2 - Жамазиәл-ахир, 1446 жыл.
     3 - Желтоқсан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Әуелі дұрыс сенім қажет

Әуелі дұрыс сенім қажет

Қате сенім, қате ақида, яғни бидғат – көңіл (жүрек) ауруларының ең қауіптісі. Әсіресе қазіргі заманда мұсылмандардың көбі осы жаман ауруға шалдыққан. Сезім мүшелерімен аңғарылмайтын, есеппен де есептелмейтін нәрселерді ақылға салу осы ауруға шалдықтырады.

Ақыл түсінбейтін және қателесетін нәрселерде ақылға жүгініп әрекет ету надандық саналады. Осындай адамдарға еру, олардың жолын ұстану ахиретте үлкен қиындықтарға себеп болады.

Әрине, адамның өз ақылымен осы терең білімдерді табуы мүмкін емес. Егер әр адам өз ақылымен осы білімдерді табуға тырысатын болса, онда жер бетіндегі адамдардың санындай қате пікір, сенім пайда болады. Әр адамның ойы, түсінігі, көзқарасы бірдей емес. Тіпті дүниелік мәселелердің өзінде адамдар өзгеше ойлайды. Дүниелік істерде осындай болса, ақыл жетпейтін ахирет білімдерінде дұрысын табу мүмкін бе?

Бұл жағдайда сенген әрбір мұсылманның жасауы керек болған іс – өз ақылын араластырмай шынайы Ислам ғалымдарының білдіргендеріне бағыну. Олар иманның қандай болуы керектігін білдірген. Дұрысы да осы.

Пайғамбарымыз алейһиссаламның және сахабаларының сенімдерін дұрыс күйде анықтап, біздерге білдірген тек қана Әһли сүннет ғалымдары болған. Онсыз да «Мен Әһли сүннет сеніміндемін» деп айту «Олар қалай сенген болса, мен де олар сияқты сендім» деген сөз.

Дұрыс сенім өте маңызды. Өйткені жасалған барлық ғибадаттар осыған байланысты. Сенімі қате болған адамның жасаған барлық ғибадаттары өтпейді, қабыл болмайды. Жасаған ғибадаттары оны тозақ отынан құтқара алмайды.

Демек, әуелі дұрыс сенімге ие болу керек. Жетпіс үш ағымның арасынан жалғыз құтылғаны – Әһли сүннет сеніміне ие болғандар. Қалған жетпіс екісі адасқан ағымдар. Жетпіс үш «алтынның» ішінде «шынайы» болғаны осы. Қалғандары жасанды!

Аллаһу та'ала мұсылмандардан пайғамбарымыз және сахабалары сенгендей иман келтіруін талап етуде.

Сүйікті пайғамбарымыз (алейһиссалам) қайтыс болғанда адамдар діндерін Асхаби кирамнан (алейһимурридуан) үйренді. Олардың бәрі дәл сол иманды, Әһли сүннет сенімін, өздерінен ештеңе қоспастан, Расулуллаһтан үйренгеніндей жеткізді.

Мазһаб имамдарымыз, Силсилә-и алийа ғұламаларымыз және басқа да үлкен ғалымдарымыз осы таза, дұрыс иманды кітап күйіне келтіріп, бізге өткізді. Осы ғұламаларымызға қанша дұға етсек те, аз. Олардың кітаптарын көп оқып, олар көрсеткен жолда жүруге бар күшімізді салуымыз керек.