2 - Жамазиәл-ахир, 1446 жыл.
     3 - Желтоқсан, 2024 жыл.   

28) Девис (ағылшын)

1931 жылы дүниеге келдім, 6 жасымда мектепке бардым. Мен отбасым тарапынан католик тәрбиесінде өстім. Кейіннен Англикан шіркеуіне бардым. Соңында Англо-католик болдым. Осы шіркеу ауыстырып жүрген барлық кезеңдерде сол бір нәрсеге тап болатынмын. Христиан діні адамның қалыпты өмірінен толығымен ажыраған, тек жексенбі күндері киіліп, қалған күндері сандықта сақталатын киімге ұқсайтын еді. Адамдар христиан дінінен іздеген нәрселерін таба алмайтын. Христиан діні адамдарды түрлі-түсті шырақтар, суреттер, хош иістер, әсем әндер және дұғалар арқылы шіркеуге байлауға тырысады. Бірақ, бұдан нәтиже шығара алмауда, адамдарды жинай алмауда. Өйткені, христиан діні тек аңыздық нәрселермен шұғылданады, шіркеуден тыс болып жатқан нәрселермен мүлдем байланысы жоқ. Міне, сондықтан мен христиан дінінен бастартып, тартымды жарнамаларымен дәріптеліп жүрген коммунизм мен фашизмді сынап көруге шешім қабылдадым.

Коммунист болған кезімде онда топ айырмашылығы жоқ екендігіне сеніп, бұған қуандым. Бірақ, уақыт өте келе коммунистердің құлдық өмір сүретінін, іштеріндегі азшылық топтың басқаларға зұлымдық пен қастандық жасайтынын, ешкімнің бір нәрсе айтуға құқығы жоқ екенін және қарсылық көрсететін болса дереу жазаға тартылатынын, бұл жазаның өлімге дейін баратынын көрдім. Мұның ең қарапайым мысалы – Сталин. Осыдан соң коммунист болуды доғарып, фашист болуға шешім қабылдадым.

Фашизмдегі жүйе мен тәртіпті қатты ұнаттым. Бірақ, фашисттер тек өздерін ғана ұнатады. Өздерінен басқа адамдарды, басқа ұлттарды төмен, қор санайды. Фашизмде де зұлымдықтың, әділетсіздіктің, зорлық-зомбылықтың бар екенін көрдім. Бірнеше айдан кейін оларды да жек көре бастадым. Өйткені Англияда Мосли, Германияда Гитлер, Италияда Муссолини нағыз терроризмнің, зұлымдықтың үлгісі болған еді. Осыған қарамастан фашизмнен кете алмадым. Өйткені, басқа баратын жер жоқ еді.  

Осы күндері рухани тұрғыдан қиналып жүрген кезімде кітап сатушысынан бір «Ислам жинағы» деген журнал көрдім. Оны біраз ақтарып, қарап шықтым. Мен сияқты табысы қарапайым адам үшін өте қымбат тұратын бұл жинақты не үшін сатып алғанымды өзім де түсіне алмадым. Өз-өзіме: «Босқа ақшамды құрттым. Мұның ішінде де христиандардың, коммунисттердің, фашисттердің айтатыны сияқты түкке тұрмайтын нәрселер жазылған шығар» деп ойладым. Бірақ, оны мұқият оқи бастағаннан кейін таңдана бастадым. Қайта-қайта оқып шықтым. Осыдан кейін Исламның христиан діні мен соңы «изм» жұрнағымен аяқталатын идеологиялардың ең жақсы жақтарын өзіне жинаған керемет бір дін екенін түсіндім. Кедей болсам да осы журналға жазылдым. Бірнеше айдан кейін мұсылман болуға шешім қабылдадым. Сол күннен бастап жаңа дініме толық берілген адаммын.

Университетке түсе сала араб тілін үйренуді үміт етемін. Қазір латын, француз және испан тілдерін үйреніп, «Ислам жинағын» оқып жүрмін. 