2 - Жамазиәл-ахир, 1446 жыл.
     3 - Желтоқсан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Иман және Ислам / "Иман және Ислам" кітабы / 33) Әли Мұхаммед Мори (жапон)

33) Әли Мұхаммед Мори (жапон)

Бұдан тура 18 жыл бұрын, яғни 1929 жылы Манчурияда болдым. Ол кезде Жапония шығыстың ең мықты мемлекеті болатын.

Манчурияда Пиечинг маңында мұсылмандармен достастым. Олар қарапайым және діндеріне берік түрде өмір сүретін. Олардың өмір салтына, Аллаһу та’алаға деген мойынсұнуларына, бір-бірімен жасаған жылы мәмілелеріне, қонақжайлылығына, адалдығына таң қалатынмын. Манчурияға барғанда тағы бірнеше мұсылманмен танысып, олардың бәрінен осы қасиеттерді көріп, оларға жақсы көзбен қарай бастадым.

Бұдан кейін Жапонияға тек 1946 жылы ғана қайттым. Бұл арада Жапония екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, соғыстан жеңіліс тапқан жағдайда болатын. Құдіретті Жапон империясынан ешнәрсе қалмаған болатын. Сол кезге дейін жапондардың көпшілігі жан-тәнімен беріліп ұстанған Буддизм діні толығымен бұзылып, негізін жоғалтқан, қисынды жақтары ұмытылған, қоғамға кері әсерін тигізе бастаған еді.

Жапондардың бір бөлігі енді христиан дінін қабылдаған болатын. Христиан діні Жапонияға 90 жыл бұрын келген еді. Бұрын христиан жапондар аз болатын. Қазір олардың көбейгенін көруге болады. Өйткені, жапондар Будданың өздеріне пайда  тигізбегенін, оларды пәлекеттен құтқара алмайтынын көріп, Буддаға деген сенімдері мен сүйіспеншіліктерін жоғалтқан еді. Олар енді жаңа бір дін іздеп жүрген еді. Әсіресе, жастар христиан дінін өздері жоғалтқан иманның орнын толтырады деп санап, христиан болған еді. Бірақ, қысқа уақыттан кейін оларды христиан дініне тартқан миссионерлерді Американ немесе Англия капиталистерінің құралы екендіктерін, оларды христиан ету арқылы тек Буддизмнен емес, сонымен қатар, таза және әділ жапон болудан да алыстатқанын көрген еді. Христиан миссионерлер оларды христиан еткен кезде әрдайым Америка мен ағылшын заттарының керемет екендігін айтып, өзіміздің жапон заттарын өзімізге жаман етіп көрсетуге тырысты, елімізге үздіксіз шетелдік тауарлардың әкелінуіне себеп болды. Яғни капиталисттер христиан діні арқылы байыған болатын.

Жапония – Ресей мен Америка арасында орналасқан мемлекет. Бұл екі ұлы мемлекет Жапонияны өз билігіне алуды қалайды. Олардың бізге жасаған ұсыныстары біздің рухымыздың саулығы үшін емес, өз пайдалары үшін еді. Алайда, жапондар дұрыс бір рухани тәрбиешіге мұқтаж еді.

Менің ойымша жапондардың осы қажеттілігін қамтамасыз ететін, олардың рухын тыныштыққа қауыштыратын, оларға өмірде ең тура жолды көрсететін – тек Ислам діні. Мен ең бірінші мұсылмандардың бір-бірлерін бауыр деп санау қасиетіне таң қаламын. Ислам діні бүкіл мұсылмандардың ұлтына, түсіне, нәсіліне қарамай, бір-бірін бауыр ретінде қабылдайды және Аллаһу та’ала адамдардың бейбіт өмір сүріп, бір-біріне ешбір жамандық жасамай, бауыр ретінде өмір сүрулерін бұйырады. Қазіргі әлемнің жағдайына қарайтын болсақ, бұдан да керемет, бұдан да дұрыс бұйрықтың болуы мүмкін бе? Мұндай әмірді берген ұлы болмыстың Аллаһ екендігіне кім күмәнданады? Өткен жылы үш мұсылман Токошимаға келген еді. Олар пәкістандық болатын. Мен дереу олармен кездесіп, олардан мұсылмандық туралы көп мағлұмат алдым. Одан кейін мұсылман жапондармен сөйлестім. Токиодағы Моливала мырза мен Мита мырза маған бағыт-бағдар беріп, маған мұсылман болуды ұсынды. Мен де мұсылмандықты қабылдадым.

Ең қисынды, ең таза және хақ дін болған мұсылмандық бүкіл әлемге таралып, адамдарды бәле-жаладан құтқарсын деп шын жүректен тілеймін. Егер бүкіл әлем мұсылман болса, бұл дүние жәннатқа айналады. Аллаһу та’аланың мейірімі мен ұлылығы адамдардың рухын нұрландырып, дұрыс жолға итермелейді және адамдар саламаттыққа қауышады. Адамдар тек Ислам діні арқылы ғана рухани және материалдық бақытқа және Аллаһу та’аланың разы болатын құлдары болу бақытына қауышады.