2 - Жамазиәл-ахир, 1446 жыл.
     3 - Желтоқсан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Иман және Ислам / "Иман және Ислам" кітабы / 29) Т. Х. Беркли (ирландиялық)

29) Т. Х. Беркли (ирландиялық)

Мен ирландиялық болуыма және ирландиялықтардың көпшілігі католик дінін ұстанғанына қарамастан, протестант жолында жетіліп өстім. Бірақ, бала кезімде маған үйретілген христиан діні туралы нәрселерді мүлдем ұнатпайтынмын және олардың дұрыстығына күмән келтіретінмін. Университетке түсіп, бірнеше жаңа ілімдерді үйренгеннен кейін христиандықтың дұрыс еместігіне толық көзім жетті. Христиан діні енді маған ешнәрсе бермейді. Оны толықтай жек көріп, оған сенбейтін болдым. Ішімдегі «мені тура жолға қауыштыратын жол көрсетушіні табу» құштарлығы соншалықты күшті еді, біраз уақыт өз ойымша бір сенім жолын құрып, сонымен өзімді қанағаттандыруға тырысқан едім. Бұл шиеленіскен рухани жағдай ұзаққа созылды. Бір күні қолыма «Ислам және өркениет» деген кітап түсті. Оны оқыған кезде ойымдағы барлық үміттер, мені толғандырған сұрақтардың жауаптары осы кітапта бар екенін көріп, қатты қуандым. Христиан топтарының зұлымдық пен зорлық-зомбылықтарына қарсы Ислам дінінің бақытқа толы қағидалары адамзатқа дұрыс жолды көрсеткен еді. Ислам мемлекеттеріндегі ілім мен мәдениет көздері қараңғылық пен жабайылық ішіндегі Еуропаға нұрын төккен еді. Христиан дінімен салыстырған кезде Исламның қаншалықты қисынды, пайдалы дін екенін көруге болады.

Ислам дінінде ең алған танысқанымда мені дереу өзіне тартқан мәселе – христиан дініндегі «Адамдардың күнәхар болып туылуын және дүниеде кәфарат өтеуге мәжбүр болу» сенімін Исламның жоққа шығаруы еді. Кейіннен Исламның адамдық, мәдени басқа үкімдерін үйреніп, бұл діннің ұлылығына қайран қалдым. Исламда бай-кедей болып бөліну деген нәрсе жоқ. Исламда әр түрлі нәсілдегі, ұлттағы, әр түрлі тілдегі адамдар бір-бірінің бауыры болып саналады. Ислам діні адамдардың арасындағы байлық, лауазым, ұлт, мемлекет, нәсіл айырмашылықтарын ажыратпайды. Міне, мен осы себептермен мұсылман болдым.