пайдалары өте көп. Бірақ тек дүниелік пайдасы үшін дәрет алу жаиз болмайды. Заттық ешқандай пайдасы болмаса да, Аллаһу та'аланың әмірі болғандықтан орындау керек. Дәреттің және ғұсылдың денсаулыққа тигізетін пайдаларынан бірнешеуі мынадай:

1) Күнде қолдарымызбен әр түрлі жерлерді ұстаймыз, микробтар жұғады. Қол, бет және аяқтарды жуу тері ауруларынан және қабынуынан қорғаудың ең жақсы шарасы болып табылады.

2) Мұрынды шаю арқылы мұрынның ішіне сүзіліп жиналған шаң мен микроб жиынтықтарының организмге кіруінің алды алынған болады.

3) Беттің жуылуы да теріні қуаттандырады, бастағы ауыртпалықты және шаршағандықты жеңілдетеді. Тамырлар жүйкелерді әрекетке түсіреді. Үнемі дәрет алып жүретін адамның, қартайса да, жүзіндегі әдемілік, балғындық кетпейді.

4) Ғұсыл арқылы дене бұрынғы сергектігін алады. Денені белгілі мерзім арасында жуу аурулардың алдын алу тұрғысынан өте маңызды. Дініміз, бойдақ болса да, әр жұма күні ғұсыл алуды әмір етуде.

5) Денеде статикалық электр тендестігі бар. Бұл электр тоғы ашуланған кезде 4 есе, жүніп болғанда 12 есе артады. Заманымызда инфра қызыл сәулелері арқылы терінің суреттері түсірілген, бұл суреттерде жыныстық қатынастан кейін дене сыртының бәрі статикалық электр қабатымен қапталғаны анықталған. Жуынған кезде су теріс электр кернеуін алып, денені жерге тұйықтап (заземление), жаңадан қалпына келтіреді. Осы себептен, ғұсыл медицина тұрғысынан да орындалуы міндетті болған тазалықтың бір түрі.

6) Дәрет пен ғұсылдың қан айналу жүйесіне де пайдалы әсері бар. Қан тамырларының қатаюының және кішірейюінің алдын алады. Лимфа жүйесінің ең маңызды орталықтарының бірі болған мұрын түбі және таңдай бездері жуылып, ретке келеді. Одан бөлек мойынның сулы қолмен сипалуы да лимфа жүйесіне әсер етеді. Дәрет пен ғұсыл арқылы жеңілдеген лимфа айналымы арқасында лимфоцит деп аталатын күресуші жасушалар организмді зиянды заттардан қорғайды және дененің төзімділігін арттырады.

7) Топырақпен жасалған тәйәммум да денедегі статикалық электрді көп мөлшерде жояды.

Ғұсылды және дәретті Аллаһтың әмірі болғандықтан орындаған адам, дүниеде өткінші пайдаларын көргеніндей, ахиретте шексіз ниғметтерге де қауышады.