11 - Шәууал, 1445 жыл.
     20 - Сәуір, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Ислам дінін үйренудің екі жолы

Ислам дінін үйренудің екі жолы

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Ислам дінін екі жолмен үйренуге болады. Біріншісі, кітап оқу, сөйлесу, түсіндіру арқылы үйрену. Екіншісі, үндемей үйрену. Осы екінші үйрену жолы өте маңызды. Бұған сұхбат делінеді. Сұхбат – бір жерде бірге болу деген сөз. Сөйлесу шарт емес. Асхаби кирамның осыншалықты қадірлі және бүкіл әулиелерден үстем болуының себебі – пайғамбарымыздың (алейһиссалам) сұхбатына қауышуы себебінен. Сол бір сәттік көрісу олардың Расулуллаһты көрмей ғашық болған Уәйсәл Қараниден үстем болуларына себеп болды. Уәйсәл Қарани хазреттерінде білім, ықылас, бәрі бар еді. Бірақ пайғамбарымызды көру нәсіп болмады. Сол көру немесе есту абыройына қауышпағандықтан, табиин болды, яғни үстемдік реттілігінде екінші болды.

Имам Раббани хазреттері «Барлық үстемдік сұхбаттың ішінде бар» деген.

Біз негізі құрамымыз болған топырақтан пайда болдық. Біздің барлық азықтарымыз осы жерден шығуына қарамастан, топырақ мүлдем сөйлемейді. Оның үстіне бәріміздің аяғымыздың астында жатады. Онда еш тәкәппарлық жоқ, яғни өркөкірек емес. Ол осы қарапайымдылығы себебімен ең қадірлі болған. Жоғары шыққан сайын, биіктеген сайын топырақ та зиянды бола бастайды, көшкіндерге себеп болады. Осы сияқты, барлық сулар теңіз деңгейіне қарай ағады, жоғары қарай ағатын ешқандай су жоқ. Теңіз деңгейіне жетпеген, биіктерден аққан су селдерге, қауіп-қатерге себеп болып, зиянын тигізеді, ол судың пайдасы тимейді. Тек сол су топырақ деңгейіне түскен, теңізге немесе тоғанға жеткен кезде өте пайдалы, берекетті болады. Адамдар сол судан пайдаланады. Каналдар ашылып, арықтар жасалады, егін суарылады.

Егер адам көп кітап оқып, өз-өзін жетілдіру жолымен немесе батын (ішкі әлем) білімінен хабары болмай, тек захири (сыртқы) білімдермен шұғылданатын адамдардан үйрену арқылы білім алса, бұл адамның пәлекетке түсу ықтималы бар. Өйткені біліміне сеніп, тәкәппарлануы мүмкін. Бірақ мүршид-и кәмілден (жетілген кәміл ұстаздан), әулиеден фәйз алып, оны көріп, естіп, сұхбат жолымен дінін үйренсе, одан аулақ кететін пәлекет себебінің алғашқысы – тәкәппарлық пен мақтаныш. Демек, сұхбаттың адамдарға беретін екі нәрсесі бар: 1) Сіңдіріп, қандырып діни білімдерді үйрену. 2) Жүрек тазарып, дүниелікке деген махаббаттан, тәкәппарлық пәлекетінен құтылу...