Асхаби кәһфтің хижреті (көшуі)Сұрақ: Асхаби кәһф керемет иелері болатындай не істеген? Жауап: Асхаби кәһф – «үңгірлес достар» дегенді білдіреді. Бұл мүбәрәк адамдардың есімдері: Ямлиха, Мәксәлина, Мислина, Мәрнуш, Дәбәрнуш, Шазәнуш, Кәфәштатаййуш және иттері Қытмир. Хазреті Исадан кейін дін дұшпандары көбейіп, үштәңірлік сенімін зорлықпен имандыларға қабылдатып, барлық жерді фитна (бүлік) қаптаған кезде Асхаби кәһф атты кісілер патша сарайында қызметте бола тұра, Исауилік хақ діндерін қорғау үшін барлық нәрселерін тастап, Эфсустағы (Тарсустағы) үңгірге хижрет етті. Асхаби кәһфтің сондай құрметке қауышуы осы хижрет еткені үшін болған. (Мәктубат-и Раббани 2 том, 68 хат) Сол замандағы король Рим императорларының бірі Докиянус болған, залым адам еді. Пұттарға табынатын. Кейіннен өзін құдай деп жариялады. Пұтқа табынуды қабылдамаған имандыларды азаптап өлтіріп, қаланың кіреберісіне асып қоятын. Король тыңшылары арқылы сарайда қызметтегі иманды жастардың барлығынан хабар тапты. Оларды қорқытты. Бірақ олар пұтқа табынуды қабылдамай, сарай ақсақалдары арасында Раббымыздың берген үлкен батылдығымен: «Тәңіріміз аспандар мен жердің Раббы» деді. Король Ниноваға кетіп бара жатқан еді. Қайтып келгеніне дейін оларға уақыт берді. Олар осы кезде ақылдасып, елден бас алып хижрет етіп кетуге мүмкіндік тапты. Қалаға жақын бір жердегі тауға қарай кетіп бара жатқанда жолда Кәфәштатаййуш есімді бір шопанға кезікті. Шопан да иман келтіріп, олардың жетіншісі болды. Шопанның иті Қытмир де олардың арттарынан жүрді. Ит салихтардың соңынан жүріп, адалдығын көрсеткені үшін (ерекшелік ретінде) жәннатқа кіру абыройына ие болды. (Үлкен ғұламалардың, әулиелердің соңынан жүргендер де құтылады.) Жастар тауда шопан көрсеткен үңгірге кіріп, ғибадат етті. Араларындағы ең тәжірибелісі Ямлиха киімін ауыстырып, қаладан ішіп-жейтін азықтарын алып келіп қамтамасыз етті және ол жақтан мәлімет жеткізіп тұрды. Осы кезде Докиянус Эфсусқа келіп оларға іздеу салды. Қашқанын білген кезде әкелерінен сұрады. Олар тауға қарай кеткенін айтты. Докиянус адамдарымен бірге барып, сол үңгірді тапты. «Осы жерде өлсін» деп, үңгірдің аузын бекітіп тастады. Докиянустың жақындарынан болған екі иманды жігіт осы жастардың жеке кім екендіктерін және бастарынан өткен оқиғаларды тасқа қашап жазып, үңгірдің аузына орналастырды. Аллаһу та'ала үңгірде қамалып қалған жастарға ұзақ ұйқы берді. Олар үш ғасыр ұйықтағаннан кейін оянды. Құран кәрімде былай делінеді: «Олардың жүректеріне төзімділік бердік. Ол жігіттер (корольге қарсы) тік тұрып, "Біздің Раббымыз аспандар мен жердің Раббы. Одан басқасын құдай ретінде көрмейміз" деді.» (Кәһф 14) «Біз оларды (дене мен киімдері еш өзгерместен) ояттық, бір-бірінен сұрасып, жағдайларын білсін деп. (Аллаһтың құдіретіне деген шынайы сенімдері артсын, ниғметтеріне шүкір етсін.) Олардың бірі "Мұнда қанша уақыт қалдық?" деп сұрады. "Бір күн немесе одан да аз" десті. (Өсіп кеткен шаш пен тырнақтарын байқағанда) "Қанша уақыт қалғанымызды Раббымыз жақсырақ біледі. Араларыңнан біреуді мына ақшамен қалаға жіберіңдер, таза тамақтардан азық алып келсін, мұқият болсын, ешкімге ештеңе білдірмесін" десті.» (Кәһф 19) Олардың ең жетігі болған Ямлиханың тағы да киімін ауыстырып, ешкімге ештеңе сездірместен барып, қажет нәрселерді алып келуін жөн көрді. Ямлиха таудан Тарсус қаласына түскенде қаланың қатты өзгеріп кеткенін байқады. «Бір күнде үлкен қала қалайша осыншалықты өзгеріп кетеді?» деп таң қалды. Кейін бір наубайханаға кірді. Докиянус заманында оның атымен басылған алтын ақшаны берген кезде наубайшы бұл адамды қазына тапты деп ойлап, дереу үкімет қызметкерлеріне хабарлады. Олар Ямлиханы ұстап алып, «Тапқан қазынаңды бізге бер» деп бопсалады. Ямлиха болса: «Мен қазына тапқан жоқпын. Бұл ақшаны кеше үйден алдым, бүгін базарға алып келдім» деді. Олар әкесін және таныстарын сұраған еді, Ямлиха бәрін айтып берді. Сонда олар «Бұл жерде ондай адамдар жоқ, сен өтірік айтасың» деді. Ямлиха қатты қиналды. «Онда Докиянусқа барайық, ол мені таниды» деді. Олар «Докиянустың өлгеніне үш ғасыр болды. Сен бізді мазақ қылып тұрсың ба?» деп ашуланды. Сөйтіп, оны патшалары болған Салих кісі Мәлик Тэндрусқа алып барды. Бұл патша иманды еді. Ямлиха басынан өткендерді айтып бергенде патша жақындарымен бірге үңгірге келді, әуелгі оқиғалары жазылған тасты оқыды. Есімдері мен жағдайлары мәлім болды. Бәрімен құшақтасып, қош айтысты. Асхаби кәһф қайтадан әуелгідей үңгірге кіріп, ұйқыға жатты. Асхаби кәһф хазреті Мәһди заманында оянады және Оның әскерлері болады. Хадис шәрифте: «Асхаби кәһф Мәһдидің көмекшілері болады» делінген. (Имам Суюти) Асхаби кәһфтің есімдері жазылған қағазды үйінде, үстінде сақтау зияндардан қорғайды, берекет береді. Егістіктің берекеті үшін Асхаби кәһфтің есімдерін төрт қағазға жазып, әрбірін егістіктің аяқ басылмайтын төрт бұрышына көму керек. (Рух-ул-баян, Фәуаид-и Османийа) |