9 - Шәууал, 1445 жыл.
     18 - Сәуір, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Қажетті дұғалар / Шипа үшін истиғфар оқу

Шипа үшін истиғфар оқу

Сұрақ: Шипа үшін истиғфар дұғасын оқыған кезде мағынасын ойлау керек пе?

Жауап: Мұхаммед Масум хазреттері былай дейді:

«Истиғфар оқыған кезде мағынасын да ойлау керек. Бұл оқыған адамды және жанындағыларды дерттерден, қиыншылықтардан, аурулардан сақтайды. Көп адам оқыды, әрдайым пайдасын көрді.» (С.Әбәдийа)

«Шипа үшін истиғфар дұғасын оқу өлімнен басқа барлық дерттерге, ауруларға қарсы пайдасын тигізеді. Өлім халіндегі науқастың ауруларын, шаншуларын тоқтатады, рахат өлуін қамтамасыз етеді.» (Ислам Ахлақы)

Истиғфар оқитын кезде жүз рет «Әстағфируллаһ мин кулли мә кәрихаллаһ» деп оқу керек және жүз рет «Әстағфируллаһәл азыйм әлләзи лә илаһа илла һууәл хаййәл қаййумә уә әтубу илайһ» деу керек және мағынасын ойлап айту қажет. Біріншісінің мағынасы мынадай: «Разы болмаған нәрселеріңнен жасағандарымды кешіре гөр және оларды істеуден мені қорғай гөр!»

Екіншісінің мағынасы мынадай:

«Өзінен басқа тәңір болмаған хай, қаййум және азыйм болған Аллаһқа истиғфар етемін және күнәларыма өкініп, Оған сыйынамын.» (Азыйм – болмысы мен сипаты кәміл, Хай – әзәли (бастауы жоқ) және әбәди (соңы жоқ) өмірмен тірі болған, Қаййум – болмысымен мәңгі болған, жаратқан барлық нәрсесін бар қылып ұстап тұрған дегенді білдіреді.)

Науқасқа шипа үшін жетпіс рет истиғфар оқып, соңында басына үрлеп, кейін қысқаша бір дұға ету керек. Дұғалардың және истиғфардың қабыл болуы үшін намаздарды оқу, харамдардан сақтану керек және дәретпен оқу қажет. Истиғфарды және дұғаларды дәретпен оқу мүстаһаб. (С.Әбәдийа)