8 - Рабиул-ахир, 1446 жыл.
     11 - Қазан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Мұсылманның дидарында шипа бар

Мұсылманның дидарында шипа бар

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Мүминнің жүзі, сөзі, берген тамағы, сый-сияпаты шипа. Бір күні марқұм Хусейн бин Саид хазреттері шәкірттерімен сұхбаттасып отырғанда «Осында келгенге дейін басым қатты ауырып жатқан еді, мазам жоқ еді. Бірақ осында келіп достарды көрдім, машаллаһ, бәрі нұр! Достардың назарлары, жүздері көңілімді рахатқа бөледі, жақсы болып қалдым, жазылдым. Мүминнің шипа екендігі тәжірибемен де дәлелденген болды» деген еді. Сондықтан ауырып қалған кезімізде дереу дін бауырымыздың үйіне баруымыз керек. Оның сый-сияпаты бізге шипа болады. Онымен біраз сұхбаттасып, біраз діни кітап оқу керек, осылайша шипаға қауышамыз.

Бір кісі ауырып қалған кезінде достарына барады екен, ауруы көпке созылмай, дереу жазылып кетеді екен. Ең соңында одан «Сен ауырып қалғаныңда ауруханаға емес, көршіңнің үйіне барып аурудан жазылады екенсің. Мұның хикметі не?» деп сұрағандарға былай жауап берген:

«"Жомарттың асы шипа, сараңның асы дерт, ауру" хадис шәрифін ұстанамын. Жомарт болған көршіме барамын, біраз тамақ жеп шипа табамын. Мен бұны хадис шәрифке сеніп істеймін және пайдасын көремін.»

Мүминнен артылған ас әрі денеге, әрі жүрекке (көңілге) шипа. Бір күні бір медресеге сыйлық ретінде көп тамақ, сусын келеді. Медреседегі осындай жұмыстарға жауапты шәкірт ұстазына барып: «Ұстазым, бұларды не істейін?» деп сұрайды. Ұстазы шәкірттерге таратуын айтады. Бәріне таратады, бірақ бітпейді, артылып қалады. Ұстазы: «Артылғандарды басқа кедейлерге алып барып тарат!» дейді. Шәкірт қанша іздесе де кедей таба алмайды. Ақыр соңында бір шіркеуде кедей адамдарды көріп, соларға таратып, кері қайтады. Ұстазына жағдайды айтып береді. Ұстазы «Дұрыс істедің» дейді. Бір сағаттан кейін шіркеудегі кедейлердің бәрі медресеге келіп «Шәйхті көргіміз келді» дейді. Ұстазды көргеннен кейін «Бізге Ислам дінін үйретіңіз, бәріміз мұсылман боламыз» дейді. Калима-и шаһадат айтып, мұсылман болады. Шәкірт мұның хикметін сұрағанда ұстазы «Мүминнен артылған тамақта көңілге шипа бар. Сен сол тамақты оларға бердің. Аллаһу та'ала олардың көңілдеріне нұр беріп, сол нұрдың арқасында оларға Исламды нәсіп етті» дейді.