5 - Жамазиәл-ахир, 1446 жыл.
     6 - Желтоқсан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Иман және Ислам / "Иман және Ислам" кітабы / Діндер, сенімдер және дін мен философияның айырмашылығы

Діндер, сенімдер және дін мен философияның айырмашылығы

-3-

ДІНДЕР, СЕНІМДЕР және

ДІН МЕН ФИЛОСОФИЯНЫҢ АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ

Аллаһу та’ала жалғыз. Оған алып баратын жол да жалғыз. Дін – Аллаһу та’аланы танытатын жол болса, дүниеде бір ғана дін болуы керек. Алайда, қазір жер бетінде бір-бірінен өзгеше діндер мен әр түрлі сенімдер бар. Бірақ, зер салып қарайтын болсақ, бір Аллаһ жіберген мусауилік, исауилік және мұсылмандықтың бірдей иман негіздеріне құрылғанын көреміз. Бұл үш дін бір шынжырдың алқалары сияқты. Аллаһу та’ала ғасырлар өткен сайын бұзылған, өзгертілген мусауилік пен исауилікті түзетіп, тазалап, ең соңғы және шынайы түрі болған «Ислам» дінін жіберген. Негізінде, осы кітапта көп қайталағанымыздай, «Ислам діні» сөзінің екі мағынасы бар. Аллаһу та’алаға берілу деген мағынаны беруімен қатар, Мұхаммед алейһиссалам білдірген соңғы дін дегенді де білдіреді. Ал «Әһли кітап» – басқа екі діннің өкілдеріне берілген атау болып табылады. Бұлар қазір өзгертілген Тәурат пен Інжілді Аллаһтың сөзі деп санайды. Иса мен Мұса алейһимуссаламға Аллаһтың пайғамбары деумен қатар, суреттеріне, мүсіндеріне сәжде жасап, өздеріне шапағат етулері үшін жалбарынады. Оларда «Улухийат (тәңірлік) сипаты» бар деп сенген адам «Мүшрик» болады. Аллаһу та’аланың «Заттық сипаттары» мен «Субути сипаттарына» «Улухийат сипаттары» делінеді.

Осы үш үлкен діннің Аллаһу та’ала тарапынан қалай жіберілгенін төменде түсіндіруге тырысамыз. Олардың негіздерін түсіндіреміз. Осы үш үлкен дінмен қатар тағы ешқандай Аллаһ ұғымы қалмаған, тек адамгершілік қағидаларына бағынатын діндер де бар. Олар иттихадшылар шығарған жол болып, біздің тақырыбымыздан тыс қалуымен қатар, әлемде көптеген адам сенетін дін ретінде де сақталған. Сондықтан, негізгі тақырыпқа кірмес бұрын олар туралы да мағлұмат беруді жөн көрдік. Әуелі солар туралы айтайық.

Олардың ішінде Мүшриктік, Брахманизм, Мәжусилік және Буддизм алдыңғы қатарда тұрады. Осы төрт дін бұдан аз уақыт бұрын бір жарым миллиард адамның сенімінен құралған болатын. Өйткені, үнділер, бирмалықтар, лагостықтар, жапондар, қытайлар, малайлар, кәрістер және олармен көршілес болған көптеген мемлекеттер осы пікірді ұстанатын еді. Османлылар, еуропалықтар мен американдықтардың арасында да аз болса да кездестіру мүмкін еді. Бірақ, қазір коммунисттік үгіттерге байланысты және жас қытайлардың өздерін ешқандай дінді ұстанбағаны себебінен бұл дінді ұстанатындардың саны соңғы халықаралық статистика бойынша 400 миллионға түскен. Енді осы діндерді жақыннан зерттейік және энциклопедияларды қолданып, олардың адамға қандай орын беретінін қарастырайық.