10 - Рабиул-ахир, 1446 жыл.
     13 - Қазан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Мұсылман болудың себептері

Мұсылман болудың себептері

Сұрақ: Бір кәпір қандай себептермен мұсылман болады?

Жауап: Кәпір адам үш себеппен, яғни Аллаһтың нәсібімен, өзінің зерттеулері нәтижесінде және біреудің дұғасының арқасында мұсылман болады.

 

1) Аллаһтың мейірімімен, нәсібімен:

Аллаһу та'ала бір адамның хидаятын, яғни мұсылман болуын тілеген болса, ол адам қуана-қуана мұсылман болады. Құран кәрімде былай делінеді:

«Аллаһ кімді дұрыс жолға түсіруді қаласа, оның жүрегін Исламға ашады.» (Әнам 125)

 

2) Өзінің іздестірумен, зерттеуімен:

Бұл жолмен мұсылман болған көп адам бар. Хақты, дұрысты табу құлшынысымен бүкіл діндерді зерттейді, Ислам дінінің әсемдігіне таң қалып, мұсылман болады. Аллаһу та'ала Ислам дінін дұрыс күйде үйренуді қалаған адамға бұны нәсіп ететінін уәде еткен. Құран кәрімде былай делінеді:

«Дұрыс жолды іздеушілерді бақытқа жеткізетін жолдарға қауыштырамыз.» (Анкебут 69)

«Аллаһ өзіне қауышуды қалаған адамдарға қауыштыратын жолды көрсетеді.» (Шура 13)

Дұрыс жолды іздемей, нәпістеріне еріп, иман келтірмегендерді, бұзылғандарды тозақта мәңгі жағатынын хабар берген. Ислам дінін естімеген көптеген адамдар бар, ақылдары сау болғандықтан, бұзылған, ойдан шығарылған діндердің адамдарына алданбаған, астрономияда және пән ғылымдарында, әсіресе медицина білімінде көрген ғажайып тәртіппен құралған құбылыстардың бір-біріне деген байланыстарын ойлап, жаратылысының сырларын, осы есептелген реттіліктің ақиқатын түсінуді қалаған. Француз Капитан Кусто осындай адамдардың бірі.

Аллаһу та'аланың Анкебут сүресінде уәде еткеніндей, оларды иман келтіруге себепші болған жол көрсетушілерге, кітаптарға қауыштыратыны Рух-ул-баян тәфсирінде жазылған. Осындай бақытты адам барлық болмысты жаратқан жалғыз Аллаһ бар екенін түсінеді. Ол барлық нәрсені көреді, біледі, естиді. Барлық нәрсеге күші жетеді. Күш-қуаты шексіз. Барлық нәрсені уақыты келгенде жоқ қылуда. Адамдарды қайтадан тірілтетінін, есепке тартатынын, иман келтіргендерге жәннатта шексіз ниғметтер беретінін, иманы болмағандарды, кәпірлерді тозақта мәңгі жағатынын білдіруде. Оның әмірлеріне бағынудан басқа құтылу жолы жоқ.

 

3) Біреудің дұғасының арқасында:

Біреудің дұғасымен мұсылман болған көп адам бар. Хазреті Омар осындай адамдардың бірі.Хазреті Хамза иман келтіргенде мұсылмандар қатты қүшейді. Бұл іс кәпірлерге қиынға соқты. Әбу Жәһл «Оны өлтіруден басқа шара жоқ» деді. Мұны іске асырған адамға көп мөлшерде түйе және алтын беретінін хабарлады. Омар орнынан атып тұрды. «Бұл істі менен басқа ешкім тындыра алмайды» деді. Бәрі Омарға қол шапалақтады. Омар қылышын алып, әуелі бауырының үйіне барды. Күйеу баласыСаид пен қарындасы Фатима жаңадан келген Таха сүресін оқып жатқан еді. Омар ішке кіріп, бұл жағдайды көргенде күйеу баласы мен қарындасын ұра бастады. Фатима «Йа, Омар, басымызды кесіп тастасаң да бұдан қайтпаймыз» деді. Омар олардың қолдарындағы қағазды алып, Таха сүресін оқи бастады. Құран кәрімнің фасахаты, бәлағаты (жазылу стилі) және мағыналары жүрегін бірден жұмсартты. «Шынымен де, қандай дұрыс» деді. Мұны естіген Хаббаб тығылған жерінен шығып, «Сүйінші, йа, Омар, Расулуллаһ «Йа, Раббым, бұл дінді Әбу Жәһлмен немесе Омармен күшейт»деп дұға еткен еді. Бұл бақыт саған нәсіп болды» деді. Хазреті Омар дереу барып мұсылман болды.(Тирмизи)