8 - Рабиул-ахир, 1446 жыл.
     11 - Қазан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Нашар жазушының кітабы

Нашар жазушының кітабы

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Әулиелердің есімдері сүйіспеншілікпен аталатын болса, рухтары сол жерге келеді. Ол жерге рахмет жауады. Хадис шәрифте: «Салихтар еске алынған жерге рахмет түседі» делінген. Осындай әулиенің кітабын оқыған адам онымен байланыста (рабыта күйінде) болады. Қосқышты басқанда шам жанғандай, осы әулиелердің рухтарынан пайдалану үшін міндетті түрде есімдерін құрметпен атау немесе оларды еске түсіретін нәрселер жайлы айту керек. Міне сол байланыс, сол сүйіспеншілік фәйз қайнары болады.

Бір кітапты кім жазған болса, оның рухы сол кітаппен бірге болады. Авторы жақсы болса, оның таза рухы келеді, фәйз шашады, көңілдің тазалануына себеп болады. Авторы нашар болса, лас рухы қараңғылық жаяды, жүректің қараюына себеп болады.

Бір әулие кісі уағыз айтып отырғанында ішке бір шәкірті кіреді. Әулие кісі:

- Сенің үстіңнен өте жаман, сасық иіс шығып тұр, ол ненің иісі? – деп сұрайды. Шәкірті:

- Ұстазым, таңертең тұрдым, ғұсыл алдым, жаңа киімдер кидім, үсті-басым таза, - деп жауаптайды.

Басқа шәкірттер таңқалады, өйткені ол бөтен біреу емес, өздерінің досы еді. Ұстазы:

- Онда қалтаңда не бар, бәрін шығаршы, көрейік! – дейді. Шәкірт қалтасынан алдымен бір кітап шығарады, ұстазы кітапты көргенде дереу:

- Болды, қалғандарын шығармай-ақ қой, түсінікті. Қайдан алдың бұл кітапты?

- Ұстазым, жолда келе жатқанымда бір танысым менің діндар екенімді білгендіктен «Саған жақсы діни кітап берейін» деді, мен діни кітап дегеніне қуанып алдым да, қалтама салдым.

Әулие кісі кітаптың бірнеше бетін оқығаннан кейін айтады:

- Бұл кітаптағы діни мәліметтердің бәрі дұрыс болса да, жазушысының лас рухынан шыққан қараңғылық бәрін жауып тұр. Бұл кітапты дереу сыртқа шығарыңдар!

 

Оқыған адам уланады

Тағы бір күні бір ғалымға Шарафеддин мырза атты біреу жазған «Дінім» атты кішкентай кітапша алып келеді. Ол ғалым кітапты соңына дейін оқытқызып, өзі тыңдап болғаннан кейін айтады:

- Басынан соңына дейін бірде-бір сөзі қате емес, бірақ бұл кітапты кім оқыса, уланады, өйткені жазушысы нашар адам.

Бір кітаптың әрі авторы жақсы, әрі берген мәліметтері дұрыс болса, бірақ кітап табыс немесе абырой үшін басылса, яки дінге қайшы басқа ниеттер бар болса, ол кітап та қараңғылық жаяды. Имам Ғазали, Абдулқадир Гейлани хазреттері сияқты үлкен ғұламалардың кітаптарының кейбір аудармаларында осы қараңғылық күйі байқалуы мүмкін.