6 - Рабиул-ахир, 1446 жыл.
     9 - Қазан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Кісі ақысы және харам табыс

Кісі ақысы және харам табыс

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Сүйікті пайғамбарымыз адамның нәпісін қинайтын ауру, аштық және өлім жайлы «Егер Аллаһу та'ала осы үш пәлекетті бермесе, адамдар азғырып, бұзылатын еді» деген.

Адам ауру, зілзала, апат немесе басқа бір себеппен өлуі мүмкін. Өлім әркімнің соңынан келе жатыр. Біз дүниеліктің соңындамыз, ол болса біздің соңымызда. Қай жерде, қашан, қалай өлімге ұсталатынымызды біле алмаймыз. Сондықтан өлімді ұмытпау керек, ол күн міндетті түрде келеді. Сол өлім келмей тұрып оған дайын болу керек. Өлімге дайындық халалдан ақша тауып, халал жерге жұмсауға және халал азық жеуге мән беру арқылы жүзеге асады. Харамның соңы – от. Саудада нашар затты сатып, жұртты алдап тапқан ақшаны немесе басқа жаман жолмен келген табысты Аллаһ есіктен ішке кіргізбесін! Әйтпесе, ол шығатын кезде өзімен бірге көп нәрсені алып кетеді. Ол микробты ішке кіргізбеу керек. Денесін отқа толтыру ақылды адамның тірлігі емес. Пайғамбарымыз алейһиссалам айтып берген:

«Миғражда шалқасынан жатқан, қарындары дабылдай жұқа, ішінде әр түрлі мақлұқтар болған адамдарды көрдім. Бауырым Жәбрейілден "Бұлар кімдер?" деп сұрадым. Ол: "Йа, Расулаллаһ, олар сенің үмбетіңнен" деп жауаптады. "Кінәлары не?" деп сұрап едім, "Олар халал-харам деместен мал-мүлік жинап, тапқан ақшаларының халал немесе харам екенін ойламайтындар. Осы жеген харамдары олардың денелерін осындай жағдайға түсірген" деп жауап берді.»

Адам өзін біреудің орнына қойып көрмегенше оларға пайдалы бола алмайды. Яғни бір зат сататын болсақ, өзімізді сатып алушының орнына қойып көруіміз керек. «Бұл адам мұны қалай өтейді, бұл тауардың оған қандай пайдасы бар, қайда, қалай қолданады?» деп ойлануымыз керек. Ақшасынан бұрын дұғасын алуымыз қажет. Аллаһу та'аланың алдына құл (кісі) ақысымен бармау керек. Өмірдегі ең көп қорқу керек болған нәрсе – кісі ақысы. Біздің Аллаһу та'ала алдындағы күнәларымызды Ол жазалайды немесе мейірімімен кешіреді, ол басқа. Бірақ адамдар арасында кісі ақыларына қатысты мәселелерде әділетпен қаралады. Ешкімнің ақысы ешкімнің мойнында қалмайды. Ұлы Аллаһтың алдындағы әділет өмірдегі әділетке ұқсамайды. Ол жерде инеге жіптен есеп сұралады. Жасырын ештеңе қалмайды. Сондықтан өзіміз де күнәға түспеуіміз керек, өзгені де күнәға түсірмеуіміз керек. Сауда-саттықтан кейін халалдасу (бір-бірінің разылығын алу) қажет, әйтпесе көп қиыншылық келеді.

Убәйдуллаһ Ахрар хазреттерін үлкен әулие қылған бір шаруаның дұғасы болған. Бәрінен дұға алуға тырысу керек, өйткені кімнің дұғасы қабыл болатыны белгісіз. Дін ғұламаларымыз «Әр түнді Қадір деп біл, әр көргенді Қыдыр деп біл» деген. Олай болса, бәрімен жақсы қарым-қатынаста болып, бет-әлпетіне және киінгеніне қарамастан, орынды құрметін көрсеткен жөн.