7 - Жамазиәл-ахир, 1446 жыл.
     8 - Желтоқсан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Рамазан – сүйіспеншілік айы

Рамазан – сүйіспеншілік айы

Аллаһу та'ала мұсылмандардың бір-бірін жақсы көруін қалайды. Бұл иманның негізі. Бір мұсылманға дұшпандық ету, көңілінде оған қарсы кек сақтау соңғы демде имансыз өлуге себеп болады. Иман – төрт сүйіспеншіліктің жүректе бірге болуы деген сөз. Олар: Аллаһу та'аланы жақсы көру, пайғамбарымыз Мұхаммед алейһиссаламды және басқа барлық пайғамбарларды жақсы көру, Асхаби кирамның бәрін және Ислам ғалымдарын жақсы көру, сенімі қате болмаған мұсылман дін бауырларын жақсы көру...

Сүйіспеншілік пен махаббат бар жерде қайыр мен берекет болады. Адамдар бір-бірін жақсы көрмейтін, бәрі бір-біріне дұшпан болған жерлерде бақыт пен шаттық іздеу бос тірлік. Бір-біріне дұшпан болып жүрген адамдар дүниені өздеріне зындан қылуда. Үйлерде, жұмыс орындарында, ауыл мен қалаларда бір-бірін жақсы көрмейтін адамдардың бар болуы өмірді тозаққа айналдыруда. Бақытты өмір сүру үшін сүйіспеншілік пен махаббат шарт.

Адамдардың бір-бірін жақсы көруі үшін алдымен бәрі бір-бірімен сәлемдесуі керек, бір-біріне қайыр дұға етіп, ешкім ешкімді қарғамау керек. Қолдан келгенше бәріне жақсылық жасап, ешкімге жамандық жасамау керек, тіпті жамандықты ойламау да керек... Жақсылықта және тақуалықта жәрдемдесіп, күнә істеуде және дұшпандықта ешкімге мүлдем көмектеспеген жөн. Юнус Әміре ақын айтқандай: «Жаратылғанды жақсы көр, Жаратқан үшін.» Осылайша дүние өмірін жәннатқа айналдыру керек.

Дүниеде бүкіл жамандықтардың және адамдардың бір-біріне дұшпан болуының негізгі себебі – байлыққа, шаһуетке және атақ-абыройға құмар болу. Біреудің қолындағы мал-мүлік пен байлықты тартып алу үшін түрлі қулық пен айла қолданғандарды ешкім жақсы көрмейді. Өзінің шәһуаттық қалауларына қол жеткізу үшін біреудің ары мен намысына көз тіккендерді де ешкім жақсы көрмейді. Танымал болу үшін әр түрлі масқаралыққа түскендер, осы үшін бүкіл рухани қадірлерін аяқасты қылғандар ешкімнің алдында сүйіспеншілік пен құрметке ие бола алмайды.

Сүйіспеншіліктің қайнары – әр адаммен жақсы қарым-қатынаста болу. Ешкімнің кемшілігін көрмеу және іздемеу керек. Ешкіммен сөз тартыспай, ешкімнің артынан сөйлемеу керек, мүлдем ғайбаттамаған жөн. Ғайбат – зина жасаудан да үлкен күнә. Адамдар арасында сөз тасу дұшпандыққа жол ашады. Дос-дұшпан бәріне жылы сөзбен, күлімдеп сөйлеу қажет. Достарға дұрысты айту, дұшпандарды тек "сен жақсысын..." деп басқару керек. Әрбір істе жетістікке жетудің сыры: күлімдеген жүз, жылы сөз және тыңдаушыға түсінікті етіп сөйлеуде...

Өзінікі дұрыс болса да, біреуді ренжіту Қағбаны жетпіс рет құлатудан үлкен күнә. Бәріміздің Рамазанды осы түсінікпен өткізуімізді Аллаһу та'аладан тілеймін.