8 - Рабиул-ахир, 1446 жыл.
     11 - Қазан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Бәрінен дұға сұрау керек

Бәрінен дұға сұрау керек

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Барлық әулиелер дұға алуды жолдарының негізі ретінде қабылдап, бәрінен дұға сұраған. Убайдуллаһ Ахрар хазреттері бәрінен дұға алатын еді. Оны Убайдуллаһ Ахрар хазреттері қылған бір ауылдық тұрғынның «Йа, Раббым, мына баланың көңіл көзін аш!» деген дұғасы болған. Ол ауылдық кісі әулие болып шыққан. Кімнің кім екенін біз біле алмаймыз.

Жас жігіттің бірі бау-бақшада қарауыл болып жұмыс істейді. Сол заманның патшасы Мәлик Захир бір бақшаның қасынан өтіп бара жатып әлгі жігітті көріп қалады. Жігіттің ынтасына көзі түсіп «Мен патшамын, маған бір анар бересің бе?» деп сұрайды. Жігіт бір анар үзіп алып келеді. Патша дәмін татып көреді, анар қышқыл екен. «Сен бұл бақшада осынша уақыт жұмыс істейсің, анардың қышқылы мен тәттісін әлі ажырата алмайсың ба?» дейді. Жігіт оған: «Мырзам, бақша меніңкі емес, мен мұнда қарауылмын. Бір рет болса да жеп көрмеппін. Қайсы қышқыл, қайсы тәтті екенін білмеймін» деп жауаптайды. Ал патша «Мейлі, бірақ мен тәтті анар жегім келіп тұр» дейді, сонда жігіт «Аллаһу та'алаға дұға етейін, тәттісін берер» деп намаз оқи бастайды. Намаздан кейін патша келіп жас жігіттің аяқтарына жабысады. Жігіт ыңғайсызданып, бұған жол бермеуге тырысқанында патша «Сенімен бірге ағаштардың да сәжде еткенін көрдім» дейді де, үлкен патша жас жігіттің шәкірті болады. Жігіт қарауыл еді, бірақ көңілі әрдайым Аллаһпен бірге болған Абдуллаһ әл-Ажеми хазреттері еді.

Сондықтан бәрінің дұғасын алуға тырысайық. Дұға алудың ең алғаш шарты – тауазу (қарапайымдылық, кішіпейілдік). Тәкәппар адам дұға сұрай алмайды. Расында марқұм Хусейн Хилми бин Саид хазреттері «Тәкәппарлық – заттық және рухани жақсылықтардың бәріне тосқауыл» дейтін еді. Әулиелердің бәрі қарапайым, кішіпейіл адамдар. Аллаһу та'ала хадис құдсиде «Ұлылық пен тәкәппарлық маған тән. Осы екеуінде маған ортақ болғысы келгендерді жағамын!» дейді. Аллаһу та'ала жағатын адамын әулие қылады ма?

Өзімізді ешкімнен үстем, жақсырақ көрмеуіміз керек. Онсыз да қай мәселеде болса да, тіпті дүниелік мәселенің өзінде «Мен жақсырақпын, мен жақсырақ істеймін» деп айту шайтанның сипаты. Өйткені Ібіліс «Мен Адамнан жақсырақпын» деп айтып шайтан болды. Кімде-кім «Мен пәлен адамнан жақсырақпын» десе, оның байланысы үзіледі, фәйз жолы жабылады. Тәкәппарланудың қауіптілігі соншалық, адамның күпірге түсуіне де себеп болуы мүмкін. Сондықтан қателікті әрдайым өзімізде іздеу керек, тек өз кемшіліктерімізбен әуре болуымыз керек, ешкімді төмен санамай, бәрімен жақсы қарым-қатынаста болуға тырысу қажет. Аллаһтың ешбір құлын ренжітпей, көңілін қалдырмау керек.