2 - Жамазиәл-ахир, 1446 жыл.
     3 - Желтоқсан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Иман және Ислам / "Иман және Ислам" кітабы / Мұсылмандықты қабылдаған адамдардың сөздерінен шыққан қорытынды

Мұсылмандықты қабылдаған адамдардың сөздерінен шыққан қорытынды

-7-

МҰСЫЛМАНДЫҚТЫ ҚАБЫЛДАҒАН АДАМДАРДЫҢ СӨЗДЕРІНЕН ШЫҚҚАН ҚОРЫТЫНДЫ

Өз дiндерiнен шығып, Ислам дiнiн қабылдаған әр түрлi ұлттағы, мемлекеттегі және кәсіптегі адамдардың Исламды нелiктен қабылдағаны туралы, көп жерлері бірдей болған айқын және шынайы баяндамаларынан, дiнiмiздiң басқа дiндерден айырмашылығы мен үстемдігі олардың өз ауыздарынан былай шығуда:

- Ислам дiнi бір жаратушыны ғана мойындайды. Оның есiмi – Аллаһу та’ала. Адамдардың ақылы оларды жалғыз Аллаһқа шақырады. Басқа дiндердегi бiрден көп тәңiр ұғымын ақылды адам қабылдай алмайды.

- Ислам дiнi адамдарға тек қана рухани бiлiм берумен шектелмейдi, сондай-ақ оларға осы дүниеде не iстеу керектiгi туралы да түсiнiк берiп, жол көрсетедi.

- Христиандар адамдардың күнәһар болып туылатынын, сондықтан олар тек кәфарат өтеу және азап шегу үшiн өмiр сүретiнiн айтса, Ислам дiнi адамдардың күнәдан пәк болып туылатынын, әрбiр сәбидiң Аллаһтың сүйiктi құлы екендiгiн, ақылы кірген, балиғатқа толған адамдардың өз iсiне жауапкер екенін, тура жолда жүрсе ахирет ниғметiне молынан бөлiнетiндiгiн айтады.

- Ислам дiнi ғибадат, дұға жасап, тәубе ету үшiн құл мен Аллаһу та’аланың арасына ешкімді қажет етпейді. Бұларды орындау үшiн попқа қажеттілік жоқ.

- Ислам қандай ұлттан, қандай нәсілден, қандай мемлекеттен болса да, барлық мұсылмандардың бiр-бiрiне бауыр екенін білдіреді. Исламда Аллаһу та’аланың алдында барлық адам бiрдей. Намаз оқығанда ең үлкен мансаптағы адам мен ең төмен мансаптағы адам, ең бай мен ең кедей, ақ пен қара мұсылман бір сапта қатар тұрып, Аллаһу та'алаға бiрге сәжде жасайды.

- Ислам дiнiнде пайғамбарлар (алейһимуссалам) бiз сияқты адам болып есептеледi. Олар барлық тұрғыдан адамдардың ең үстемі. Олардың мiндеттерi – Аллаһу та’аланың бұйрықтарын бiзге жеткiзу. Көркем мiнез-құлқы және адамгершiлiгiне қарап Аллаһу та’ала оларды таңдаған, осы мiндеттi жүктеген. Қазірге дейін келген бүкіл пайғамбарларды (алейһимуссaлaуату уәтаслимат) Ислам діні қабылдайды және оларды құрметтейді.

- Ислам дiнi – өте қисынды дiн. Құран кәрiмде түсiнiксiз, өмiр шарттарына және жаратылыстану ғылымдарына қайшы келетiн ешқандай үкiм кездеспейдi. Берген әмірлері өте пайдалы. Ислам дінінде қате сенімдер (аңыздар) жоқ. Пұттарға, суреттерге, мүсiндерге табыну сияқты тек алғашқы қауымдар және пұтқа табынушлар қабылдаған, әлi де христиан дiнiнде кездесетiн ақылға қонымсыз негіздер Ислам дiнiнде кездеспейдi.

- Христин дiнi адам баласын тек Аллаһу та’аладан қорқуға шақырады, ал Ислам діні Аллаһты сүюге шақырады. Мұсылман адам Аллаһу та'аланың өзін жақсы көрмеуінен қорқады.

- Мұсылман болу үшін ешкiм ешкiмдi мәжбүрлемейді. Құран кәрiмде Бақара сүресiнің 256-аятында: «Дiнде қинау жоқ» деген әмір бар. Алайда, христиан миссионерлер адамдарды күштеп немесе ақша ұсыну арқылы христиан қылуға тырысып жатыр.

- Ислам дінінде ғибадаттар тек Аллаһқа шүкiршiлiк ету, Оның сүйiспеншiлiгiне бөлену үшiн жасалады. Ғибадат ету уақыттары белгiлi болғандықтан, олар адамды жүйелiлiкке, ал жылына бiр рет келетiн ораза болса, ерiк күшін арттыруды және нәпсiне ие болуды үйретеді.

- Ислам – тазалыққа қатты мән беретiн дiн. Ғибадатты бастамастан бұрын дененің таза болуын бұйыратын жалғыз дiн – Ислам. Басқа дiндерде мұндай нәрсе жоқ. Ислам дінінде ғибадаттар қысқа болғандықтан, бұлар күнделікті өмірде адамға кері әсерін тигізбейді...

 - Христиан дiндарларының уағыздарында айтылатын, бiрақ өздерi және басқа христиандар ешқашан жасамаған жұмсақтық, көмек және мейірім сияқты жақсы мінездер тек мұсылмандарда ғана бар.

- Ислам дiнi экономикалық тұрғыдан капиталистiк және коммунистiк түсiнiктердi қабылдамайды. Кедейлердi қорғап, байларды кiнәламайды. Байлардың кедейлерге зекет және садақа беруiн бұйырады. Сондай-ақ, әлемдегi түрлi ұлт пен нәсілдегі мұсылмандарды бiр жерге жинап (қажылық сияқты), әлемдегi ең керемет әлеуметтiк жүйенi қалыптастырған.

- Ислам дiнi алкогольді iшiмдiктердi, құмар ойындарын және есiрткi түрлерін харам еткен. Әлемдегi ең үлкен жамандықтар осы үш бәледен туындайды.

- Адамдардың өлгеннен кейiнгi жағдайы, ахирет өмiрi, жағдайлары туралы ешбір христиан дiн адамы түсiнiк бере алмайды. Мұны ең тамаша, ең ауқымды түрде түсіндіріп беретін дiн – Ислам дiнi.

- Ислам – кедейлерге, жетiм-жесiрлерге, жолаушыларға және қай дiннен болса да, мұқтаж адамға жәрдем берудi бұйыратын жалғыз дiн.

- Ислам діні ешкімнен түсіне алмайтын нәрселерін қабылдауды талап етпейді. Басқа діндердегідей «құпия» деп саналатын сенімдері жоқ.

- Исламда қандай да бір мәселеде әуелі Құран кәрiмге  жүгіну, одан табылмаған жағдайларды Расулуллаһтың (алейһиссалам) сүннетiнен iздеу, одан да табылмаған мәселелерді ақылы толық адамдардың ижтиһа етуі (сол мәселенің үкiмін баяндауы) негізге алынады.

- Ислам – ең жаңа дiн. Құран кәрiм алғашқы күнiнен қазiрге дейiн еш бұзылмастан, бір сөзі де өзгерместен жетіп келген. Ішінде барлық қажеттiлiктi қамтамасыз ететiн үкiмдер бар. Осыдан-ақ ендігәрі басқа дiннiң келмейтiндiгi, адамдардың дiни қажеттiлiктерiн толық қамтамасыз еткендiгi, Ислам дінінің шынайы Аллаһ діні екені өздігінен аңғарылуда.

- Исламда барлық жерде ғибадат жасауға рұқсат берiледi. Құлшылық жасау үшiн мiндеттi түрде мешiтке баруға мәжбүрлемейдi. Мұсылман адам басқа дiннiң ғибадатханасына зиян келтірмейді, қажет болған жағдайда шiркеуде де намаз оқуына болады.

- Ислам дiнi әйелдердi қадірлеп, оларға ең үлкен құқықтарды берген. Исламда бiрнеше әйелге үйлену дегендей бұйрық жоқ. Бұл мәселеде белгiлi бiр саннан аспау және кейбiр құқықтарға бағыну шартымен рұқсат берген. Ислам дiнi келген кезеңдерде арабтар бiрнеше әйелдермен бiрге өмiр сүре беретiн. Ол әйелдердiң ешқандай құқықтары қорғалмайтын. Мұхаммед алейһиссалам «Жәннат аналардың аяғының астында» деп айтып, әйелдерге айрықша көңiл бөлген. Басқа ешбір дінде мұндай жеңілдік жоқ.

- Ислам дiнi адамдарды еңбек етуге, пайдалы нәрселердi үйренуге, әуелі өз ақылымен және талпынысымен еңбектенгеннен кейiн Аллаһу та’аладан жәрдем сұрауға шақырады. «Бiр сағат тәфәккур ету (ойлану) және пайдалы iспен айналысу бiр жылдық (нәпiл) ғибадатқа жасаумен тең» дейтін басқа ешқандай дін жоқ.

- Ислам діні – рух пен дене тазалығы. Бұл екеуiн тең ұстайды. Ислам дінінде тек  сүйiспеншiлiк, күлімдеген жүз, жылы сөз, турашылдық және жақсылық жасау ғана бар.

- Ислам дiнi Аллаһу та’аланы «Раббил аләмин», яғни әлемдердiң Аллаһы деп баяндайды. Басқа діндердегi сияқты тек сол дiн өкiлдерiнiң құдайы деп санамайды.

- Жұбаныш іздеген бейшара мұны тек Құран кәрімде табады. Құран кәрімде мұқтаждарды жұбататын, оларға шаттық беретін, не істеуі керек екенін үйрететін көптеген тамаша насихаттар бар.