2 - Жамазиәл-ахир, 1446 жыл.
     3 - Желтоқсан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Иман және Ислам / Мұсылман болу себептері

Мұсылман болу себептері

Сұрақ: Кәпір адам қандай себептермен мұсылман болады?

Жауап: Кәпір үш себеппен, яғни Аллаһтың мейірімімен, өзінің іздестіруімен және біреудің дұғасын алумен мұсылман болады.

 

1) Аллаһтың мейірімімен:

Аллаһу та'ала бір адамның хидаятын, яғни мұсылман болуын тілеген болса, ол адам сүйсініп тұрып мұсылман болады. Құран кәрімде былай делінген:

«Аллаһ кімді дұрыс жолға түсіргісі келсе, оның жүрегін Исламға ашады.» (Әнам 125)

 

2) Өзінің іздестіруімен:

Бұл жолмен мұсылман болған көп адам бар. Олар ақиқатты, дұрыстықты табу ынтасымен бүкіл діндерді зерттейді. Ислам дінінің көркемдігіне қайран болып, мұсылмандықты қабылдайды. Аллаһу та'ала Ислам дінін дұрыс үйренгісі келген адамға сол тілегін нәсіп ететінін уәде еткен. Құран кәрімде былай делінеді:

«Дұрыс жолды іздеушілерді бақытқа жетелейтін жолдарға қауыштырамыз.» (Анкәбут 69)

«Аллаһ өзіне қауышуды қалаған адамдарға қауыштыратын жолды көрсетеді.» (Шура 13)

Дұрыс жолды іздемей нәпістеріне еріп иман келтірмейтіндерді, азғындап жұртты қинайтындарды тозақта мәңгі жағатынын хабар беруде. Ислам дінін естімеген көп адамдар бар, ақылдары толық болғандықтан бұзылған, ойдан шығарылған діндердің адамдарына алданбаған, астрономияда, жаратылыстану ғылымдарында, әсіресе медицинада көрген тәртіпті құбылыстардың бір-бірімен байланысын ойлап, жаратылыстың сырларын, осы тәртіптің ақиқатын түсінгісі келген. Француз Капитан Кусто осындай адамдардың бірі.

Аллаһу та'аланың Анкәбут сүресінде уәде еткеніндей, оларды иман келтіруге себеп болатын жол сілтеушілерге, кітаптарға қауыштыратыны Рухул-баян тәфсирінде жазылған. Осындай бақытты адамның түсінетіні: барлық нәрсені жаратқан бір Аллаһ бар. Ол бәрін көреді, біледі, естиді. Барлық нәрсеге күші жетеді. Күші, құдіреті шексіз. Әр нәрсені уақыты келгенде жоқ қылуда. Адамдарды қайтадан тірілтетінін, есепке тартатынын, иман келтіргендерге жәннатта мәңгі ниғметтер беретінін, ал имансыздарды, кәпірлерді тозақта мәңгі жағатынын білдірген. Оның әмірлеріне бағынудан басқа құтылу жолы жоқ.

 

3) Біреудің дұғасына қауышу арқылы:

Біреудің дұғасымен мұсылман болған көптеген адамдар бар. Хазреті Омар осылардың бірі. Хазреті Хамза иманға келгенде мұсылмандар едәуір күшейді. Бұл кәпірлерге ауыр келді. Әбу Жәһл «Оны өлтіруден басқа шара жоқ» деді. Осыны іске асыратын адамға көп мөлшерде түйе мен алтын беретінін хабарлады. Омар орнынан атып тұрды. «Мұны менен басқа ешкім істемейді» деді. Бәрі Омарды қошеметтеді. Омар қылышын алып, алдымен қарындасының үйіне барды. Қарындасы Фатима мен күйеуі Саид жаңадан келген Таха сүресін оқып отырған еді. Омар ішке кіріп бұл жағдайды көргенде екеуін сабай бастады. Фатима «Йа, Омар, басымызды кесіп тастасаң да қайтпаймыз» деді. Омар олардың қолындағы қағазды алып, Таха сүресін оқи бастады. Құран кәрімнің фәсахаты, бәлағаты (көркем жазылуы) және мағыналары оның жүрегін жұмсартты. «Шынымен де, қандай дұрыс сөздер» деді. Мұны естіген Хаббаб тығылып отырған жерінен шығып, «Сүйінші, ей, Омар, Расулуллаһ "Йа Раббым, бұл дінді Әбу Жәһлмен немесе Омармен қуаттандыр" деп дұға еткен еді. Бұл бақыт саған нәсіп болды» деді. Хазреті Омар дереу барып бірден мұсылман болды. (Тирмизи)