8 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     10 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Әдеп-ахлақ / Әр нәрсеге ашулана беру дұрыс емес

Әр нәрсеге ашулана беру дұрыс емес

Сұрақ: Ашуланған адам «Қан қысымым көтеріліп кетті» дейді. Сонда ашулану қан қысымының көтерілуіне себеп болады ма?

Жауап: Иә, себеп болады. Ашулану нәтижесінде жүйкенің бұзылуымен бұлшықеттер тырысса, қан қысымы көтеріледі. Никотин сияқты кейбір улы заттар, қанға тараған токсиндер тамырларды тарылтып, қан қысымын көтереді. Денені де, жүйкелерді де шаршатпау керек, қайғырмау керек. Жүйкені басатын дәрі қабылдау қажет, жеткілікті шамада ұйықтаған жөн. Тұзы және майы аз тағамдармен емдәм жасаған жақсы, несеп айдайтын дәрі ішу керек.

Ашуланған адам жүйкесін баса алмай, ашуын жеңе алмаса, ашуы жек көрушілік күйіне енеді. Ашулану қан айналымның артуынан (қан қысымының көтерілуінен) туындайды. Аллаһ үшін ашулану жақсы. Бұл дінге деген қайсарлығынан саналады.

Ислам ғалымдары жүйке жүйесінің бұзылуында «Лә хаула...» оқуға кеңес беруде. Хадис шәрифте былай делінеді:

«"Лә хаула..." оқу 99 дертке дауа. Бұлардың ең жеңілі – қиыншылықтан құтылу.» (Әбу Нуайм)

(Имам Раббани хазреттері дін мен дүние зияндарынан құтылу үшін күнде 500 рет "Лә хаула уәлә қууата илла биллаһ" дұғасын оқитын еді. Мұны оқудың алдында және оқып болғаннан соң жүз реттен салауат айтатын еді. (Тәфсир-и Мазхари))

«Күнде жүз рет салауат айтқан адам мұнафиқ болудан (екі жүзділіктен) және тозақ отынан алыстайды, әрі қияметте шәһидтермен бірге болады.» (Табарани)

Имам Раббани хазреттері жыннан қорғану үшін және қорқынышты кездерде «Лә хаула уәлә қууата илла биллаһил алийил азыйм» дұғасын оқуды бұйыратын еді.

Мұхаммед Масум хазреттері айтқан:

«Дерттерден құтылу және мақсатқа жету үшін 500 рет "Лә хаула уәлә қууата илла биллаһ" деп оқу керек, оқудың алдында және оқып болғаннан соң жүз реттен салауат дұғасын оқып, дұға ету керек.»