7 - Рабиул-ахир, 1446 жыл.
     10 - Қазан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Міндетті ықыласпен толық орындау

Міндетті ықыласпен толық орындау

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Қоғамда әркім өз мойнындағы міндетін орындаса, жүйе дұрыс жұмыс істейді. Дененің сау болуы мүшелердің дұрыс жұмыс істеуіне байланысты. Хадис шәрифте «Хабештік (Эфиопиялық) қара нәсілді құл болса да, әмірлеріңе (басшыларыңа) бағыныңдар!» делінген. Бас бөлек, дене бөлек болса, екеуі де ештеңеге жарамайды. Сағаттың дөңгелекшелерінің бірі ақауланса, сағат жұмыс істемейді, уақытты дұрыс көрсете алмайды. Сағатқа қараған кезде сағаттық және минуттық сағат тілдері көрінеді. Оның ішінде кіншкентай дөңгелекшелер де бар. Бір дөңгелекше екіншісін, ал ол басқасын айналдырады. Осылайша сағаттық және минуттық тілдер уақытты дұрыс көрсетіп тұрады. Дөңгелекшелердің бірі сынса, тіпті таттанса (тот басып қалса), сағат уақытты қате көрсетеді. Міне, дәл осылай дінімізге қызметте біреу міндетін дұрыс атқармаса, ол басқа біреуге кері әсерін тигізеді, ол басқасына кері әсер етеді. Нәтижеде қызметтердің тежелуіне, тоқтауына себеп болады. Сондықтан әркім өз жұмысына толықтай беріліп, өз міндетін мінсіз орындауы керек.

Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) баласы Ибраһим 17 айлық кезінде қайтыс болғанда сахабалардан екі кісі қабірге түсіп жерледі. Қабірдегі лаһт ауызына кесек қалады. Кесектердің бір-екеуі біраз қисық қойылған еді. Олар шыққаннан кейін пайғамбарымыз қабірге өзі түсті. Кесектерді түзетіп, былай деді:

«Барлық жұмыстарыңды толық орындауларыңа түрткі болсын деп кесектерді түзеттім. Әйтпесе бұл екі кесектің қисық тұруы өліге де, тіріге де зиянын тигізбейді, бірақ көңілім тыншымады. Егер бір іс толық орындалмаса немесе жасалған іске көңіл тоқ болмаса, бұл іске қынжылатындар болуы мүмкін.»

Бір шәкірт түсінде ұстазының оны арқалап көтергенін көріп, қатты ұялады. Түсін айтып бергенде ұстазы «Уәкілімнің жүгін алған адамды біз арқамызда көтереміз» деді. «Ғалымдардың жүгі қалай алынады?» деп сұрағандарға: «Әркім өзіне берген міндетті ықыласпен, бар ынтасымен, ең жақсы түрде және уақытылы орындаса, ғалымдардың жүгін алған болады» деп жауап берді.

Ықыласпен қызмет етудің маңызы өте үлкен. Қызметке қатысқандардың сауаптардағы үлесі бір қап бидайдағы дәндердің санындай емес, дәндердің түйірлеріндей көп, бірақ сауаптарға осылай ортақ болу әркімнің өз жұмысын ықыласпен жасауы арқылы, басқалардың тірлігіне араласпауы арқылы мүмкін болады. Біреудің жұмысына араласу мазасыздықтарға, келіспеушіліктерге және ауыртпашылықтарға себеп болады.