12 - Рабиул-ахир, 1446 жыл.
     15 - Қазан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сауда-саттық / Қарызды мойындамау

Қарызды мойындамау

Сұрақ: Бір дүкенге қарызым бар еді. Толықтай өтедім. Дүкенші біраз уақыттан кейін қарызды қайтаруымды талап етті. «Егер сен өтеген болсаң, мен өшіріп тастайтын едім ғой» деді. Мен төледім деп ант іштім, ол да төлемедің деп ант ішті. Қайбіріміздің сөзі дұрыс?

Жауап: Сіз қарызыңызды екі куәгердің қасында өтеуіңіз керек еді. Немесе, бар болса, чекті алуыңыз керек еді. Яки қарызыңызды көзіңізше өшірткізуіңіз керек еді. Бұлардың ешбірін жасамағаныңыз үшін қарызыңызды қайтадан төлеуіңіз керек. Сатушының анты негізге алынады. (Хидая)

Хадис шәрифте былай делінеді:

«Алушы мен сатушы келіспей қалса, куәгер жоқ болған жағдайда, сатушының сөзі негізге алынады.» (Әбу Дауд)

«Куәгер табу даугердің, ант ету жоқтаушының міндеті.» (Дара Қутни)