12 - Рабиул-ахир, 1446 жыл.
     15 - Қазан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Шүкірдің түрлері

Шүкірдің түрлері

Аллаһты танудың шүкірі: Білдірген әмірлері мен тыйымдарына мән беру, хубби филлаһ және буғди филлаһты ұстану, яғни Аллаһу та'аланың сүйіктілерін жақсы көріп, дұшпандарын жек көру (дұшпандық ету), сонымен қатар көп әлхамдулиллаһ деп айту.

Пайғамбарды танудың шүкірі: Әһли сүннет сенімінде болу, сүйіктілерін және оны жақсы көретіндерді жақсы көру, Оның жақсы көрмегендерін және оны жақсы көрмейтіндерді жақсы көрмеу, сүннетімен амал ету.

Әулиені танудың шүкірі: Оның кітаптарын оқу, оқыту және тарату, шәкірттерімен бірге тату болу.

Иманның шүкірі: Дұрыс иман білімдерін Аллаһу та'аланың басқа құлдарына жеткізу, хубби филлаһ және буғди филлаһты ұстану. Яғни жақсы көргендерін Аллаһ үшін жақсы көру, жақсы көрмегендерін де Аллаһ үшін жақсы көрмеу.

Ақылдың шүкірі: Ақылды дініміз әмір еткен түрде қолдану.

Білімнің шүкірі: Білгенімен амал ету және әмри маруф жасау.

Денсаулықтың шүкірі: Ораза ұстау, денені күнә болған жерлерде тоздырмау, діннің әмір еткен жерлерінде қолдану.

Мал-мүліктің шүкірі: Зекет, садақа беру, жақсылық пен қайырымдылық жасау.

Үйдің шүкірі: Үйде күнә болған істер жасамау және қонақ күту.

Автокөліктің шүкірі: Пайдалы қызметтерде қолдану.

Кәсіптің шүкірі: Кәсіпті дінге сай түрде қолдану.

Жұбайының шүкірі: Ақыларына мән беру және оны ренжітпеуге тырысу.

Перзенттің шүкірі: Жақсы есім қою, ақиқасын сою және Ислам тәрбиесімен жетілдіру.

Дерттен құтылудың шүкірі: Шүкір сәждесін жасау немесе шүкір намазын оқу.

Күннің шүкірі: «Аллаһумма мә әсбаха би мин ни'мәтин әу би әхадин мин халқикә, фә минкә уахдәкә лә шәрика ләкә, фә ләкәл хамду уә ләкәш-шукр» деп оқыған адам күннің шүкірін орындайды. Кешке «Мә әсбаха» орнына «Мә әмса» деп оқыған адам түннің шүкірін орындаған болады.

Ғибадат жасаудың шүкірі: Таңертең-кешке жүз рет «Субханаллаһи уә би-хамдиһи субханаллаһил азыйм» деп айту.

Бүкіл ниғметтердің шүкірі: Бүкіл ниғметтердің Аллаһу та'аланың рақымдылығы және ихсанымен келгенін ойлап, Исламның бес шартын нұқсансыз орындау. Ол үшін мына үш негізге мән беру керек:

1) Әһли сүннет сенімі бойынша сенімді түзету,

2) Ислам дінін Әһли сүннет ғалымдарының илмихал кітаптарынан үйреніп, бұларға бағыну,

3) Тасаууф ғалымдарының жолында жүректі және нәпісті тазалау.