12 - Рабиул-ахир, 1446 жыл.
     15 - Қазан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Не істесең де, өзіңе

Не істесең де, өзіңе

Әһли сүннет ғұламалар былай деген:

Әркім не істесе де, өзі үшін істеген болады. Мұсылман бауырларымызда қате, кемшілік көрмеуіміз керек, көрінгендерін кешіру керек.

Хазреті Муауиядан: «Сіз ұзақ уақыт бойы әкім болып қалдыңыз, ешбір халифа сізді ауыстырмады, мұның хикметі не?» деп сұраған екен. Сонда ол: «Расулуллаһ алейһиссалам маған "Ей, Муауия, жақсылық жасағанға жақсылық жаса, жамандық жасағанды кешір" деп бұйырған. Мен мұны өзіме ұран еттім, рахаттыққа бөлендім, бәрі менен разы болды» деп жауаптады.

Ғұламаларымыз айтады:

Мойнында бір тиын құл (кісі) ақысы бар болған адам жәннатқа кіре алмайды. Адамның үстіндегі киімінің бәрі халал болса, бірақ бір түймесі, бір жібі харам болса, бұл киіммен оқылған намаз қабыл болмайды, яғни намаз борышы өтелгенімен, намаз оқығанда берілетін үлкен сауаптарға қауыша алмайды.

Тағы пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһ уәсәлләм) былай деген:

«Сырат көпірінде әр мұсылманға жеті сұрақ қойылады: біріншісі иманнан, екіншісі намаздан, үшіншісі оразадан, төртіншісі қажылықтан, бесіншісі зекеттен, алтыншысы ғұсылдан, жетіншісі құл ақысынан сұралады. Бұл жетінші сұрақтан тіпті пайғамбарлар да қорққан.»

Міне осы құл (кісі) ақысының есебін де бергеннен кейін сырат көпірінен өту мүмкін болады.

Құл ақыларының бірі – ғайбат пен өсек. Ренжітетіндей сөзді біреудің артынан сөйлеу ғайбатқа жатады. Ғайбат – зинадан да үлкен күнә, егер ғайбатталған кісіні ренжітетін болса, яғни хабары болса, құл ақысына да кіреді, оның кешірімін алу керек болады. Хабары болмаса да, үлкен күнә болып табылады. Олай болса, ешбір мұсылманды ешқашан ғайбаттамау керек. Құл ақысының есебі өте ауыр болады.

 

Қарғысынан қатты қорқу керек

Күпірден кейін ең үлкен күнә – біреуді ренжіту. Бұл Қағбаны құлатудан да үлкен күнә. Ренжіп қалған бір мүминнен, оның қарғысынан қатты қорқу керек. Жүрек (көңіл) – Аллаһу та'аланың назарында тұрған орын. Аллаһу та'ала адамның денесінде өзіне ең жақын, көрші қылып жүректі жаратқан. Егер жүрек ренжісе, жүректің көршісі Аллаһу та'ала да ренжиді. Олай болса, мұсылман болса да, кәпір болса да, ешбір адамды ренжітпеу керек. Керісінше жақсылық жасау қажет.

Аллаһу та'аланың хикметі, кейбір құлдарды күпірге қызмет етіп жатқан болса, кейбір құлдары барын пида етіп, адамдардың дүние мен ахирет бақытына қауышуы үшін дінімізге қызмет етіп жатыр. Мұсылман үшін ең үлкен пәлекет – осы ниғметтің қадірін білмеу болмақ.