12 - Рабиул-ахир, 1446 жыл.
     15 - Қазан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Адамдардың ең жаманы

Адамдардың ең жаманы

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Адамдардың ең жаманы – дін атын жамылып, дүниелік пайдасына қол жеткізген адам.

Көңілінде Аллаһтан қорқуы өте аз болған, дүниелікке деген сүйіспеншілігі бар болған, харамдардан сақтанбайтын адам ғалым екенін айтса, шошу керек. Білімімен амал етпейтін адамға ғалым деуге болмайды.

Пенде махаббат дәрежесіне Аллаһу та'аланың достарына дос, дұшпандарына дұшпан болу арқылы жетеді.

Амалдардың ең үстемі – дұрыс амал ету, сүннетке сай қызметті жалғастыру.

Жүректің Аллаһу та'аладан басқаға ауып кетуі Аллаһу та'аланың азабын тездетеді.

Жасаған амалдары өзін тозақ азабынан құтқарып, Аллаһу та'аланың разылығына қауыштыратынын ойлайтын адам қатты қателеседі. Аллаһу та'аланың мейірімі және ихсанымен құтыла алатынын ойлайтын адамды Аллаһу та'ала разылық дәрежесінің ең соңына жеткізеді.

 

Тәуһидтің негізі үш нәрсе:

1) Аллаһу та'аланы Раб ретінде тану,

2) Оны жалғыз деп қабылдау,

3) Оған ештеңені серік қылып қоспау.

Сенімі дұрыс болып, Аллаһу та'аланың ризыққа кепіл екеніне сенген және бұйырған ғибадаттарын ықыласпен, дұрыстап орындаған адам әулие болады.

Аллаһу та'аланың жәрдемімен нәпсінің қалауларына ермеген адам ауада ұшқан және су бетімен жүрген адамнан әлдеқайда үстем.

Кімде-кім күнін Аллаһу та'аланы ойлап, яғни дінге бағынып өткізсе, бүкіл күнді зікір еткендерден саналады.

 

Әдеп деген не?

Көп білімнен гөрі, аз болса да, әдепке мұқтаж екенін білу өте құнды. Әдеп – адамның нәпсін білуі, тануы.

Ғалымдарды менсінбеген адамның ахиреті, әмірлерді менсінбегеннің дүниесі, достарын менсінбеген адамның адамгершілігі жойылады.

Мүстаһабтарды орындауға немқұрайлы қарау сүннеттерді орындауға немқұрайлы қарауға себеп болады. Сүннеттерді орындауға немқұрайлы қарау парыздардың орындалуын қиындатады. Парыздарға немқұрайлы қараған адам марифетке, Аллаһу та'аланың разылығына қауыша алмайды. Парыздарды тәрк еткен адамның күпірге түсу қаупі бар.